Билет тыныс алу жүйесіне әсер ететін препараттар


Рецепттерді дайындаудың жалпы ережелері



бет21/35
Дата25.01.2022
өлшемі2,54 Mb.
#129786
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   35
Байланысты:
ФАРМ ПОЛНЫЙ (копия)

Рецепттерді дайындаудың жалпы ережелері.

Жауабы: Рецепт – дәрігердің фармацевтен дәрілік затты науқасқа дәріханадан белгілі бір дәрілік калыпта, дозада, қолдану әдістерін көрсетіп, дайындауды және босатуды сұраған жазбаша өтініші. Амбулаторлық науқастарға рецепт жазу және жазылған рецепт бойынша дәрілік затты босату ережесі денсаулық сақтау Министрлігінің сәйкес бұйрығы бойынша белгiленедi. Рецепт арнайы рецептуралық бланктерде латын тілінде, науқасқа немесе медицина қызметкерiне үшін ұйғарым қазақша немесе басқа ұлттық тілде жазылады. Рецепт түсінікті, анық жазбамен, формалық бланкте жазылады. Рецепт ешкандай түзетусіз жазылуы тиіс.

Рецептте жазылған күні (күні, айы, жылы), науқастың аты-жөні, фамилиясы, жасы, дәрігердің аты-жөні, фамилиясы жазылады. Рецепт термині латын тіліндегі recipere (алу) сөзінен шыққан, себебі, фармацевтке өтiнiш recipe (қысқаша Rp.) сөзінен басталады. Рецептің құрамына кіретін дәрілік затардың аттары ілік септігінде, олардың дозасы көрсетіліп жазылады. Рецепт қысқартылған және толық түрде жазылады. Дәрілік заттарды қысқартылған түрде жазғанда алдымен дәрiлiк қалпы (Solutionis ... Ерітіндісі ...; Suspensionis ... Суспензиясы ... ; Unguent ... Жағылмасы ... және т.б.), содан кейін дәрілік заттың аты, концентрациясы (қажет болса) және жалпы саны көрсетіледі. Толық түрде жазылғанда құрамына кіретін барлық заттары, олардың дозасы немесе саны, содан кейін фармацевтке кандай дәрілік қалыпты дайындау жөнінде нұсқау көрсетіледі. Рецепттiн құрамына бірнеше заттар кiретiн болса әсер көрсететiн негiзгi зат - Basis əрқашанда бiрiншi жазылады, содан кейiн қосалқы немесе қосымша заттар – Adjuvans жазылады. Кейде рецептте негізгі заттың – жағымсыз иiсiн, дәмiн жоятын тузетушi зат – Corrigens жазылады. Бiрқатар жағдайда дәрілік қалыпы дәрілік зат болып табылады. Дегенмен кейде калып беретін заттар – Constituens қажет болуы мүмкін. Дәрілік қалып беретін зат рецептте негізгі және қосымша заттардан кейін жазылады. Әрі қарай белгіленген терминмен (Subsripcio) – фармацевтке арналған нұсқау жазылады (мысалы, Misce ut fiat unquentum – Араластыр, жағылма түзілсін т.с.с.).

Қазіргі уакытта өнеркәсіпте шығарылган дәрілік заттар (мысалы, драже, таблетка, жарылма, ампуладағы, флакондағы дәрілік заттар) жиі қолданылады, оларды рецептте қысқартылған түрде жазады.

Дәрілік заттардың дозасы өлшемнің ондык жүйесімен белгіленеді. Салмақтың өлшем бірлігі ретінде 1г (1,0) қолданылады. Дәрілік заттарды дозалағанда 1,0 төмен мәндер (0,1-1 дециграмм, 0,01-1 сантиграмм, 0,001-1 миллиграмм және т.б.) пайдаланылады. Сұйық заттардың мөлшері миллилитр (ml), грамм немесе тамшымен белгіленеді.

Тамшының саны рим санымен көрсетіледі, бiрiншi gtts (тамшы – guttas сөзiнiң қысқартылған түрі, табыс септігінің көпше түрінде) жазылады, мысалы, gtts V (бес тамшы).

Әсер бірлікпен (ӘБ ЕД) дозаланатын дәрілік заттарды рецептте жазғанда салмақтық немесе көлемдiк мөлшердiң орнына ЕД саны көрсетіледі.

Кейбір жағдайда дәрігер калып беретін заттың (Constituens) мөлшерін көрсетпей (мысалы, суппозиторияда) фармацевтке кажет мөлшерде ал – q.s. (quantum satis) деп жазуы мүмкін, бұл тек индифференті заттар үшін қолданылады.

Егер рецептте бiрнеше дәрілік заттар бiрдей дозада жазылса, онда сандық мәні құрамына кіретін соңғы зат көрсетілген соң бір рет қана жазылады. Көрсетілген мән барлық препараттар үшiн ортақ екенін белгілеу үшін aa (ana – тең мөлшерде) белгісі жазылады. Дәрілік заттың мөлшері мен саны рецептуралық бланктың оң жақ бөлігінде жазылады, әрбір келесі атаулар бiрiнiң астына бірі жаңа жолдан жазылады.

Улы немесе күшті әсер ететін заттардың максимальды дозада берілетін жағдайда олардың мөлшерi тек санмен ғана емес бұл дозаның кездейсоқ жазылмағанына дәлел ретінде жазбаша да жазылып, белгіленеді. Жазылған дозаның дұрыстығы расталмаған жағдайда, фармацевт дәрілік заттың дозасын төмендетеді. (Фармакопеяда көрсетілген жоғарғы реттік дозадан 50%-ға дейін).

Рецепттiн оңында белгілеу – S. (Signa. Signetur – Белгілеу. Белгіленетін болсын) бөлiмiнде дәрігер науқасқа немесе медицина қызметкерiне препараттын колдану әдістері бойынша ұсыныстар жазады. Рецепттiң сигнатура (Signatura) бөлiмiнде қысқаша және түсінікті түрде көрсетеді: 1) дозасын (1 ұнтақтан, 1 таблеткадан, 1 ас қасықтан, 20 тамшыдан және т.б.); 2) қабылдау уакытын, жиiлiгiн (күнiне канша рет, тамаққа дейін немесе тамақтан кейін, ұйықтар алдында және т.б.); 3) препаратты қолдану тәсілі (көк тамырға, тері астына, баяу енгізу және т.б.) Рецептті науқасқа бермес бұрын, дәрігер өзінің қолын қойып, жеке мөрін басады.

Құрамында улы немесе наркотикалық заттар болса бір рецептуралық бланкіге бiр дәрілік зат жазылады, қалған жағдайларда бір бланкіге 2 дәрілік затқа жазуға рұқсат етіледі.

Дәрiге тәуелдiлiк тудыратын (нашақорлық) арнайы тiзiмге енген (морфин, промедол, кокаин және т.б.) және оларға теңестірілген дәрілік заттарға рецепт белгіленген үлгі бойынша дайындалған арнайы бланкіге жазылады, емдеу мекемесiнiң дөңгелек мөрі, дәрігердің мөрі басылады. Сонымен қоса, емдеу мекемесiнiн бас дәрiгерi немесе бөлім меңгерушісінің қолы қойылады.

Науқасқа дәрілік затты шұғыл түрде босату кажет болса рецептуралық бланктің жоғарғы жағына «Cito» (жедел) немесе «Statum» (шұғыл, тез) деген көрсетулер жазылады. Бұл жағдайда дәрілік зат кезек күттірмей тез дайындалып, босатылады.

Дәрігер дәрілік затты рецептте өзi колдану үшін жазса, рецептте көрсетіледі: Pro auctore – Автор үшiн немесе Pro me – Өзім үшін.

Дәрілік заттар официнальды және магистральды жолмен дайындалады.

Официнальды – ҚР ДСМ бекіткен, қолдануға дайын фармацевтикалық өнеркәсіпте дайындалған дәрі-дәрмектер, рецептте кыскартылған түрде жазылады. Жекелеген препараттар аз мөлшерде дәріханада және дәріханалық кәсіпорындарда дайындалады. Олардың құрамы нақты белгiлi және Мемлекеттік Фармакопеяда келтiрiлген.

Магистральды – дәрiгердiн рецепттісі бойынша дәріханада дайындалады, рецептте толық түрде жазылады.

Дәрілік қалыптар дозаланған және дозаланбаған болуы мүмкін. Бiрiншi жағдайда дәрілік заттың бір рет қабылдауға арналған дозасын (қажет болса Constituens) көрсетеді, содан кейін «Дозаның мынандай саны берiлсiн» - «Da tales doses» (D.t.d.N.) жазылады. Осындай рецепт бойынша дәріханадан әрбiр кабылдауға дозаланган дәрілерді дайындайды немесе босатады. Дозаланбаған дәрілік заттың рецептте жалпы кабылдауға арналған мөлшері көрсетiлiп жазылады. Наукас оны сигнатурада көрсетілген кабылдау санына бөледі. Рецептте танымал терминдерді қыскартып жазуға болады, дауыссыз дыбыстан кейiн кыскартуға рұқсат етіледі. Мысалы, Aqua purificarae – қысқаша Aq. purif.

2) Кордиамин 1ml жазыңыз, бұлшықет ішіне тағайындаңыз, күніне 2 рет

Rp. Sol. "Cordiamin" 1ml

D.t.d. №10 in amp.

S. Внутримышечно, 2 раза в день



БИЛЕТ 7

1. Тыныс алу стимуляторлары (аналептиктер). Әрекет ету механизмі бойынша жіктеу.

2. 0,1 Либексинді жазып алыңыз, 3 р/д 1 таблеткадан тағайындаңыз



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет