Нәжісті жасырын қанға зерттеу (гемокульт-тест), көрсеткіш бойынша – ректороманоскопия;
Маммография*.
Балалар арасындағы мақсатты топтарға скринингтік қарау орта буындағы медициналық қызметкермен: мектепке дейінгі мекемелерде,білім беру мекемелерінде және дәрігер-педиатрмен,жасөспірім дәрігерімен, жанұялық дәрігермен, ЖТД-мен БМСК меекмесінде; арнайы маман дәрігерлерімен, педагог-психологпен жүгізіледі.
Ересек адамдар арасындағы мақсатты тобында келесі мамандар бойынша скринингтік қарау жүргізіледі: аймақтық дәрігер/ЖТД (ары қарай – БМСК дәрігер), дәрігерге дейінгі профилактикалық және әлеуметтік-психологиялық көмек көрсететін БМСК бөлімшесінде, орта буынды немесе дәрігермен, БМСК бойынша мамандандырылған дәрігермен.
2)Скрининг өткізіліуі - профилактикалық медициналық қарауды статистикалық картаға толтыру, баланың ( форма 025-07/е) , емханалық науқастың ( форма 025-08/е), скрининг-тест, лабораторлық және аспаптық зерттеу, мамандар кеңесін жазу.
3) қорытынды – патологиясы анықталған науқастарды қосымша зерттеу, диспансерлік есепке алу және есептік-статистикалық құжаттарды рәсімдеуді аяқтау.
Бұл сатыда БМСК-ның профилактикалық және әлеуметтік-психологиялық бөлімінің дәрігері профилактикалық қараудың статистикалық формасына тұрғындар арасындағы мақсатты топтарда анықталған қорытындыларды қауіп факторын негіздей отырып қорытынды диагнозды енгізеді, қосымша зерттеулер жүргізу бойынша нұсқаулар береді. Бұл форма қорытынды диагноз жазылғаннан кейін ғана аяқталды деп есептеліп, скринингтік қараудың электронды базасына енгізілуі үшін медициналық статистика бөлімшесіне жіберіледі.