Билет тыныс алу жүйесіне әсер ететін препараттар


Rp: Sol. Aethymizoli 1,5% — 5 ml



бет19/35
Дата25.01.2022
өлшемі2,54 Mb.
#129786
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   35
Байланысты:
ФАРМ ПОЛНЫЙ (копия)

Rp: Sol. Aethymizoli 1,5% — 5 ml

D.t.d N 10 in amp.

S. тәулігіне 2 рет көктамыр ішіне тамшылатып

6 БИЛЕТ

  1. Дәрілік заттарды сіңірудің негізгі механизмдері. Асқазан -ішек жолынан қанға дәрілік заттардың сіңуіне әсер ететін факторлар.

Жауабы: Дәрілік заттың сіңірілуі. Сіңірілу – бұл дәрілік заттың енгізген жерінен жалпы қанайналымға түсу үрдісі.

Дәрілік заттың сіңірілу дәрежесін анықтайтын факторлар:



  1. Енгізу жолы

  2. Дәрілік түр

  3. Дәрілік заттың липидте еруі

  4. Дәрілік заттың ағзада ионизациялану қабілеті

  5. Енгізу жеріндегі қан ағыс жылдамдығы

Сіңірілу механизмі:

Жасуша шырыштары арқылы дәрілік заттардың өтуі диффузия, фильтрация, белсенді тасымал және пиноцитоз үрдістерімен жүреді.

Диффузия – бұл кез келген заттың концентрациясы жоғары жерден концентрациясы төмен жерге жылжуы. Жасушаның липидті қабаты арқылы диффузия тек қана майда еритін заттармен шектеледі.

Фильтрация – гидростатикалық және осмостық қысымға тәуелді саңылаулар арқыл жүзеге асады. Эпителий жасушалары тығыз жабысқан су арналары саңылаулар арқылы тек қан суда еритін заттарды өткізеді.

Белсенді тасымалдау – жасушалық мембраналардың тасымалдануымен жүзеге асады, сондықтан тасымалдау градиентіне қарсы болуы да мүмкін. ДЗ сіңуінің бұл түрінде негізгі ролді тасымалдаушы молекулалар атқарады.

Пиноцитоз – бұл кезде жасуша мембранасында инвагинация(ойыс) пайда болып артынан ДЗ бар көпіршік(вакуоль) түзіледі.

Сіңу көрсеткіштері:

1.Сіңудің толықтылығы – сіңірілген зат көлемінің енгізілген затқа пайыздық қатынасы.

2.Максимальді концентрацияға жету уақыты ( Тмах ) – дәрілік заттың сіңу жылдамдығының терапевтикалық әсері басталуы жылдамдығына қатынасы.

3.Абсорбция жылдамдығының константасы (Ка) – препаратты енгізген жерден қанға жету жылдамдығы.

4.Жартылай абсорбция периоды (Т½а )– енгізілген заттың ½ мөлшерінің қанайналымға түсу үшін керекті уақыт.

Жүйеалды метаболиз(first pass metabolism) – АІЖ шырышты қабығы арқылы өткеннен кейін, ДЗ алғашқы бауыр мен портальды қан айналымға түсуі кезіндегі биотрансформация. Оның тиімділігі бауыр қан айналымының жылдамдығына байланысты. ДЗ әсері ағзаға алғашқы және кейінгі түсуі мен биотрансформациясының әсеріне тәуелді.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет