Білім академиясы


«Дене шынықтыру» пәні бойынша оқу бағдарламасының мақсаты



бет3/50
Дата09.04.2022
өлшемі360,5 Kb.
#138537
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50
Байланысты:
Дене шыны тыру о у ба дарламасы

2 «Дене шынықтыру» пәні бойынша оқу бағдарламасының мақсаты


Бағдарламаның мақсаты оқушыларды дене шынықтырудың негіздерімен таныстыру болып табылады, нақты айтқанда, олардың спорттық-спецификалық қозғалу дағдылары мен физикалық қабілеттерін меңгеруімен қатар, салауатты физикалық дамуына ықпал етеді. «Дене шынықтыру» пәні бойынша бағдарлама кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын оқу жоспарын ұсынады, бұл жоспар оқушылардың физикалық іс-әрекеттің түрлері бойынша білімдерін, түсініктерін және дағдыларын дамытуға ықпал етіп, сол уақытта олардың жеке гигиена, психикалық денсаулық және салауатты өмір салтының қағидалары сияқты аспектілер тұрғысында жалпы дамуын жақсартады.


Оқу бағдарламасының бағыттары:

  • «Дене шынықтыру» пәнінің тарихы бойынша білімдерін дамытуға қолдау көрсету;

  • негізгі қимыл-қозғалыс дағдылары мен қабілеттерін жетілдіру;

  • оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту, атап айтқанда, түрлі дерек көздерден алынған ақпаратты қолдану, оны сәйкестендіру түрінде нақты елестете алу;

  • ойлау және зерттеу дағдыларын дамыту;

  • дербестік, беріктік (табандылық), шыдамдылық және төзімділік сияқты жеке мінездерін қалыптастыру және дамыту;

  • оқушылардың физикалық және психологиялық қабілеттерін нығайтуға ынталандыру.

«Дене шынықтыру» пәні оқушыларға:

  • пән туралы білімдерін, шеберліктері мен дағдыларын күнделікті өмірлерінде қолдануға;

  • қимыл-қозғалыс дағдыларын жақсарту және оқушылардың физикалық дамуын жетілдіру қажеттіліктерін бағалауға;

  • адамгершілік қасиетін дамытудың маңыздылығын түсінуге және әділ бәсекелестік пен өздерін үздіксіз дамытудың қажеттілігін түсінуге;

  • жеке гигиена туралы ережелерін сақтау қажеттілігін түсінуге;

  • дене қимыл-қозғалыс жаттығулары адамның физиологиялық жүйелеріне әсерін білуге;

  • өзінің және басқалардың физиологиялық жағдайын бағалауға;

  • сын тұрғысынан және шығармашылық ойлау қабілеттерін, және коммуникативтік дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді.

3 Үштілділік саясатын жүзеге асыру


Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдары оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру мақсатымен коммуникативтік құзыреттіліктің негізін қалыптастырады.


Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдары үш тілді оқытуды 1-сыныптан қазақ, орыс және ағылшын тілдерін оқыту арқылы жүзеге асырады.
Оқушыларға үш тілде білім беру (тыңдалым, айтылым, оқылым және жазылым) сияқты бөлімдер мен тілді дамыту арқылы коммуникативтік дағдыларды қалыптастыруға бағытталған.
«Дене шынықтыру» пәні мектептің білім беру тілінде оқытылады. Мектептердің үш тілді оқыту бағыты тілдерді оқыту әдіс-тәсілдерін, тілдік пәндердің және өзге пән мұғалімдерінің рөлдерін анықтайды.
Үш тілді оқыту бағытының жүзеге асырылуы «Дене шынықтыру» пәні бағдарламасының келесі тармақтарында көрсетілген:

  • «Дене шынықтыру» пәнін оқытуда қолданылатын педагогикалық әдіс-тәсілдер» тармағында (5-бөлім) пәнді меңгеруге қажетті тиімді оқыту әдіс-тәсілдері ұсынылған.

  • «Оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту» тармағында (8-бөлім), мұғалімдердің пән арқылы ауызша және жазбаша коммуникация дағдыларын (тыңдалым, айтылым, оқылым және жазылым) бөлімдері қалай дамытатыны көрсетілген.

  • «Оқушылардың оқу жетістігін бағалау туралы» тармағында (9-бөлім), бағалау тілі, моделі және түрлері белгіленген.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет