Билет. Психиатрияның мазмұны, оның пәні мен себебі Жаңа этаптағы психиологиялық потологияның ерекшеліктері



бет97/151
Дата08.02.2022
өлшемі350,35 Kb.
#131058
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   151
Байланысты:
Экзамен 2013

Үш ағым ерекшелігімен көрінеді,
Үзіліссіз ағымға қатерлі шизофрения. Бұл жеткіншек жаста пайда болады, негативті бұз пайда болады, энергетикалық потенционалдың төмендеуі, эмоциональды дефицит п.б. Онда ең алдымен ата анасына деген қатынастың бұзылуымен көрінеді,
Кезеңдік шизофрения. Мұнда әр түрлі ұзақтықтағы ұстамалар түрінде көрінеді, бұған Онейроидты-катотониялық, депрессивті паронойдты, аффективті ұстамалар тән.
Ұстама тәрізді шизофрения. Бұл продуктивті и үдемелі негативті симптоматикамен көрінеді, бұл түрінде ұстамалар әр түрлі, олар аса полиморфизмімен и бір келкі емес ұзақтықпен ерекшеленеді.
Баяу ағымды шизофрения. Мұнда тұлғаның типтік өзгерістері баяу дамиды. Онша айқын емес продуктивті психопатологиялық симптоматика редукцияланғын түрде көрінеді. Т ән бұзылыстар шеңберіне жабысқақтар, истериялық, астениялық, астеносенсопатиялық бұзылыстар, кейде паранойяльды бұзылыстар жатады.


3 Алкогольді мастану түрлері.
Қарапайым алкогольді мастану әртүрлі көрінісінің кең диапазоны көптеген себептерге байланысты. Олардың ең негізгісі- тұлға ерекшелігі. Сондай-ақ басынан өткерген әртүрлі органикалық аурулары да маңызды болып табылады. Олар мастануды тезірк шақырып, оның атипиялық ағымына әкеледі. Алкогольді қандай көңіл- күймен қабылдағаны маңызды болып табылады. Егер сөз мерекелік шара жайлы кетіп жатса онда, мас болу да тез болады. Егер адам өзінің ұзақ уақыт мас болмауын бақылайтын болса, онда біраз уақыт мастану уақытын созуға болады.
Мастанудың терең және тез болуы алкогольді ішімдіктің түріне, оның құрамындағы этил спиртінің деңгейіне байланысты екені жалпыға аян. Сондай- ақ алкогольді мастануда спиртті қабылдаған кездегі адамның физикалық және психикалық жағдайы маңызды рөл ойнайды. Созылмалы алкоголизм кезінде мас болудың аралас және дисфориялық варианттары жиі кездеседі.
Мастанудың келесі деңгейлері бар: І- мастанудың жеңіл деңгейі; ІІ- орташа, немесе жүйке жүйесінің жоғары бөлімдерінің тежелу деңгейі; ІІІ- ауыр, немесе бұл кезде орталық вегетативті центрдің салдануы болуы мүмкін.; мастанудың ІІІ- деңгейі комаға да алып келуі мүмкін.
Мастану деңгейін (тереңдігін) кейбір негізгі белгілерге қарап бағалауға болады. Мастанудың І, жеңіл деңгейі келесідей болады: ауыздан шығатын алкогольдің исі қатты емес, жиі қысқа уақытты, жүрісі түзу, кейде шалынулар болуы мүмкін, есі анық. Мас болған адам ойлай алады, жақы сөйлеседі, кейде ғана сөзді бөле береді, ойлауы жылдамдаған, іс- әрекетінде жеңіл қозу сезіледі. Бұлшықет тонусы шамалы жоғарылаған, ауырсыну тітіркендіргіштеріне реакциясы айқын, сіңірлік рефлекстер әдеттегідей, Ромберг позасында шамалы шайқатылу бар, көзін жұмып отырып тұру сынамасында шамалы шайқатылады, жауы кішкене өзгерген( әртүрлі калибрлі әріптер, қисық жазу). Мүсәтір спиртінің иіне реакциясы қалыпты. Қарашықтар қалыпты немесе шамалы кеңейген, нистагм жоқ.
Бұл сатыда ішкі сараланған тежелудің әлсіреуі болады, соның нәтижесінде витальді сезімдер тежеледі( адамның өмір сүруіне қажетті процесстер)- тәбет , либидо, примитивті эмоционалдылық жоғарылайды. Осы бүкіл көріністерді мастанудың эйфориялық формасы деп атауға болады. Сондай- ақ мастанудың формасы да бар, бұл кезде адам нашар көңіл- күйде , шиеленістерге бейім, агрессивті, суицидальды ойлар мен әрекеттерге ие болады.
Алкогольді мастанудың орташа формасы ең алдымен ОЖЖ- нің жоғары бөлімдерінің тежелуімен сипатталады. Бұл кезде жалпы босаңдық, ойлау қарқынының төмендеуі білінеді. Сөйлеуі дизартриялық болып, онда көптеген қайталаулар кездеседі.
Мастанудың орташа деңгейінің негізгі белгілері: ауыздан алкогольдің исі қатты шығады, жүрісі шатысқан, құлап қалардай тұрақсыз тұрады, назарын аудару қиын, есі анық немесе есеңгіреудің алғашқы белгілері( обнубиляция, сирек гиперсомния). Өз іс- әрекеттеріне жауап берудің жоғалуымен жүретін қоршаған ортаға дезориентировка пайда болуы мүмкін. Осыдан бос сөйлеу, ашық сексуальдылық, ұялудың болмауы, физиологиялық қажеттіліктерді ашық жіберуі пайда болады. Сөзі мағынасыз, бір сөзді, үзінділерді немесе қимылды,ойды қайталай береді; ойлау қарқыны төмендеген. Бұлшықет тонусы жоғары болуы мүмкін, бірақ әдетте ол төмендеген, адам босаң, ауырсыну реакциялары әлсіреген, Ромберг позасында айқын шайқатылу, көзді жұмып отрып тұру сынамасында- дереу шайқатылу.Жазуы өзгерген, оларда қолдардың дірілдегені байқалады, қатарлар қисық. Мүсәтір спиртіне реакциясы төмендеген. Сіңірлік рефлекстер шамалы әлсіреген, қарашықтар ереже бойынша кеңейген және жарыққа реакциясы әлсіз, аккомодация мен конвергенция өзгермеген, жеңіл нистагм болуы мүмкін.
Мастанудың ІІІ, терең деңгейі- ес бұзылуының әртүрлі, бірақ терең формаларымен байқалатын жағдай. Адам өз еркімен аяғында тұра алмайды. Назарын аудару өте қиын. Сөзі түсініксіз, басқа адаммен қатынасы мүмкін емес, ол түсініксіз нәрселерді айта береді, бөлек сөздерді қайталайды, ойлау жағдайын анықтау әсте мүмкін емес. Әлсіздік, айқын тежелу болуы мүмкін немесе мотивирленбеген қозу болуы мүмкін, эмоционалды сферасы тұйықталған. Ауырсыну тітіркендіргіштеріне реакциясы айқын төмендеген, мүлдем жаза алмайды. Мүсәтір спиртінің исіне реакциясы қысқа уақытты, ал жиі ол болмайды.
Мастанудың терең теңгейі ауыр интоксикациямен байланысты коматозды жағдайға өтіп кетуі мүмкін, яғни бұл кезде науқастың назарын аудару мүмкін болмайды. Бұлшықет гипотониясы пайда болады, дене температурасы төмендейді, рефлекторлы реакциялар өшеді; мидриаз және нистагм байқалады; гипостезия ауырсыну сезімінің толық жоғалуына денйін болуы мүмкін. Терісі бозғылт және суық болады. Оральды автоматизм көріністкрі байда болуы мүмкін. Бұл алкогольды комаға тән. Тыныс алу орталығының салдануына байланысты науқас өліп кетуі де мүмкін.
Алкогольді мастанудың қарапайым кезеңі алкогольді көп мөлшерде қабылдағаннан кейін 6-7 ден 12 сағаттқа созылуы мүмкін. Мастанудың деңгейіне байланысты алькогольді палимпсест(«лосгутті ес»), амнезия, сондай- ақ астения,бас ауыруы, субдепрессивті жағдай, вегетативті бұзылыстар және т.с.с байқалады. Мастанудың деңгейі адамның физикалық және психикалық статусымен, темпераментімен анықталады.
Созылмалы мастану кезінде мастану жағдайы қарапайым мастануға қарағанда ауыр өтеді, бұл кезде соматоневрологиялық бұзылыстар қатары байқалады. Олардан ең негізгісі- координациялық акттердің бұзылысы, ал мастанудың тереңдеуі кезінде оған қоса автоматизирленген әрекеттердің де бұзылысы болады. Жазуы өзгереді, сөзі түсініксіз, сөздерде соңғы әріптің түсіп қалуымен дизартрия болады. Жүрісі өзгереді, бас айналу пайда болады, ол әсіресе жатқан қалыпта болады, нистагм да мастанудың ең негізгі белгісі болып табылады. Қарашықтың жарыққа және қасаң қабықтың сезімталдығы төмендейді. Гипостезиялар мен анестезиялар болуы мүмкін. Мастанудың жағдайына байланысты тітіркендіргіштердің табалдырығы айқын өзгереді, иіс сезу, дәм сезу, суық және жылу сезу, сондай- ақ көру және есту тітіркендіргіштерін қабылдау да тұйықталады. Адаптация кезеңі баяулайды, түсті ажырату бұзылады, көру қабылдағыштарының нашарлауына байланысты автотранспорт жүргізушілерінде жол көлік апаттары орын алуы мүмкін.
Қантамырлық- вегетативті бұзылыстар адам конституциясына байланысты болады: беттің гиперемиясы, жылулықты сезіну, перифериялық тамырларджың кеңеюі, АҚҚ көтерілуі, тахикардия, тыныс алудың жиілеуі, ал соңынан- сиреуі. Сілекей және асқорыту бездерінің секрециясы жылдамдайды, диурез, ішектердің перистальтикасы күшейеді.
Мастанудың атипиялық варианттары немесе мастанудың асқынуы психопатиялық тұлғаларда, ОЖЖ- нің органикалық жетіспеушілігі бар адамдарда, сондай- ақ созылмалы алкоголизмнің айқын сатысының қалыптасуында пайда болады. Мастанудың асқынуы кезінде қозу жоғары деңгейге жетіп естің өзгеруімен( есеңгіреу) қосарланады. Негізгі аффективті фон- бұл созылмалы тітіркену мен ашулану, агрессия мен өзіне зардап тигізуге бейімділік. Функциональды тырысулық ұстамалармен бірге жүретін истериялық әрекеттер болуы мүмкін. Кейде үзінді тәрізді сандырақ ойлар мен галлюцинациялар байқалады. Сондай- ақ мастанудың атипиялық вариантына патологиялық мастану да жатады.

27 билет.


1 Жүйке - бұлшық ет аурулары. Спинальды амиотрофия. Жіктелуі, эпидемиологиясы, клиникасы, диогностикасы, емі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   151




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет