Мемлекеттік бағдарлама шеңберінде жоспарланғандар: - 1. Қан айналым жүйесі ауруларын ерте анықтау скринингі (артериальды гипертония, жүректің ишемиялық ауруы ) - 18, 25, 30, 35, 40, 45, 50, 55, 60, 65 жастағы тұлғалар;
- 2. Қант диабетін ерте анықтау скринингі ( 35, 40, 45, 50, 55, 60, 65 жастағы тұлғалар; )
- 3. Жатыр мойны ауруын ерте анықтаудағы скрининг (35, 40, 45, 50, 55, 60 жастағы әйелдер );
- 4. Сүт бездері ауруларын ерте анықтаудағы скрининг (50, 52, 54, 56, 58, 60 жастағы әйелдер );
- 5. Аталық безінің қатерлі ісігін анықтаудағы скрининг (40 жастан жоғары еркектер);
- 6. В және С вирусты гепатиттерін анықтаудағы скрининг ( балалар және ересек тұрғындар арасындағы мақсатты топтар).
Мемлекеттік бағдарлама шеңберінде жоспарланғандар: - 7. Туберкулез скринингі – халықтың декретивті топтары ( студенттер, әскери қызметкер, босанған әйелдер, қатынастағылар, істі болғандар және сотталғандар) ;
- 8. АИТ -инфекциясын анықтау (халықтың декретивті топтары) ;
- 9. Генетикалық аурулар және ұрық дамуындағы туа біткен ақауларды анықтаудағы перинатальды скрининг ( жүктіліктің 10-аптасынан бастап барлық жүкті әйелдер) ;
- 10. Неонатальды скрининг фенилкетонурия, туа біткен гипотиреоз және кереңдікті анықтауда қолданылады (жаңа туған нәрестелер);
- 11. Балаларды профилактикалық қарау ( 1 жасқа дейін, 1-14 жасқа дейін, 15-18 жас аралығында);
- 12. Глаукоманы алдын-ала анықтау (40жастан асқандар ).
Мақсатты топтар арасында профилактикалық медициналық қарауды өткізу ережелері (скринингтік қарау): - 1. Скринингтік қарау денсаулық сақтау саласында лицензиясы бар ұйыммен тегін кепілденген медициналық көмек шеңберінде жүргізіледі.
- 2. Денсаулық сақтаудың мемлекеттік басқаруының жергілікті органдары, яғни облыстар, мемлекеттік маңызы бар қалалар, мемлекет астанасы (ары қарай – Басқару жүйесі):
- а) мақсатты топтағы халық арасында жыл сайын скринингтік қарауды ҚР ДСМ 16.03.11ж №145 бабына сәйкес өткізеді;
- б) Скринингтік қараудың электрондық мәліметтер базасын қалыптастыруды жүзеге асырады;
- в) Скринингтік қараудың координациясын, анализін және мониторингін жасайтын жұмысшы топты ұйымдастырады.
Достарыңызбен бөлісу: |