14-Модуль.Әлеуметтік интеллект пен әлеуметтік табыстылықтың өзара байланысын тұлға құрылымында зерттеу
14-дәріс. Әлеуметтік интеллект және әлеуметтік табыстылықтың психологиялық ерекшеліктері
Әлеуметтік интеллект мәселесі шетелдік және отандық ғалымдар еңбектерінде теориялық және тәжірибелік тұрғыдан жан-жақты зерттелді.
Олардың басым бөлігінде әлеуметтік интеллектіге адамның өзінің және өзгелердің мінез-құлқын бара бар түсіну және бағалау қабілеті деген анықтама беріледі. Бұл қабілет тиімді тұлға аралық байланыстарды орнату және табысты бейімделу мәселелерін шешеді.
Өзіндік жауапкершілікті сезінуі жағдайға қарамастан әрекетке даяр болуы, әрекетке қатысын ұғына білуі, өзін немесе қоршаған ортаны өзгертуге даяр болу әлеуметтік интеллект біліктіліктері болып табылады. Бұл жауапкершілік конструктивті іс-әрекеттің, субъект белсенділігінің, оның үнемі дамуының алғы шарты болып есептелінеді, ал кез келген қорғаныс әрекеттерін (қашу, мәселені жоққа шығару, агрессия) қолдануға тырысу жауапкершіліктен құтылуға тырысу болып табылады.
Әлеуметтік интеллект – адамдар мінез-құлқын дұрыс түсіну қабілеті. Бұл қабілет тұлға аралық өзара әрекеттің нәтижелілігі мен сәтті әлеуметтік бейімделуі үшін қажет.
Интеллектік жүйенің құрылымдық өзгеруі өмірлік факторлардың ықпалымен болады, оның себебі тұтастай жүйе ретіндегі интеллектінің сапалы өзгерісі.
Бұл факторлардың арасынан адамның онтогенетикалық дамуында оқыту мен еңбек іс-әрекеті шешуші рөлге жатады.
Интеллект жүйесінің күрделілігі төмендегі байланыстарды көрсетеді: логикалық ойлау және мағыналы ес; логикалық ойлау мен бейнелі ес; вербалды және вербалды емес ойлау; практикалық ойлау, есте сақтау көлемі және зейін; ойлаудағы тұжырымдау деңгейі және ақпарат көлемі.
Әлеуметтік интеллектінің алғашқы моделінің бірі - Ф.Е. Вернон (1933 ж.) моделі. Оның құрамына келесі қабілеттер жатады:
Адамдармен жалпы тіл табыса білу;
Өзге адамдар ортасында өзін еркін және жеңіл ұстауға мүмкіндік беретін әлеуметтік әдістер жиынтығы;
Әлеуметтік тақырыптар мен мәселелерді білу;
Әлеуметтік топ мүшелерінен қабылданған стимулдарға сезімталдық және бейтаныс адамдардың көңіл-күйі мен тұлғалық ерекшеліктерін түсіну.
Дж. Гилфорд және М. Салливан (1965 ж.) әлеуметтік интеллект құзыреттерін келесі қабілеттермен толықтырды:
Адамдардың ішкі менталды күйлерінің сипатын түсіну;
Адамдардың ішкі менталды күйлерін ұқсастығы бойынша топтастыра білу;
Іс-әрекеттер арасындағы маңызды байланыстарды орната білу;
Әлеуметтік іс-әрекет тіркесін түсіндіру;
Әлеуметтік іс-әрекет өзгерістеріне бара бар жауап беру;
Іс-әрекет контекстіне байланысты болашақ өзгерістерді болжау қабілеті.
Достарыңызбен бөлісу: |