Білімділік: Жемістер мен көкөністердің атауларын дұрыс атау және ажырата алуға баулу. Тәрбиелік: Балалардың жеміс ағаштарын қорғап, оларға қамқор болуына ықпал ету үшін тәрбиелік әңгімелер жүргізу. Дамытушылық: Оқушылардың қисынды ойлау қабілетін арттыру. Ауызекі сөйлей білуге үйрету. Сурет салу арқылы шеберлігін дамыту.
Көрнекілігі: Тақырыпқа байланысты суреттер, алманың және алма ағашының суреттерінің қиылған түрі, себет, алма ағашының суреті, әліппе- альбом
Тақырыпты көрнекілік арқылы түсіндіремін Себеттің суретін салу.Шеңбер суреттеу арқылы алмаларды бейнелейміз.Алмаларды сары түске, себетті қоңыр түске боямыз.Кейбір алмаларға қызғылт өң береміз.солай етіп себеттегі алмаларымыз мына суреттегідей түрге енді.
Сурет бойынша алма және алма ағашын атаймыз, оқушылар мұқият тыңдап, түсініп суретін салады. Оқушылар салған суреттері бойынша әңгіме айтып береді.
Тапсырмалармен жұмыс. 1 – тапсырма: 1. Балаларға таратпа суреттерді беріп, не екенін көрсете отырып атап шығады. Мысалы мынау – алма, мынау – алма ағашы.Балаларға суретті көрсете отырып оқушылар суреттен өз қателерін табады.
2-тапсырма:
Әже қонаққа кіріп балаларға кіріп үш түрлі алма үлестіреді:
Қызыл түстегі алма, сары түстегі алма, жасыл түстегі.
Топтық жұмыс. Әрбір оқушы өзіне берілген алманың суретін салады. Балалар алмалардың суреттерін бояуы қажет
Сергіту сәті:
Ормандағы ағаштың
Алмалары көп екен. Теріп-теріп алайық, Себеттерге салайық.
Әліппе- альбоммен жұмыс, алма, алма ағашы түстерін атау. Оқушылар сурет бойынша сөйлеп үйренеді.
Сабақты бекіту: 1. Көрнекілік бойынша алма, алма ағашын атау. 2. Кеспе қағаздары арқылы аталған түстерді дұрыс көрсете білу. VII. Сабақты қорытындылау. VIII. Үйге тапсырма беру. Алма, алма ағашын үйде де Қайталап суретін салу. Түстерді ажырата - білу. Сергітуді жаттап алу.
Даулетбаева Гаухар Аширалиевна
ҚР Жамбыл облысы. Тараз қаласы
Білім беру бөлімі №32 орта мектебі коммунальдық мемлекеттік мекемесі