a [a] [ә],
е[э] бер, [è] неге, [ө] төсек, [je] егер; о[o], [yo], [ө] сойдеді; ы[ы], [i]; У[ұ], [ү]; a[ә], i [i], ŏ [ө].
Ал дауыссыздар таңбасы мынадай болды: п, б, м, w (у), т, д, н, ж, з, ш, с, р, л, ј (й), қ (қ), ғ (ғ), к, г, нь (ң). Н.И. Ильминский <қ>, <ғ> дауыссызы басқа дауыссыздарға қарағанда ерекшеленетіндіктен жеке-жеке әріп арнадық дейді, сондай-ақ <ж>, <ш> фонемалары жіңішке тілалды ғана блып айтылатынын ескертеді.
Сонымен бірге галым жазба тілде мынадай морфонологиялык алмасулардың таңбаланатынын көрсетеді: <б>-<у> (табыб - тауыб ), <м>-<н> (Махамбет, Үмбет), <н>-<д> (кімді), <д>- <н> және 0 (кімнен; мен(д)ен-менен). Ал сөз басындагы л, р әpiптерінің алдына әнтек естілсе де ы, і қысаңдарын жазу дұрыстығын оларға күшейткіш буын лап-лас, рап-рас деп емес, ып-рас, ып-лас болып жалғанатынына негіздейді.
В.В.Радлов та өзінің 1870ж. жарық көрген "Образцы народной литературы тюркских племен Южной Сибири и Джунгарии" деген хрестоматиялық материалдарын орыс графикасымен жазғаны мәлім. Мұнда байқалатын өзгешелік [и] дыбысы бірде i, бірде ј белгіcімен, <ғ>-ны қ таңбасымен, [дж] дыбыс тіркесін -n әріпімен және <л> фонемасын латын графикасындагы I-мен берілуі болып табылады.
Б.Әбілкасымов архив деректері Н.И.Ильминский мен В.В.Радловтың қазак тіліне икемдеп жасаған әліпбилері Ресей университеті оқымыстылары тарапынан қолдау көрмегенін, орыс алфавиті өзгертусіз қолдануы керек деген ұсыныстар басым болғанын көрсетті дейді. Оған мына дәлелдер келтірілген дейді автор: 1) тілдің барлық оттенкісін бере алатын дүние жүзінде бір де бір жетілген алфавит жоқ, бірак одан тілге келген қиындық байқалмайды; 2) араб әліппесі түркі халықтарының дыбыстық құрылысына үйлеспесе де, осы алфавитпен олар осы кезге дейін пайдаланып келді; 3) европа тілдері үшін пайдалануға толық икемді орыс әліппесі араб алфавитіне қарағанда, осы күйінде де қазақ тіліне әбден жарайды.
Бірақ В.В.Радловтың Қазан университеті жанындағы археология, тарих этнография қоғамының мәжілісінде жасаған баяндамасынан кейін орыс алфавитін жазуына қолдануға болмайды деген пікір қалыптасқанын көреміз.