Скринингтік қарау қорытындылары амбулаторлық науқастың медициналық картасына немесе баланың даму тарихына жазылады. Балаға өткізілген скринингтік қарау қосымша денсаулық құжатына енгізіледі.
Скрининг қорытындыларымен фамилия бойынша тізім жіберіледі:
2) СӨС бөлімшесіне,бейінді мектептерге, яғни осы бойынша ақпараттық-ағарту жұмыстарын жүргізу мақсатымен және қауіп-қатер факторы тобындағы адамдарды ауруының алдын-алуға, СӨС қалыптастыру жайлы білімге үйрету үшін;
БМСК мекемесінің/алдын-алу шараларын және әлеуметтік-психологиялық БМСК бөлімшесінің орта буынды медициналық персоналы өткізілген скринингтік қарау бойынша:
Скринингтік қарауға шақырылған мақсатты топтың тізімін,, скрининг өткендер және қосымша зерттеуге жіберілгендердің тізімін салыстырады;;
Скринингтік қарау өткізуге тартылған, қызығушылығы бар денсаулық сақтау мекемелерімен байланысын және сабақтастығын жүзеге асыру;
Дәрігердің нұсқамалары бойынша науқастарды қосымша зерттеу өтуге шақырады.
Скринингтік қарау барысында диагнозы бірінші рет анықталған науқастардың барлығы БМСК дәрігеріне диспансеризация және динамикалық бақылану үшін жолданады.
Сүт безі ісігі және ісік алды ауруларды ерте анықтау скринингін өткізу алгоритмі:
1) Мақсатты топқа: 50, 52, 54, 56, 58, 60 жастағы сүт безі қатерлі ісігімен есепте тұрмайтын әйелдер жатады;
5)Қалалық, аудандық емханалардың маммографиялық бөлімшесінің рентгенолог дәрігері BI-RADS жіктемесі бойынша маммограммаларды интерпретациялай отырып, “біріншілік оқу” жасайды, одан кейін қосымшаның негізгі алгоритміне сай “екіншілік оқуға” жолдама толтырады. Көрсетілген бағыт бойынша маммограммалардың “біріншілік оқуын” жүргізген дәрігер – рентгенологтың қорытындысы жазылған талон (20 пункт), амбулаторлық науқастың медициналық картасына жапсырылады.
6) Маммограммалардың барлығы нәтижеге байланыссыз “екіншілік оқылу” үшін онкологиялық диспансерге, сонымен қатар телемедициналық байланыс арқылы да жіберіледі. Емханадан онкологиялық диспансерге маммограмманы жіберу медициналық тіркеуші қол қоюы арқылы жүзеге асырылады. Барлық маммограммалар қорытындысы қалалық, аудандық, онкологиялық диспансердің мұрағатында сақталады.
Скрининг шеңберінде жасалған маммограмма науқасқа берілмейді.
7) БМСКК ұйымдары, дәрігерге дейінгі кабинетте, әлеуметтік-психологиялық көмек және профилактикалық көмек кабинеттеріндегі дәрігер :
М1 ( патологиясыз) –науқасқа келесі маммографияны 2 жылдан соң өту керектігін нұсқайды;
М2, М3 (сүт безінің қатерсіз ісігі болса ) –науқасты ары қарай динамикалық бақылау үшін ауылдық,аудандық,қалалық кеңестік-диагностикалық емхананың немесе кеңестік-диагностикалық орталықтың маммолог, онколог кеңесіне жолдайды;
М6 (верифицирленген патоморфологиялық сүт безі қатерлі ісігінде) –емделу және диспансерлік есепте тұру үшін науқасты онкологиялық диспансерге онколог,маммологқа жолдайды;
8) Зерттеу нәтижесі мен науқасқа берілген нұсқамалар ары қарай ЖТД/учаскелік дәрігерге бақылау үшін жібереді.
Тоқ және тік ішек ісігі және ісік алды ауруларды ерте анықтау скринингін өткізу алгоритмі :
Мақсатты топтағы әйелдер мен ерлер: 50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64, 66, 68, 70 жастағы полипоз тоқ және тік ішек қатерлі ісігі бойынша есепке тұрмайтындар
2) орта медициналық қызметкермен БМСКК дәрігерге дейінгі кабинет және БМСКК ұйымының әлеуметтік - психолгиялық көмегі бөлімшесінде жүргізіледі:
Скринигті қарауға дайындық сатысында мақсатты топтағы науқастарға скрининг өту кезінде, менструация кезеңінде, қан ағыштық геморройда, зәрде қан болғанда скринингті жүргізуге болмайтынын ескертіледі.
025-08/е формасы толтырылады:
Скрининг тест сауалнамасы жүргізіледі (27, 28 пункті 025-08/у формасы )
Гемокульт-тест нәтижесі жүргізіледі және бағаланады (оң, теріс);
3) БМСКК бөлімшесі/ БМСКК ұйымының әлеуметтік-психологиялық және профилактикалық көмек кабинетінің дәрігері :
Нәжістегі жасырын қанға тексеру тесті нәтижесі теріс болған жағдайда науқасқа гемокульт-тестті 2 жылдан кейін өтуге кеңес береді;
Нәжісті жасырын қанға тексеру тесті оң болған жағдайда науқасты аудандық, қалалық емхананың хирург-проктологына екінші кезеңмен ары қарай тексерілуге жолдайды ;
Науқасқа зерттеу алдында міндетті түрде тазалау клизмасын жасау нұсқалады.
4) Аудандық және қалалық емхананың хирург/проктологы:
зерттеу нәтижесі бойынша егер көрсеткіштер (ісікке күдік немесе ісік анықталса) болса, фиборколоноскопияға ісіктің орналасуын анықтау және гистологиялық верификацияны анықтау үшін жолдайды;
Колоректальды қатерлі ісік анықталған адамдарды емдеу мен диспансерлік есеп үшін онкологиялық диспансерге жібереді ;
Облигатты және факультативті тоқ, тік ішек қатерлі ісік алды ауруды анықтағанда науқасты емдеу және бақылау үшін колопроктолог пен гастроэнтерологқа жібереді;
Гемокульт -тест оң болған жағдайда себебін анықтау үшін ары қарай тексеруге жіберіледі;
Соңғы нәтижені БМСКК /профилактикалық және әлеуметтік-психологиялық бөлімше дәрігеріне жолдайды.
1. ҚР « Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексі қай жылы бекітілді А. 2007 жылы Б. 2008 жылы В. 2009жылы Г. 2010 жылы Д. 2011 жылы
2. ҚР Президенті нұсқауымен денсаулық сақтауды дамыту туралы "Саламатты Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасы қай жылы қабылданды?
А. 2007 жылы Б. 2008 жылы В. 2009жылы Г. 2010 жылы Д. 2011 жылы
3. «Скринингті зерттеу» терминінің негізінде не жатыр?