Білім алушының Өзіндік жұмысын ұйымдастыру



Дата07.02.2022
өлшемі18,02 Kb.
#95557
Байланысты:
асем реферат


БІЛІМ АЛУШЫНЫҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ
Студентің өзіндік жұмысы - болашақ мамандарды даярлаудың және білім сапасын арттырады. Осыған орай жоғары оқу орындарында әр білім алушыдан ой еңбегінің ұтымды әдістерін білуі, яғни аз уақыт кетіріп қажетті ақпаратты іздеп және меңгеруді, фактілер, теорияны, тұжырымдамаларды жүйелеп және жіктей білуді, өз көзқарасын нақты айтып және дәлелдей білуді үйренуі талап етіледі.Студенттің өзіндік жұмысы – бұл студенттің дидактикалық тапсырмаларды өзінше орындауға, танымдық әрекеттерге қызығушылығының қалыптасуына және нақты бір ғылым саласында білім жинақтауына бағытталған студенттің оқу әрекетінің ерекше түрі.Өзіндік жұмыс студенттің шығармашылық қабілеттерінің дамуына, оның өзін-өзі дамытуға дайындығын қалыптастыруға, жаңа, дәстүрлі емес жағдайларда өздігінен шешім қабылдауға, өзіне жауапкершілік алып, дағдарысты жағдайдан шыға білуге әсер етеді. Сол себепті де, өзіндік жұмыс оқыту үдерісінің маңызды формасы ғана емес, оның негізі болып табылады. Өзіндік жұмыс барысында оқытудың негізгі қызметі жүзеге асырылуы қажет – білімдердің бекітілуі, жаңа білім алу және оларды тұрақты құзіреттіліктерге айналдыру.Өзіндік жұмыс сәтті, нәтижелі болуы үшін келесі шарттар орындалуы қажет:
- оқу тапсырмасының ынталандырылуы;
- міндеттердің нақты қойылуы;
- оның орындалу алгоритмі;
- есеп берудің формаларының нақты анықталуы және оның тапсырылу мерзімі;
- бағалау критерийлері;
- бақылау түрлері жатады.
Білім алушылардың өзіндік жұмыстары (БӨЖ) - өз бетінше оқуға берілген, оқуәдістемелік әдебиеттермен және ұсынымдармен қамтамасыз етілген, тест, бақылау жұмыстары, коллоквиумдар, рефераттар, шығармалар мен есеп берулер түрінде ақыланатын тақырыптардың нақты тізбесі бойынша жасалатын жұмыс; білім алушының санатына қарай ол студенттің өзіндік жұмыстары (СӨЖ), магистранттың өзіндік жұмыстары (МӨЖ) және докторанттың өзіндік жұмыстары (ДӨЖ) болып бөлінеді; БӨЖ-дің барлық көлемі білім алушылардан күнсайын өзіндік жұмыстарды талап ететін тапсырмалармен расталады.Оқытушының басшылығымен жүргізілетін білім алушының өзіндік жұмысы (ОБӨЖ) - бекітілген кесте бойынша оқытушының басшылығымен жүргізілетін білім алушының аудиториядан тыс жұмысы; білім алушының санатына қарай ол: оқытушының басшылығымен жүргізілетін студенттің өзіндік жұмысы (ОСӨЖ), оқытушының басшылығымен жүргізілетін магистранттың өзіндік жұмысы (ОМӨЖ) және оқытушының басшылығымен жүргізілетін докторанттардың өзіндік жұмысы (ОДӨЖ) болып бөлінеді. Білім алушының өзіндік жұмысы оқу жоспарына сәйкес белгілі бір пәнді меңгеру барысында алған білімнің сапасын, тереңдігі мен беріктігін арттыруға, сонымен болашақ кәсіби қызметінде де қолдана алатын студенттің өзіндік іздену, өзіндік даму мен өзіндік жетілудағдыларын қалыптастыруғабағытталған оқу үрдісінің маңызды бөлігі болып табылады. Студенттің өзіндік жұмысын ұйымдастыру оқу үрдісін ұйымдастырудың басқа да түрлерімен өзара байланысын көздейді, атап айтқанда: - пән тақырыптарын меңгерудегі білім алушының өзіндік жұмысы орнының айқындалуы; - дәрістік және тәжірибелік сабақтардың білім алушының өзіндік жұмысына бағытталуы; - білім алушының өзіндік жұмысын ұйымдастыру түрінің, әдіс-тәсілдерінің таңдалуы; - білім алушыларға өзіндік жұмыс тапсырамаларын орындау бойынша әдістемелік нұсқаулықтардың жасалуы; - білім алушының өзіндік жұмысын сабақтардың басқа түрлерімен үйлестірілуі. Білім алушылар өзіндік жұмысты ұйымдастыру ережелерін, нормалары мен талаптарын білуі тиіс. Өзіндік жұмыс барысында білім алушыоқу үдерісінің белсенді қатысушысыретінде еркін түрде сыни және креативті ойлау, өзінің пікірін дәлелдеп қорғау дағдыларына ие болады.
