Білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу қағидалары



бет1/3
Дата20.10.2023
өлшемі30,66 Kb.
#187162
  1   2   3
Байланысты:
љ AK H0 1







Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2020 жылғы _______ №___бұйрығымен бекітілген

Білім алушылардың білім жетістіктеріне
мониторинг жүргізу қағидалары


1-тарау. Жалпы ережелер

1. Осы Білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабының 12) тармақшасына сәйкес әзірленді және бастауыш және негізгі орта білім, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру деңгейінде білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг (бұдан әрі – ББЖМ) жүргізуді ұйымдастыру және өткізу тәртібін айқындайды.


2. Бастауыш, негізгі орта білім беру ұйымдарында ББЖМ білім алушылардың білім сапасын тиісті білім беру деңгейінің Мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкестігін бағалау мақсатында жүзеге асырылады.
3. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында ББЖМ жалпы білім беретін пәндерді және (немесе) кәсіптік модульдерді немесе жалпы кәсіптік, арнайы пәндерді меңгеру деңгейін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкестігін бағалау мақсатында жүзеге асырылады.
4. Мониторинг әдістемелік көмек көрсете және білім беру сапасын қамтамасыз ету бойынша ұсынымдар әзірлей отырып, білім беру жетістіктерін жинауды, өңдеуді және жүйелі талдауды қамтиды.
5. Осы қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1. Тест спецификациясы – тесттің жалпы сипаттамасы, тапсырманың саны мен мазмұны, тестті және оның жекелеген тапсырмаларын орындау уақыты жазылатын құжат;
2. Уәкілетті өкіл – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің өкілі.


2-тарау. Білім алушылардың білім жетістіктеріне


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет