Білім беру бағдарламасы 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті», 5В020500 «Филология: қазақ тілі»


Тапсырма. Төмендегі Фердинанд де Соссюрдің пікірін пайдалана отырып,”Жазу тілді өзгерте ма?”атты пікірсайысқа дайындалыңыздар



бет44/78
Дата30.09.2023
өлшемі310,56 Kb.
#183114
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   78
Байланысты:
Қаз жазу тар,2020 сил
Документ Microsoft Word, казіргі қазақ әдебиеті, 1 lesson
Тапсырма. Төмендегі Фердинанд де Соссюрдің пікірін пайдалана отырып,”Жазу тілді өзгерте ма?”атты пікірсайысқа дайындалыңыздар.
“Сөйлеу мен жазу-бұлар екі түрлі таңбалар жүйесі:соңғысы тек сөйлеуді бейнелеу мақсатында өмір сүреді....Лингвистиканың пәні жазба өз бен ауызша сөздің қосындысы емес,ауызша сөз ғана лингвистиканың пәні болмақ.... Біз тіл тарихына барсақ та ,тілдің қазіргі күйін зерттесек те ,тілдің қағазға түскен жазба формасына қол созамыз,түптеп келгенде жазуға ерекше мән береміз...”Жазу ауызша тілді нашар бейнелеген сайын оның ауызша тілге табан тіреуі де күшейе түседі...письмо скрывает язык от взоров,оно его не одевает,а рядит”.”Для Соссюра письмо-это одеяние извращенности и порока личные разложения и притворства ,маска,из которой хорошая речь должна изгнать злых духов”.
Әдістемелік нұсқаулықтар:

  • Студенттердің пікірлерін талқылау, ұсыныстар мен нұсқаулықтарды енгізу.

  • Материалды жүйелеу, семинар сабаққа әзірленуге қажетті ақпараттарды өз алдына іздеу дағдысын қалыптастыру;

  • Сабаққа жүйелі дайындалуды, тапсырманы орындауда жауапкершілікке тәрбиелеу.

Өткізу формасы: пікірсайыс
Бағалау критерийлері:

  • Жазу туралы ғалымдар көзқарастарын білуі;

  • Жазудың дербес жүйе екендігін дәлелдей алуы;

Әдебиет: 5,13,20,32,40
3 семинар тақырыбы: Ауызша тілді жазба тілге кодтау процесі
Негізгі сұрақтар, тапсырмалар:

  1. Тілді ауызша тіл мен жазба тілге бөлудің себебі неде?

  2. Тілді таптастырудың жазба тілге қатысты жүйесін көрсетіңіз.

  3. Жазба тілді меңгеру сатыларын көрсетіңіз.

  4. Ауызша тіл мен жазба тіл арасында қандай аралық тіл бар?

  5. Не себептен ауызша тілдің өзіне тән ерекшелігі айқындалса, жазба тілдің белгілері екшеледі?

  6. Ауызша тілде сөз экономиясы не себептен болады?

  7. Жазба тілдің өзіндік белгілерін көрсету үшін ауызша тілдің ерекшеліктерін табудың себебі неде?

  8. Жазба тілдің өзіне тән ерекшеліктері қандай?

  9. Ауызша тілдің өзіне тән ерекшеліктері қандай?

  10. Жалпы графикалық ерекшелік, графикалық және графемдік ерекшеліктерге не жатады?

Қазақ тіл білімінде жазба тіл мен ауызша тілдің шекарасы ажыратылмағандық-тан,лингвистиканың зерттеу нысаны ретінде жазба тілдің әліпбиі, графикасы, морфологиясы, лексикасы мен синтаксисі танылып келеді. Қазақ тілінің дыбыс құрамы болып әріптер,грамматикалық формалары болып жазба тұлғалар, синтак-систік құрылымы ретінде көркем әдебиет стиліндегі үлгілі мәтіндердің синтаксисі, әдеби стильдегі лексикалық қор негізге алынып жүр. Осыдан барып сөйлегенде дәл қағаздағы тұрпатындай дыбыстау,жазба тілдің синтаксистік құрылысын қолдану дегенді қатеге(нормаға) санауға қақымыз болмайды.
Бүгінгі дәуірде әр тілде сөйлейтін адамның санасында нақты бір айтылым және естілім базасы қалыптасып келеді. Егер сөз сол базаға сәйкес келмесе, коммуникация мақсатына жетпейді. Мысалы,орыстілді адамның естілімі сөз ішіндегі бір буынның ерекше айтылуына,қазақтілді адамның естілімі сөз ішіндегі дыбыстардың үндесімділігіне,қытай,кәрістілділердің естілімі сөз тонына бағышта-лады. Осы естілім базасына сай келмеген сөзқолданыстар санадағы дыбыстық елеске ассоциация бермейді,сөз танылмайды:адам сөз мағынасын түсінбейді. Сол сияқты әр жазба тілдің графикалық,орфографиялық ерекшеліктеріне сай сол тілде жазатын,оқитын адамның санасында көзшалым базасы болады. Егер жазба мәтін сол базаға сәйкес келмес,коммуникацияға кедергі болады.
Мысалы, ағылшынжазулы адамның көзшалымы сөзді сурет ретінде көруге,қытайжазулы адамның көзшалымы сөзді идеограмма ретінде көруге,ал орыс,қазақжазулы адамның көзшалымы сөзді әріп тіркесі ретінде көруге бағыш-талған. Егер көзшалым санадағы графикалық кодты тітіркендіретін реакцияны байқамаса,ассоциация туғызатын форманы жазбаса,не көрмесе,жазба коммуника-ция жүзеге аспайды. Естілім мен көзшалым,айтылым мен жазылым-екі басқа жүйенің процестері,ауызша тіл мен жазба тілдің категориялары.
Біз аузымыздан шыққан сөзді сол қалпы қағаз бетіне түсіре алмаймыз және жазылған сөзді сол қалпы ауызша түрде баяндап бере алмаймыз. Екі тілде өз адресаттарына жеткізетін коммуникация тәсілдері бар. Әр жүйе өз әдіс-тәсілін пайдаланып қана қарым-қатынасын жүргізе алады.
Қазақ жазуында түбір морфологиялық,қосымшалардың және кейбір мағынасы көмескі қой/ғой,гөрі/көрі шылауларының және мағынасы күңгірт деп танылатын түбір сөздердің фонетикалық принциппен жазылуы ауызша тіл мен жазба тіл арасын айыруға қиындық келтірді. Мектепте тілдің дыбыстық құрамы деп әріп таңбалары,тілдің грамм. құрылысы деп жазуда таңбаланатын қосымшалар түсінді-рілді. Орфоэпия жазба тілдің фонетикасы толық оқытылғаннан кейін ғана бір-екі сағат көлеміне сыйдырылып түсіндірілді. Одан кейінгі уақыттың бәрінде қазақтілді адам санасында жазба тіл мен ауызша тіл арасы айқындалмай,жазба тіл бірліктері басым сипат алды. Сондықтан қалай жазылса,солай оқитын,қалай естісе,солай жазатындар көбейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   78




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет