Сыныптан тыс тәрбие жұмысы–тұлғаның әлеуметтік қалыптасуын қамтамасыз ету жолдары.
Сыныптан тыс тәрбие жұмысы–тұлғаның әлеуметтік қалыптасуын қамтамасыз етуде оған жағдай туғызатын мұғалімдердің басшылығымен ұйымдастырылған және сабақтың мақсатымен өзара байланысты болып келетін тәрбие жұмысының дербес түрі.
Сыныптан тыс жұмыстардың мазмұны – оқушының теориялық білімін кеңейтіп, толықтыра түседі және оқушылардың жеке қабілетін дамыта түседі. Оқушылардың сыныптағы және сыныптан тыс әрекеттерінің кірігуі қоршаған орта туралы біртұтас түсінік қалыптастыруға, теория мен практика арасындағы байланысты қамтамасыз етуге, оқу-тәрбие үрдісін құруда және оқушы тұлғасын қалыптастыруда үйлесімдікке жетуге, мұғалімдер мен сынып жетекшілерінің педагогикалық шеберліктерін жетілдіруге, мұғалімдер мен оқушылар арасындағы ынтымақтастықтың дамуына ықпал етеді.
Қазіргі кезде оқыту мен тәрбие беру үдерісінде сабақтан басқа сыныптан тыс жұмыстардың орны ерекше. Білім мазмұнын әлемдік оқыту жүйесіне теңестіру, сонымен бірге қазақ халқының ұлттық ерекшелігін ескере оқытудың маңызы артуда [2].
Оқушылардың білімін дамыту жолдарының бірі ретінде сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру мәселелерін Р.Ж.Қоянбаев.,З.Абилова,К.Б.,
Бозжанова,Е.Омар, С.Нұрмағанбетов т.б. зерттеу еңбектерінде қарастырады.
Сыныптан тыс оқытуды ұйымдастырудың бірнеше формалары бар: Олар: оқу-саяхат, топ-серуен, үйірме, клуб жұмысы, ертеңгілік, ғылыми жұмыстар, іскерлік ойындар, диспуттар, байқау, көрмелер, олимпиадалар, пәндік апталықтар, онкүндіктер, айлықтар т.б. жатады.
Сабақтан тыс тәрбие жұмысының дамытушылық қызметінің маңызы ерекше. Ол белгілі бір әрекетке байланысты оқушьшардың психикалық процестерін, оқушыларды жеке-дара қабілеттерін дамытуды көздейді. Соған орай баланың жасырын қабілетін анықтау, бейімін, қызығушылығын дамытуды мақсат тұтады. Егерде оқушы бір нәрсге қызығушылығы болса, онда мұғалім сол сұрақка қатысты қосымша қызықты мағлұмат беріп, оқуға қосымша әдебиет ұсынып, оған жағдай туғызып, сонымен бірге оны қызығушылығын арттырады.
Қазіргі оқу үрдісінде жеке тұлғаны қалыптастырудағы үйірменің рөлі.
Сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстардың кең тараған түрі – үйірме жұмысы. Мұны ұйымдастыру жүргізу үстінде мұғалімің шығармашылық дербестігі айқын көрінеді. Үйірме жұмысы алдымен кең тынысты шараларды жүзеге асыруға бағытталуы тиіс, сонда ғана ол оқушылардың ынта – ықыласын толық қанағаттандыра алады[4].
Үйірме жұмысын негізінен теориялық және практикалық бағытта жүргізуге болады.Үйірме жұмысын қамтуда оқушылардың ынта ықыласын ескеру маңызды мәселе.Мұғалім оқушылардың талаптар мен сұраныстарын қанағаттандыра отырып, үйірме мүшелерін ортақ іске жұмылдыруы тиіс. Үйірменің жетекшісі алынған тақырыбының үйретушілік және тәрбиелік маңызына ерекше мән бергені жөн.
Бастауыш мектеп балаларға белгілі бір білім беріп қана қоймай, оны жалпы дамыту, яғни сөйлеу, оқу, қоршаған орта жөнінде дұрыс көзқарас қалыптастыру, жағдайларды шынайы түрде бақылап, талдау жасауға үйрету, ойын дұрыс айтуға, салыстыра білуге, дәлелдеуге, сөйлеу мәдениетіне үйретеді. Баланы оқыта отырып, оны шығармашылық бағытта жан-жақты дамытады.
Оқушының бос уақытын тиімді ұйымдастыру, оған дұрыс бағыт беріп отыру-барша қауымның ортақ ісі. Оқушы жан-жақты болып өсу тек қана оның мектепте өткізген уақытымен шектелмейді. Бүгінгі таңда жаңа білімді адамды қалыптастыру барысында мектептің қызметі күннен-күнге ұлғая түсуде.
Сыныптан тыс жұмыстарда балалар жасампаздық немесе рөлдік ойындарға ерекше орын береді. Бұл жастағы балалардың ойын іс - әрекеті әрдайым жасампаз болады. Ойында балалар өздерін еліктіретін белгілі бір өнегеге ұқсап бағады. Сондықтан мұғалім балалар ойынына мұқият қарап, олардың орынды өнегеге еліктеуіне жәрдем етуі керек. Оқушылардың ойын іс - әрекетінің құндылығы оның барысында түрлі қиындықтарды жеңуінде, өз тәртібін басқаратынында, батыл, жігерлі және орнықты бола алатындай ойын ұйымдастырылса, ойын өмір мектебі, өз құрдастарының ұжымына еңбек және қарым-қатынас мектебі бола алады. Ойын ұйымшылдық сезімді бекітіп, баланың бастамасы мен өз бетіндігін бекітеді [3].
Достарыңызбен бөлісу: |