1 «Дене шынықтыру» пәнінің маңыздылығы
«Дене шынықтыру» пәнінің мақсаты қозғалыстар туралы білімді дамыту және кинестетикалық оқыту болып табылады, бұл оқушыларға өз қимылдарын түсіне отырып, жақсы, сенімді және қауіпсіз қимылдауға мүмкіндік береді.
Дене шынықтырудың бала тәрбиесінде атқаратын рөлі ерекше. Ол оқушының физикалық дамуына, жеке тұлғалық қасиеттерінің қалыптасуына, әлеуметтік және рухани дамуына ықпал етеді. Мектеп білімі тұрғысында дене шынықтыру оқушылар арасында салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған, ол кішкентай жасынан оқушының денсаулығын нығайтуға әсер ететін жаттығуларды орындауға мүмкіндік береді. Демек, дене шынықтыру дегеніміз ол ұзақ мерзімді, болашақта қоғамның денсаулығына оң ықпал етудің керемет мүмкіндігі болып табылады.
«Дене шынықтыру» пәнін оқыту:
физикалық және рухани денсаулықтың негізін қалайды, бұл әлеуметтік дағдыларды дамытуға, тұлғалық дамуға оң әсер етеді;
оқушыларды өздерінің физикалық және психологиялық денсаулықтарын түсінуге және нығайтуға ынталандырады;
дене шынықтыру және спорт саласындағы теориялық білімдері мен тәжірибелік дағдыларын дамытуға жағдай жасайды;
оқушылардың қозғалыс дағдыларын дамытады, атап айтқанда, олардың төзімділігін, ширақтығын, күшін, ептіліктерін және икемділігін дамытуға әсер етеді;
оқушылардың отанға деген патриоттық сезімін ұялатуға, бір-бірін құрметтеуге, командалық жұмыс дағдыларына, жауапкершілік пен өзара түсіністікке тәрбиелейді;
оқушылардың өз өмірлерінде салауатты өмір салтын ұстануға және үйренген дене қимыл дағдыларын алдағы уақытта қолдануға ынталандырады;
оқушылардың жалпы адамзат мәдениетінің бір бөлігі ретінде дене шынықтыру пәні туралы өз көзқарастарын қалыптастырып, осы саладағы білімдерін дамытуға мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |