Организация амбулаторно-поликлинической службы. Роль здорового образа жизни в практике семейного врача
бет 1/7 Дата 26.01.2023 өлшемі 425,5 Kb. #166548
Байланысты:
153701 (2) Скрининг дегеніміз не? Скрининг (ағыл. screening — «жинақтау, іріктеу») — клиникалық белгілерсіз ауруларды жеке тұлғаларда анықтауға бағытталған денсаулық сақтау ұйымының стратегиясы. Скрининг (Screening) сөзі «іріктеу, таңдау, анықтау» деген мағынаны білдіретін пікір кең тараған.. Мамандық және ғылыми менеджментте , мүмкін, солай да шығар. Бірақ бұл сөздің басқа да аудармалары бар, яғни: «қорғаныс», «қандайда бір қолайсыз жағдайдан шектеу». «Скринингтік зерттеу » ұғымының түпнегізінде осы түсінік жатыр. Скрининг принциптері - негізгі қағидалар (БДҰ): Ауру маңызды медициналық мәселе ретінде танылуы керек ; Аурудың емі болуы тиіс; Ауруды емдеу және диагностикалау мүмкіндігі қол жетімді болуы тиіс ; Аурудың жасырын кезеңі болуы керек. Ауруды зерттеу әдістері болуы керек. Зерттеу әдістері халық арасында қолдануға жарамды болуы қажет; Аурудың шынайы ағымын адекватты түсіну қажет; Емдеу қажеттілігі кезінде келісілген саясат болуы керек ; Ауруды анықтау барысында жұмсалған шығындар жалпы шығынмен теңдестірілген болуы керек; Скрининг« бір-ақ рет» емес, үздіксіз жүргізілуі қажет. Қант диабеті және ЖҚА ауруларын анықтау үшін қандағы глюкоза мен жалпы холестеринді анықтау мақсатында экспресс-диагностика өткізу. Туберкулез ауруын анықтауда терілік туберкулинді сынама кең таралған (Манту реакциясы ). Депрессияны диагностикалау үшін Бека депрессиялық шкаласы скринигтік тест ретінде қолданылады. Папаниколау тесті — жатыр мойны қатерлі ісігінің алдын -алу және ісік алды жағдайларды анықтауда қолданылады. Маммография — сүт безі қатерлі ісігін анықтауда қолданылады. Колоноскопия — колоректальды қатерлі ісікті терістеу үшін қолданылады Дерматологиялық қарау меланоманы терістеу үшін қолданылады. Қолданылатын әдістер қарапайым , сенімді және қайталап қолдана алатындай болуы тиіс! Достарыңызбен бөлісу: