мониторинг жүргізу тәртібі
6. Бастауыш және негізгі орта білім беру ұйымдарында ББЖМ Заңның 55-бабының 4-тармағына сәйкес 4 және 9-сынып білім алушыларының арасында жүргізіледі.
7. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында ББЖМ Заңның 55-бабының 4-тармағына сәйкес жалпы білім беретін пәндер бойынша 2-курс және (немесе) кәсіптік модульдер немесе жалпы кәсіптік, арнайы пәндер бойынша 3-курс білім алушыларының арасында жүргізіледі.
8. Тестілеу тестіленушілер оқитын орта білім беру, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының базасында өткізіледі.
9. Мониторингке үйде (денсаулық жағдайы бойынша) немесе ұзақ уақыт емдеуді қажет ететін балаларға арналған санаторийлік үлгідегі сауықтыру мекемелерінде білім алушылардан, сондай-ақ тестілеу кезінде науқастануына байланысты қатыспаған адамдардан (медициналық анықтаманың болуы) басқа осы Қағидалардың 6, 7-тармақтарында көрсетілген барлық білім алушылар қатысады.
10. Білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізілетін орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының тізбесін Заңның 55-бабының 6-тармағына сәйкес жыл сайын білім беру саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) айқындайды. Білім беру ұйымдарын іріктеу кездейсоқ іріктеу әдісімен жүзеге асырылады және 25 пайызды құрайды.
11. Тапсырмалар саны мен нысаны, сондай-ақ тестілеуге бөлінетін сағат саны тест спецификациясында айқындалады және уәкілетті орган бекітеді.
12. Мониторинг жүргізу басталғанға дейін Министрліктің уәкілетті өкілдері үйлестірушілер мен білім алушыларға тестілеу рәсімі бойынша нұсқау береді.
13. Тестілеу барысында білім алушылар үйлестірушілердің нұсқауларын орындауға міндетті. Тестіленуші адамдар басқа тестіленуші адамдармен сөйлеспейді, қағаз, электрондық және өзге де ақпараттарды қолданбайды. Тестілеуден өту кезінде тестіленуші калькуляторды, анықтамалық әдебиетті (Менделеев кестесі мен тұздардың ерігіштігі кестесінен басқа), электрондық жазба кітапшаларын және қабылдайтын-беретін электрондық құрылғыларды (оның ішінде ұялы телефондар мен өзге де электрондық жабдықтарды) пайдаланбайды.
14. Тестілеу кезінде аудиторияға Министрліктің өкілі мен Министрлік өкілдері тобының жетекшісімен бірге ұйым басшысы ғана кіреді.
15. Аудиториядан шығу тек дәліз кезекшісінің алып жүруімен ғана қарастырылған.
16. Тестіленудің басталуына кешігіп қалған білім алушылар тестілеуге жіберілмейді.
17. Мониторинг жүргізу кезінде білім алушылардың білім сапасына әсер ететін факторларды анықтау үшін тестіленушілер, мұғалімдер және орта білім беру, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының әкімшілігі арасында сауалнама жүргізіледі.
18. Тестілеу барысы туралы статистиканы толтыру және ҰТО-ға жіберу тестіленушілердің әрбір тобының жұмыс күнінің аяқталуы болып саналады.
Достарыңызбен бөлісу: |