Білім беру бағдарламасы 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті», 5В020500 «Филология: қазақ тілі»


Йы дыбысына біткен сөзге й жұрнағы жалғанғанда йи болып жазылады (байиды). Йы



бет41/78
Дата30.09.2023
өлшемі310,56 Kb.
#183114
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   78
Байланысты:
Қаз жазу тар,2020 сил
Документ Microsoft Word, казіргі қазақ әдебиеті, 1 lesson
Йы дыбысына біткен сөзге й жұрнағы жалғанғанда йи болып жазылады (байиды).

Йы дыбысына біткен сөзге й жұрнағы жалғанғанда йи болып жазылады (байиды).

Х әрпі халы, хат, қахарман гаухар, ухлеу сөздерінде жазылады.

Х әрпі халы, хат, қахарман гаухар, ухлеу сөздері һ әрпімен жазылады.

Алдыңғысы соңғысын анықтайтын екі зат есім бөлек жазылады.

Анықтаушы-анықталушы қатынастан ажырап, бір заттың атауы болып кеткен сөздер бірге жазылады (асқасық, иіссабын).

Екі сөзден біріккен кейбір кісі есімдері айтылуынша жазылады есімдері айтылуынша жазылады (Жанғазы)

Екі сөзден біріккен кейбір кісі есімдері айтылуынша жазылады есімдері айтылуынша жазылады (Жанғазы)

Пен, кер, кеш, нікі, паз, қор, хана, стан жұрнақтары түбірдің жуан-жіңішкелігіне қарамай осы тұрпатта жалғанады.

Мұндай ескерту жоқ

К, г дыбыстарына аяқталған 1983ж. емле өзгерісінде термин сөзге қосымша жіңішке жалғанады

Бұл ереже қабылданды.

Цифрмен жазылған реттік сан есімнен кейін дефис қойылады (1952-жыл, 19-ғасыр)

Мұндай пункт жоқ.

15-дәріс тақырыбы: Қазіргі қазақ жазуын латын графикасына


ауыстыру мәселесі: ұсыныстар

Қазақ жазуының тарихында тағы бір маңызды белес түр. Ол - графика ауыстыру науқаны. Науқан деп атауға тура келетін болса, расында да қазақ даласы үшін әліпби алмастыру әлеуметтік-саяси дәуірлердің ауысуына сай келетін немесе соны бекітетін, саяси экономиқалық мәні бар, ұлт саясатының құрамдас бір бөлігі болып саналды. Бұған бүгінгі жазуымызға дейінгі дәуірлік әліпбилерімізге қарап көз жеткізуге болады. Бір қуанарлық жайт бұл мәселе бүгінде аяқасты, бір құрылтай мүшелерінің қатысуымен ғана шешіле салмай. көпшілік назарына ұсынылып, әлеуметтік мәселеге айналуында. Бір қуанарлығы - жаңа әліпби бір ай ішінде қабылданып, (мысалы, орыс графи-касына көшу 1939 жылдың 20 желтоқсанынан 1940 жылдың 15қаңтарына дейінгі аралықта орындалды), оны қолданбағандар үкімет әліпбиін аяққа басқандар деп, жауапқа тартылатын, оны бақылаупрокуратураға тапсырылатын (Ижанов 3. Әліпби туралы архив не дейді //ҚӘ 7.07.00.), болмаса араб жазуынан латын жазуына көшердегідей, бір дауыстың формалды артықшылығымен (Қазақстан оқу комиссары Н. орнына қағаз жүзінде латын жазуын қолдаған артық дауыс берілген) мәселені шеше салу науқанының келмеске кеткені (Қамзабекұлы Д. Қазақ зиялыларының әліпби айтысы // ҚӘ 14.12.01.).


Міне, сондықтан әліпби ауыстыру үстірт, асығыс саясаттың араласуымен науқан түрінде өткізіліп келуі ендігі жаңа жазу - латын графикасына көшуде мәселенің экстралингвистикалық та, лингвистикалық та шарттарын өзара үйлестіре отырып карастыруды міндеттейді. Латын әліпбиіне көшу жайлы алғашқы пікір акад. Ә.Қайдардың 1993 жылдың 24 қазанына тілі" газетінде жарияланған "Латын әліпбиінің болашағы зор" атты мақаласынан бастау алды. Ғалым қазақ жазуының жедел түрде орыс графикасына көшуінің мынадай себебін келтірді: "Түркия елінің ғалымы, профессор Тимур Қожаоғлу "Жаңа түсінік" газетіне (09.08.1991) былай деп жазады: "Кеңес үкіметі 19)7 жылы КСРО-дағы бүкіл түркі халықтары қолданып келген араб жазуын латын алфавитімен ауыстырды. Бірақ Түркияда да 1928 ж. латын алфавиті түрік жазуы болып қабылданғандықтан кеңес басшылары Анатолия түріктері мен Кеңес Одағындағы түркітілдес халықтардың мәдени байланысының арта түсуінен қауіптеніп,1939-1940 жж. кейін оларға міндетті түрде кирилл алфавитінің бір-бірінен парқы бар алты түрін қабылдатқызды", Сол себепті ғалым ендігі әліпби ауыстыру саясаттың араласуынсыз еркін таңдауда болатынын және ол "ұлтаралық, халықаралық, жалпы дүниежүзілік таралу деңгейі жоғары", әрі "тілдік фактілерді" дәл таңбалаудың үлгісі ретінде ресми түрде халықаралық фонетикалық транскрипция болып қабылданған латын жазуы болу керектігін пайымдайды.
Әліпби ауыстыру туралы көзқарастар. Акад. Ә. Қайдардың бастамасы ғалымдар мен тілші қауым тарапынан қызу пікірталастың, идеялардың түрткісі болды.Бұл тақырыпта 1990-2013 жж. арасында мерзімді баспасөз беттерінде 100-ден аса мақала жарық көрді. Мамандықтары мен жас ерекшеліктері, қызметі әртүрлі мақала авторларының көзқарастары мен ой-пікірлері де алуан түрлі. Оларды шартты түрде мынадай көзқарастарға топтауға болады.
Латын графикасына көшуді жақтайтын бағыт, олардың негізгі дәйектері: - латын әліпбиін қабылдау -компьютерлендіру ағымына ілесу, халықаралық аренаға шығу, интернетті толыққанды пайдалану үшін; электронды пошта, телеграф қызметін кеңінен қолдану ортақ түркі жазуын қалыптастыру үшін; қазақ тілінің тілдік табиғатын қайтару немесе сақтау үшін;орыс тілінің фонетикалық, морфологиялық,синтаксистіклексикалық деңгейдегі әсерінен құтылу үшін керек.
Латын графикасына көшуге қарсы бағыт.Көне түркі жазуына қайта оралуды ұсынатын бағыт,
Қазіргі жазуды реформалауды жақтайтын бағыт. Акад. Ә. Қайдар газет-журнал бетінде жарық көрген мақалалар тасқынын көріп, әліпби арқылы атағын шығарғысы келетіндердіңде, әр қайсысы-аққазақ жазуының авторы болғысы келетіндердің ниетін сезініп, 1996 ж. саналы азаматтардың ұйымдастыруын, өзара бірігуін, президенттің ресми жарлығын сұраған (Қайдаров Ә. Қазаққа латын жазуы керек пе, жоқ па? // ЕҚ. 6.01.96) мақала жариялайды. "Бұл - түркі әлемі үшін ғасыр проблемасы. Бұл мәселе қай үкімет басшысының тұсында шешіледі? Програмистер мен лингвистер бір шешімге келу керек" дейді (Қайдар Ә. Жеті жыл жыр болған жазу жайында // ЕҚ.
16.06.00) Негізінен, Ә. Қайдардың латын жазуына көшуді жақтаған ұсынысы түркі халықтарына ортақ әліпби, ортақ жазу жасау тілегінен туындаған еді. Сондықтан ғалым ұсынған қазақ-түрік әліпбиіндегі 34 таңбанын ішінде <дж>-j. с , f <ф>, v әріптері бар. Алайда Ортақ Анкара жобасындағы 34 әріптің екеуін - әзірбайжан, онын - өзбек, сегізін - түркімен жаңа латын әліпбилерінде пайдаланбалы. Сөйтіп, түркі халықтарының жаңа әліпбиінде 8-ден 20-ға дейін әріп айырмашылығы болды.(Алтай М. Латын таңбалары. Қазақ әліпби нұсқаларына сын ОТ. 15.08.02).Бұл ортақ түркі әліпбиі жасау мүмкіндігінің төмендегенін көрсетті. Латын графикасына өтуді жақтаушылардың пікірінде, әсіресе программист, экономист мамандардың пікірінде латын жазуы дүниежүзілік аренаға шығу үшін, халықтың компьютерлік сауатын арттыру үшін, техникалық прогреске ілесу үшін қажет деген көзқарас басым болды. Мысалы, Н. А. Айтқожин: "Ендігі жазу алдыңғы қатарлы технология, күрделі баспахана құрылғылары әртүрлі саладағы жоғарғы білікті мамандардың қатысуынсыз шешіле алмайды. Компьютердің стихиялы түрде таралып кетуі,ортақ стандарт шрифтің болмауы бұл мәселенің әлеуметтік-саяси мәні бар екенін байқатады, компьютердің басқыш-тетігі минутына 600-1000 таңбаға дейін салуға арналған, неге біз оны пайдаланбаймыз" деді. "Ни один из тпоркоязычных алфавитов, основанных на кириллице не попал в перечень алфавитов, которое поддерживаются программным обеспечением современных компьютеров" деді тағы да автор (Айтхожин Н. А. Вопросы реформы казахского алфавита // Саясат. 1998. № 12).Ал А. Мереке электронды пошта, пейджинг саласында казақ әріптерінің жоқтығынан небір сорақы сөздер жазылады. Қазақ мәтіні үшін арнайы драйвер алып жүру керек. Интернетте Web-бет құру үшін, пейджермен хабарласуға, электронды сөздік,электронды тілмаш жасау үшін, сөзді автоматты түрде тасымалдау үшін, орфографиясын жасау үшін латын жазуы керек деді. (Мереке А. Латиница объединит тюрков // Новое поколение 26.11.99). А. Шәріпбаев қазақ әліпбиі компьютердің басқыш-тетігіндегі ағылшын әліпбиіне сәйкес болу керек, одан өзгертудің еш негізі жоқ; осы стандарт сақталынса ғана қазақ тілінің құрылымдық жүйесін саралауға, компьютерлік өндеудің ыңғайлы жүйесін жасауға кез келген графикадағы мәтінді оқып, оны басқа графикаға көшіруге болады деді. Сонда компьютерлендіру дегеніміз орфографиялық, терминологиялық, фразеологиялық сөздік жасау қазақ тілінің грамматикасын автоматты түрде оқыта алатын және қазақ тілін басқа тілге және кері аудара алатын программа жасау болып табылады деді (Шәріпбаев А. Латынсыз,компьютерсіз көзіміз ашылмайды // ЕҚ. 27.12.00).
Енді бір топ әліпби ауыстырудың қажеттілігі қазақ тілін орыс тілінің әсерінен қорғау, тілдің табиғи дамуын күшейту,қазақ тілін сақтау үшін керек деді (Исхан Б. Латын ғарпіне көшу тілімізді сақтау үшін керек. // Қазақстан 27.09.2001. Итқұлов Қ.Лажы келсе, латынға көшсек // Заң 31.07.96.). Себебі жазуын қабылдаған тілдік ортада өмір сүрген тілге тіл дефірмациясына ұшырау қаупі күштірек болады. Графикасын алу арқылы сол тілдің фонемаларын өз тіліміздің дыбыс жүйесіне теліп, термин қатарын көбейтеміз деп, өзге тілдің лексикалық қабатын көшіріп алып, тіке аударма, калька жасау арқылы сол тілдің сөз тіркесін, синтаксисін, сөйлем, мәтін құрау синтаксисін көшіріп алу арқылы бірте-бірте тілдің табиғи даму жолынан ауытқуымыз мүмкін. Өйткені қазір кез келген сөз бен мәтінге дейінгі бірліктер орыс тілі мен қазақ тілінде қатар айтылып, жазылуы міндетті болды. Және кез келген мәтін алдымен орыс тілінде түзіліп,сосын барып қазақ тіліне аударылатыны дәстүрге айналды. Әрі қазір Қазақстанда 7,5 млн. қазақ (44,3%), 6 млн. орыс (35,3%) тұратынын (Исмағұлова А. История казахского языка. Алфавит. Поиск, 1998 №2. Серии Гум.) ескерсек, орыс тілінің әсері азая қоймайтынын байқаймыз.Газет-журнал мақалаларының енді бір тобы әліпби ауыстыруға қарсы. Бұл бағыттың негізгі дәйектері мынаған саяды: 1) латынға көшу бір қадам кейін шегіну, өткенді қайта оралу (Есенов Қ. Барымен базар болған абзал; Сауытбеков С. Ескі жұрттан жұрқа жинамайық // Халық кеңесі 11.01.95). 2) Жаңа жазу экономикамызға нұқсан келтіреді, реформаға әуесқойлық қана (Садырбайұлы С. Реформаға әуесқойлық // ҚӘ. 23. 06.2000. Қарақұлов М. Әліпби таңдайтын заман ба осы. 14. 05. 92. АТ. Әбіш Қ. Асықпа, сабырыңды сақта, қазақ. // ЖА. 25.10.94; Байтелесов, Ақтомпышқызы Ж. Әліпбимен алыса береміз бе // ОТ. 2002 18/08. Оралбеков О. Қазақ үшін бұл ғасыр қаріпке таласумен басталып, қаріпке таласумен аяқтала ма? //ҚӘ. 1.12.00;Әбілқасымов Б. Тарих тағылымын ескерсек // Ақиқат. 1995, № 3, 69 б. Асанов Н. Латынға көшу - баянсыз тірлік // ЕҚ, 27.12.00.);
3) кириллицамен де интернетке шығуға болады; орыс графикасымен халықаралық коммуникация жасауға келмесе де, бұл графикамен алдыңғы қатарлы технология жетістіктерін пайдалана аламыз; Париждің әлемдік интернет ақпараты 2001ж. 56 етіп қазақ тілін интернетке енгізді (Қазақ тілі әлемдің интернетке жол тартты // АТ. 15.02.01); орыс әріптері тілімізді байытады(Оралбеков О. Қазақ үшін бұл ғасыр қаріпке таласумен баста-
лып таласумен аяқтала ма // ҚӘ. 1.12.00; Нұржекеұлы Б. Жаңа жазуға көшу - барыңды жоғалту // 5.12.00. ЕҚ; Баймұханбетов C. Неутомимая жажда реформ // Каз. правда 1999, 16/X);латынға ауысу экономикалық, психологиялық проблема әкеледі,сондықтан үйренген осы кирил жазуымызға реформа жасап,
қазақ тілінің дыбыс құрамын орыс әліпбиінің 31 әрпімен ғана былай беруге болады деген де пікір бар екенін айта кеткеніміз жөн: ә- ае, һ - кх, - и, - уо, - гх, ү - уе, л - йо, - л, н - нг, - кк, ъ, - алып тастау (Прманов К. Звук и буква // Аргументы и факты. 2001 №25, №26);
4) жазу тұрақтылығы - рухани консерватизмді көрсетеді, жазуды өзгертпеу - мәдениетті елдің нышаны (Алдамжар Б. Парсылар латынды неге қабылдамады // Заң 13. 03. 96.);
5) латын жазуын қабылдау тіл (орыс, қазақ, ағылшын) проблемасын тудырады. Ағылшын тілінің әсері күшейеді. (Сұлтанмұратов Б. Қосылғыштардың орнын ауыстырғанмен қосынды өзгермейді // Қазақстан. 27.09.01).
Көне түркі графикасына ауысайық деген бағыт айналасына шоғырланған пікірлер арасында проф. Ә.Жүнісбековтің ұсынған әліпбиі ерекше. Ғалым әліпбиінің жазу графикасы тік, көлбеу және қиғаш үш сызықтан ғана тұрады, ал жуан дауысты үшін бір қиғаш сызық, жіңішке дауысты үшін екі қиғаш сызық алынған. Әліпби негізі дауыссыздарға табан тірейді. "Тұрқы бөлек жазудың шәкірт санаға тіл шығарар және психологиялық әсері болады. Сөйтіп барып, баланың тілінде ана тілдің айтылу
үлгісі қалыптасады, бір қалыптасып алған соң ол оңайлықпен бұзыла да қоймайды" дейді ғалым (Жүнісбек Ә. Төл жазусыз түгелдік болмас // АТ. 16.01.92).
Көне түркі графикасына көшуді сатылап жүзеге асыруды, ол үшін алдымен латын графикасына көшіп, келесі онжылдықта түркі жазуына түбегейлі өтуді көздейтін теориялық көзқарастар




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   78




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет