Неврастениялы науқастар шаршағыш, тітіркенгіш, жылауық, жоғары сезгіш.
Истериялы(долылық) – қиын, көпбейнелі, әртүрлі рекциялардан тұрады. «Өтірік өлім» реакциясында шұғыл түрде аяқ-қол параличі, астазия-абазия түрінде кездеседі. Науқас отыра алмайды, тұра алмайды, бірақ төсекте жатып аяқтары еркін қимылдайтын, қолдары монопараличты, керең, соқыр, даусы жоқ, көзі көрмейтін, денесінің жартысында сезгіштік жоқ, көбінесе летаргиялық ұйқыдағы науқастар. «Қозғалғыш бұрғы» реакциясында гиперкинез, мойнымен қалтырау, блефароспазм байқалады. «Қорғалғыш бұрғы» реакциясының ең жарқын көрсеткіші – ол ұстамасы, яғни науқастар жерге құлап, домалап, еденде сырғанайды, кейде сексуалды қалыпта тұрады және мұның барлығы айқаймен, жылаумен қоса жүреді. Долылық ұстаманың эпилептикалық қстамадан айырмашылығы: науқастар есінен танбайды, көз реакциясы жарыққа сақталады, ауырсыну сезілуі бұзылмайды, долылық ұстаманы тоқтатуға суық суды себу немесе сөзбен сендіру жетеді немесе науқасты жалғыз қалдыру керек, сонда ұстама тез тарқайды.
Достарыңызбен бөлісу: |