15-дәріс. Тұлғаның имиджін қалыптастырудың психотехнологиялары
Имидж (ағыл. image — бейне, бейнелеу) — өнер ретiнде мақсатты түрде адамның өзiн, не бұқаралық ақпарат арқылы белгiлi бiр зат немесе адам жөнiндегi керек мәлiметтi бейнелеп керсету.
Адамда сана-сезім, “Мен” сезімі пайда болғаннан бері және басқа біреуді өзіңе тән қабылдау қабілеті қалыптасқаннан бері, имидждік сұрақтар пайда болады: мен басқа біреудің көзіне қалай көрінемін? Ол мен туралы не ойлайды?
Қалай бағалайды? Салыстырмалы түрде, ерте адамзат тарихында да, имиджге тән жұмыспен айналысатын мамандар ерте пайда болды. Имиджің бірінші теоретигі ретінде Макиавеллиді санайды.
Адамның имиджі – ол оның әлеуметтік эгосы. Біз әрқашанда өзіміздің жақындарымыздың көз алдында болғымыз келеді, сонымен қатар бөтен адамдардың көңілін аулағымыз келеді, жақындарымызға өзіміз туралы жақсы ой қалдырғымыз келеді, осының бәрі – туа біткен тілек.
Егер адам қоғамда көп уақытын өткізіп, соның өзінде оны ешкім байқамайтын болса, одан артық жазаны ойлап табу мүмкін емес шығар. Бір сәтке елестетіп көрелік, егер сіз кіргенде, сізге қарай ешкім бұрылмаса, сіздің сөзіңізге ешкім жауап бермесе, сіздің істеріңізге ешкім көңіл бөлмесе, мүлдем сіздің бар екендігіңізді елемесе, сіз өзіңізді қалай сезінетін едіңіз?
Адам (топ, ұжым) және оның сауда, саясат, әлеует жаққа бағытталған жұмыстарының нәтижесі : идеялары, тауарлары, кызметі, осының бәрі имидж объектісін құрады. Имидж объектісінің түсінігі оның мазмұнына қарай сәйкестенеді.
Имидж объектісі ретінде, біраз адамға белгілі бір әсер қалдыра алатын кез келген нәрсе саналады. Әсіресе әлеуметтік әсер өндіру қабілеттілігі имидж объектісінің негізгі қасиеті болып табылады. Сана-сезімінде берілген имидж объектісі қалыптасатын адамдар (мақсаттық топтар, тұтыну базар сегменттері, сайлаушылардың категориялары) – имидж субъектісі болып саналады. Ереже бойынша, имидж субъектісі ұжымдық болып келеді.
Алғашқыда, экономика саласында бұл түсінікпен практикалық аспектіде, кәсіпкерлік қызметпен айналысатын шетел экономисттері белсенді жұмыс істей бастады.
Менеджерлік қызмет ұйымдастыру мен клиенттермен жұмыс жасайтын адамның жағымды болмауына мүмкіншілік бермейді. Бүгінгі күнде, магнит сияқты тартымды менеджер болу өте қиын, бірақ сондай болуға тырыспайтын адамда одан да көп қиындықтар туындайды. Имиджеология – аса маңызды прагматикалық тәртіп. Блез Паскаль «көндіру тәсілі» мен «ұнау тәсілі» туралы жазған, және оның айтуы бойынша, соңғы тәсіл адамға ықпал етудің ең тиімдісі екен.
Достарыңызбен бөлісу: |