3-тарау. Білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу нәтижелері
19. Мониторинг нәтижелерінің құқықтық салдары болмайды, білім алушылардың үлгеріміне әсер етпейді және білім алушыларды қайта оқу курсына ауыстыру немесе қалдыру үшін негіз болып табылмайды.
20. Мониторинг нәтижелері білім беру ұйымдарының назарына ол аяқталған күннен кейін үш жұмыс күні ішінде жеткізіледі.
21. Мониторинг нәтижелерін уәкілетті орган әдістемелік ұсынымдар әзірлеу үшін пайдаланады.
22. Мониторинг нәтижелері бойынша әдістемелік ұсынымдар білім беру ұйымдарының назарына ол аяқталған күннен кейін үш ай ішінде жеткізіледі.
23. Мониторинг нәтижелері бойынша білім беру ұйымдарында білім алушылардың қол жеткізу деңгейі туралы объективті ақпарат алу және олардың білім берудің келесі сатысына көшуге дайындығын жоспарлау үшін білім беру сапасын зерттеуге бағытталған диагностикалық жұмыс жүргізіледі.
24. Мониторинг нәтижелері бойынша уәкілетті орган білім беру саласындағы ағымдағы ахуалды бағалауды көрсететін талдамалық есеп қалыптастырады, оны рейтингтік зерттеулер жүргізетін ұйымдар пайдаланатын және Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесінің жай-күйі мен дамуы туралы Ұлттық баяндамаға енгізілетін болады.
25. ББЖМ нәтижелері туралы ақпарат уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады.
4-тарау. Білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторингті ұйымдастыру және өткізу жөніндегі өкілеттіктерді бөлу
«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес белгіленген білім беру саласындағы өкілеттіктерді іске асыру мақсатында білім беру жетістіктеріне мониторинг ұйымдастыру және жүргізу, білім беру сапасын арттыру, білім беру процесін ұйымдастырушылық-әдістемелік және кадрлық қамтамасыз ету жөніндегі мынадай функциялар жүзеге асырылады.
Уәкілетті орган:
- өз құзыреті шегінде мониторингті нормативтік-құқықтық жағынан қамтамасыз етеді;
- білім беру мониторингінің қатысушыларын және жұртшылықты бір ай бұрын мониторинг дайындау және жүргізу жөніндегі жұмыстар туралы хабардар етуді қамтамасыз етеді;
- мониторингті ұйымдастыру және жүргізу тәртібінің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
- мониторинг жүргізу нәтижелері бойынша талдамалық есеп жасайды.
«Ұлттық тестілеу орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі – ҰТО):
- мониторинг жүргізу бойынша тест тапсырмаларының макеттерін әзірлейді;
- бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлейді;
- мониторингке қатысушылар туралы деректер базасын қалыптастырады;
- уәкілетті орган белгілеген мерзімде мониторинг жүргізеді;
- тестілеу процесін техникалық сүйемелдеуді қамтамасыз етеді;
- мониторинг нәтижелерін статистикалық өңдеуді жүзеге асырады;
- мониторинг нәтижелерінің статистикасын уәкілетті органға ұсынады.
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы (бұдан әрі – ҰБА):
- мониторинг нәтижелері бойынша кешенді талдау жүргізеді;
- білім беру сапасын арттыру мақсатында мониторинг нәтижелері негізінде білім беру ұйымдарына әдістемелік ұсынымдар әзірлейді;
- мониторинг қорытындысы бойынша ұсынымдар енгізеді;
- тестіленушілердің жұмысында жиі кездесетін қателер анықталған жағдайда тест тапсырмаларының сараптамасын жүргізеді.
30. Білім басқармасы:
- мониторингке ұйымдастырушылық-ақпараттық қолдау көрсетеді;
- білім беру қызметтерін ұсыну сапасын жақсарту мақсатында білім беру ұйымдарымен өзара іс-қимылды жүзеге асырады;
- білім берудің ағымдағы жағдайы туралы ақпаратты жинақтайды және қажеттілігіне қарай оқыту процестерін түзетеді;
- педагогтердің біліктілігін арттыру жұмысын ұйымдастырады;
- білім беру ұйымдарымен жүргізілген жұмыстар туралы ақпаратты уәкілетті органға ұсынады: орта білім беру ұйымдары бойынша келесі жылдың 15 қаңтарына дейінгі мерзімде; техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары бойынша – келесі жылдың 15 шілдесіне дейін.
31. Орта білім беру және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары (ОБ және ТКОБКБ):
- мониторинг жүргізу үшін білім алушылардың деректер базасын қалыптастырады;
- мониторинг жүргізу және нәтижелері туралы педагогтерді, білім алушыларды және олардың ата-аналарын хабардар етеді;
- мониторинг жүргізу бойынша үйлестірушілерді тағайындайды;
- уәкілетті орган белгілеген мерзімде мониторинг жүргізеді;
- оқу жылы ішінде мониторинг қорытындысы бойынша білім алушылармен кемшіліктерді жою жұмысын жүргізеді;
- мониторинг қорытындысы бойынша анықталған проблемаларды ескере отырып, педагогтердің біліктілігін арттыруды ұйымдастырады;
- ұсынылатын білім беру қызметтерінің сапасын жақсарту, оның ішінде білім беру процесін ұйымдастырушылық-әдістемелік және кадрлық қамтамасыз ету мақсатында мониторинг нәтижелері бойынша басқарушылық шешімдер қабылдайды.
Достарыңызбен бөлісу: |