Өзіндік жұмыс түрлері, олардың еңбек сыйымдылығы, формалары мен бақылаумерзімдеріәр пәннің силлабусында көрсетіледі. БӨЖ түрлері мен формаларының мысалдары: 1) Реферат – әдебиеттерге міндетті түрде шолу жасай отырып, мәселені жазбаша мазмұндау немесе ғылыми жұмыстың, кітаптің мазмұнын талдай отырып баяндау. 2) Коллоквиум – оқу материалын меңгеру сапасын анықтау мақсатымен пәннің оқылған тақырыптары бойынша сұхбаттасу түрінде өткізілетін білім алушының өзіндік жұмысын бақылау формасы. 3) Эссе – сын, публицистика және сол сияқты т.б. жанрдағы өзекті мәселе бойынша өзінің жеке көзқарасының жазбаша тұрдегі мазмұндамасы. 4) Презентация – белгіленген мәселе бойыншанегізгі қағидаларды слайд,бейнеролик және т.б материалдар арқылы көрсете отырып жасайтын ауызша баяндама. 5) Жағдаяттық тапсырма – әртүрліжағдайлардың сипаттамасы мен оларға байланысты тапсырмалар тізімдемесі. 6) Іскерлік ойындар –білім алушының болашақ кәсіби қызметіне байланысты дағдыларды қалыптастыруға бағыттылған және алдын-ала дайындық пен өз бетінше аяқтауды талап ететін кез-келген процестің имитациясы. 7) Топтық жоба – 3-5 білім алушыдан тұратын топтың жоба жасауына арналған тапсырма. 8) Жеке жоба – дайындық деңгейі жоғары білім алушылар үшін өзекті тақырып бойынша зерттеу жобасын әзірлеуге арналған тапсырма. 9) Глоссарий (тізбек сөздер) – берілген тақырып бойынша терминдер мен түсініктердің қысқаша анықтамасы. 10) Әр пән бойынша өзіндік жұмыс түрлері мен формалары пәннің ерекшелігіне, мақсатміндеттеріне, күрделілігі мен өзектілігіне, білім алушылардың дайындық деңгейіне, пәннің еңбек сыйымдылығына қарай анықталады. 11). Білім алушының өзіндік жұмысының технологиялық элементтері ретінде өзіндік жұмысты жоспарлау мен ұйымдастыру, оның орындалуын бағалау мен бақылау, БӨЖ-ді талдау мен жетілдіру болып табылады. Оқытушы- БӨЖ ұйымдастырылуы бойынша әдістемелік материалдардың және әдебиеттер көздері бойынша ұсыныстардың жасалуын; - тапсырмаларды орындауға қойылатын талаптардың, әр БӨЖ тапсырмасы бойынша бақылау мерзімдері мен түрлерінің, бағалау көрсеткіштерінің жасалуын; - білім алушар өзіндік жұмысының, оның ішінде тапсырмалардың түрлері мен күрделілік деңгейі бойынша дифференциациялануын қамтамасыз етеді.Сонымен қортындылай келе өзіндік жұмыс студенттердің шығармашылық әрекеті мен ынтасын дамытуға әсер етеді, қайсарлық, табандылық, батылдыққа тәрбиелеуде және қалыптастыруда көздеген мақсатқа жетуге және жеке тұлғаны сапалық қасиеттерін жетілдіруге зор мүмкіндік береді.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет