Биліктің қалыптасуының тәсілдері мен көздері 104 топ 6В06101 – цаббжж



бет3/3
Дата23.10.2022
өлшемі13,91 Kb.
#154678
1   2   3
Байланысты:
Биліктің қалыптасуының тәсілдері мен көздері-engime.org

Билік көздері – билеуші топты құрайтын жекелеген адамдардың билігін тудыратын факторлар. Билік адамдардың субъективті айырмашылықтарынан олардың қоғамдағы алатын орындарының объективті әркелгілігінің нәтижесінде пайда болады. Саясаттануда әдетте билік көздеріне қара күш, байлық, білім, алатын орны және ұйымдастыру жатады. Қара күш биліктің о бастағы негізі болса керек. Билік көздері өз қалауын орындатуы үшін қорқытып-үркітіп, қара күш қолдануға сүйенеді. Байлық ежелден билік көзі болып табылады. Байлар өзінен материалдық тәуелділерді өз еркіне бағындырады. Билік көздері жеке адамның немесе топтың мүддесіне сүйенеді. Білім, ақпарат, тәжірибе қашан да билік көздері болып келді. Ежелгі гректің Сфинкс жайлы аңызында ол жайлы сөз етілген. Әйел басты, арыстан денелі, құс қанатты құбыжық Фива халқын жұмбақ жасырып, әбден мезі қылып бітеді. Енді халық осы жұмбақты шешкен адамға Фиваны билеу құқығын беруді ұйғарады. Жұмбақты шешу тек Эдиптің қолынан келіп, Фиваға билік құрады. Қайта Өрлеу дәуірінде ағылшын философы Ф.Бэкон (1561-1626) бұл аңызды басқа қырынан қарап, Сфинксті билікке қол жеткізетін Ғылым деп талқылайды. Дәстүрлі қоғамдарда алатын орны билікке қол жеткізудің бірден-бір жолы болды. Қазіргі қоғамда алатын орны немесе тұлғаның әлеуметтік статусы билік көздері аса маңыздыларының бірі болып отыр. Мысалы, президент немесе министр лауазымы аяқталғанға дейін белгілі бір деңгейде билікке ие. Лауазымынан айырылған сәттен билік құзыры да тыйылады. Қазіргі кезде ұйымдастыру аса күшті билік көздері болып табылады. Ұйымдастыру ежелден адамдарды жұмылдыруға ғана емес, сонымен қатар, қабылданған биліктік шешімдерін жүзеге асыру үшін қызмет етеді. Іс жүзінде лауазымды қызмет билік көздері ретінде тек ұйымдастыру элементі сипатында ғана мәні бар.

Биліктің үш түрлі тәсілі болады:

Биліктің үш түрлі тәсілі болады:

А) Демократиялық (мұнда коллективтің пікірімен санасу жеке басқарумен ұштастырылады).

Б) Нұсқаулық (авторитарлық) мұнда орталықтандыру әкімшілік жарлық жетекші рөл атқарады.

В) Демеушілік (либералдық немесе анархистік) нақтылы басшылық емес, істің өз бетімен дамуын қолпаштауға жол беріледі.



http://engime.org

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет