Білім беру бағдарламасы 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті», 5В020500 «Филология: қазақ тілі»


Жазба тілдін өзіндік ерекшеліктері



бет16/78
Дата30.09.2023
өлшемі310,56 Kb.
#183114
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   78
Байланысты:
Қаз жазу тар,2020 сил

Жазба тілдін өзіндік ерекшеліктері. Жазу термині а) жазу процесі, ә) сол процестің нәтижесі, б) нәтиже негізінде пайда болған тілдік таңбалар жүйесі ретінде колданылады дедік.Сонда жазба тіл дегеніміз ішкі сөйлеуге (белгілі бір тілге, мысалы, казак тілі) кодталған ойдың фонемалык сүзекіден өтіп жазу,көруге бағытталған графикалық кодка айналған жүйесі. Жалпы алғанда, жазу-адамның ой-пікірін, сөзін белгілі бір тілде жазу таңбалары аркылы кағаз бетіне түсіру; адамнын ой-пікірін, сөзін қашыктыкқа және ұзақ замандарға жеткізетін материалдық сызба танбалар жүйесі.
Жазба тілдін жалпы графикалық ерекшелік, графикалық және графемдік ерекшеліктері бар.
Жалпы графикалык ерекшелікке мәтіннің парақ бетіне орналасуы, азатжол, көз тынысы (үлкен ашық жол ) қаріп түрлері (майлы, ашык, көлбеу әріп), үздікті жазу, асты сызылған жазу,каріп түсі жатады.
Графикалык ерекшелікке сол жазба тілдің колданып отырған графикасы, әріп саны, әріп тіркесі, әріп диакритикасы,тыныс белгілер жатады.
Графемдік ерекшелікке әліпбидегі әpіп мәндері, графеманың мазмұн межесі мен тұрпат межесі, тілдін фонологиялық кұрылымының графемаларға сәйкес келуі, бір әріптің бір/бірнеше фонеманы, бір/бірнеше фонеманың бір графемаға сәйкес жазба тілдің оқылу және жазылу жүйесі жатады.
Жазба тіл көбінесе екі жақты емес, біржақты акт болатындықтан, ол тілдің ойкұраушы, ойды жарыққа шығарушы қызметіне сай келеді. Сондыктан жазба тіл мәтінінде ойлауда пайда болатын барлык мәтін көрініс табуға тырысады. Бұл жазба тілдің белгілі бір катаң құрылымы болуын сөйлем мүшелерінің синтагмалык сипаты негізгі айтылайын деген ойды екінші дәрежелі етуі мүмкін. Сөйтіп коммуникациянын әсер етуші функциясы жасырын, потенциалды түрде калады.
Жазарман өзінің алдына өз ойын түсінетін аудиторияның көмескі сүлбесін ғана көріп отырады да, ойын адресатка дәл, өзі ойлағандай болып барған/бармағанын білмейді.
Жазба тілдін косымша коммуникация кұралдары (жест, мимика, интонация) болмағандыктан екі түрлі түсінік тудыру қаупі болмас үшін сөйлем жайылма, кұрмалас түрлерімен беріледі.
Жазба тіл уақыт пен кеңістік жағынан шектеусіз кызмет ететіндіктен оның лексикалык коры карапайым сөйлеу, жергілікті, кәсіби, жаргондык элементтерді алмауға тырысады. Яғни белгілі бір географиялык, этникалык кеңістікке ортақ әдеби тілдің лексикасы мен морфологиялык кұрылысын пайдаланады. Сондыктан да кейде жазба тіл мен әдеби тіл бір болып түсіндіріледі, жазба тілді меңгерген адам әдеби тілде сөйлей алатын болып есептеледі.
Жазба тіл ауызша тілдің мазмун байлығын каріп түрлерімен(курсив, бояулы, ашык), тыныс белгілермен азат жол, көп нүкте,лепті, сұраулы белгілермен, ситуацияны баяндау, сөйлеушінің бет әлпетін суреттеумен береді. Жазба тіл санадағы түсінік,пайымдаулардың толықканды ашылып берілуін қамтамасыз етеді. Ол ауызша сөйлеудің кем-кетігін толтырып, әлсіз жерлерін байытады. Ауызша сөйленген сөздін стенограммасын жасағанда, мәтінде босаралықтар калатынын, логикалық желіні бұзбай сөйледі дегеннің өзінде, сөз ішінде едәуір жүйесіздіктер, бөтен элементтер жүретінін білеміз. Ондай мәтінді оқып,жалпы ұғымын да парыктай алмай калуга болады. Ал осы босаралықтарды жазба тіл бірліктерімен толтырып, әнгіменіой логикасына сай жүйелесек, бүтін, толымды, мәтін аламыз.Өйткені біз жазган кезде сөздерді бүкіл мағынасымен өзіндік семаларымен бірге белгілейміз, ал оны айтқан кезде интонация, дауыс тембрі арқылы накты мағыналық реңкін береаламыз."Егер тілді сөйлегенге караганда жазганда жақсырак түсінсек, онда ол тілмен көбірек жазады деген сөз" дейді, Жак Деррида.
Жазба тілдің өзіне ғана тән, ауызша тілге кодталмайтын немесе онда беріле алмайтын ерекшеліктері болады. Ол ерекшеліктерді мәтінді кабылдаудагы графикалық белгілер және мәтін мазмұнын тусінуге қызмет ететін белгілер деп бөлуге болады.
Мұның біріншiciне:
-бір абзацтағы ой келесі абзацтағы оймен жалғасты болсада, көздің тыныс алуы үшін азатжолдан бастап жазу дағдысы;
-"жазылатын мәлімет жок" деген, не коммуникация аяқталды дегенді білдіретін Z белгісі;
-кітап тарауының үлкен ашык жол салынып, көз тынысымен басталуы;
-тарау аттарынын үлкен, майлы бояулы әріптермен терілуі;
- нүктелі үтіp белгісінің накты бір тынысты немесе сөйлемнің бас-аяғынан хабар бермей, белгілі бір ұғым-ойды санамалау үшін, айтылған ой бір-біріне жалғас та емес, бір-бірінен алыс та емес дегенді білдіруі жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   78




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет