Білім беру бағдарламасы 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті», 5В020500 «Филология: қазақ тілі»



бет46/78
Дата30.09.2023
өлшемі310,56 Kb.
#183114
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   78
Байланысты:
Қаз жазу тар,2020 сил

Екі тілдің кодталу процесі. Сонымен,ауызша тіл мен жазба тіл ойды сыртқа шығарудың екі түрлі код жүйесі болып табылады. Жалпы тіл білімінде жазу мен ауызша тілдің параллель жатқан екі код жүйесі екенін А.Макинтош, В.Хаас, Л.Ельмслев, А.Мартине, А.Е.Кашеварова, Л.Заводовский сынды зерттеушілер айтты. А.Макинтош жазба тіл мен ауызша тіл бір-біріне қиыспайтын параллель жатқан жүйе және тіпті біреуінде бар дүние екіншісінде қайталанбайтын ерекшілігі бар параллель деді.В.Хаас жазу мен сөйлеу арасын екі түрлі тіл арасы іспеттес қарау керек. Біреуінен екіншісіне аударма жасағанда барлық уақытта сәйкес түсе бермейді және кейде аударылмайды деді. Л.Ельмслев тілді семиотика деп,басқа семиотика сияқты ол да аударылады деді.
А.Мартине,А.Е.Кашеварова,Л.Заводовский жазу код,ол шартты,конвенционалды жүйе оның қасында басқа код жоқ тек тіл бар деді. Ф.В.Хаусхальдерп жазба тілді ауызша тілге айналдыру керісінше айналдыруға қарағанда оңай және ережелері аз болып шығатынын айтты.(Мәліметтер Т.А.Амированың «К истории и теории графемики» атты кітабынан алынды.)
Л.В.Зиндер: «Жазу акустикалық сигналды оптикалық сигналға айналдыратын код түрі» деген. Ғалымдар егер жазу мен ауызша тіл бір десек,олар пайда болу мерзімі мен физиологиялық базасы жағынан өзгешеленеді,егер жазуды сөйлейгенді сол қалпында қағазға түсіру құралы десек,жазу сөйлеудің барлық қалтарыстарын қайталай алмайтыны және қайталауға көнбейтіні белгілі деді. Былайша айтқанда, адам санасында туған ұғым,түсінік,ой,пайымдаулар-барлығы бір мезгілде сол санадығы бейнесіндей сыртқа шығып,сөзге айнала алмайды,сөзге айналатындары сана мен тіл арасындағы «өткізгіш-сүзекіден» өткен,дәлірек айтқанда,өте алған, сөзге аударыла алған бейнелер болады.
Сол сияқты ауызша тілден жазуға сатыланғанда сүзекі жоғарыдан тарыла бастайды. Ішкі сөйлеудегі жүйесіз құрылым қалыпқа түсіп,стандартталуы жазба тілде мықтап жүзеге асатыны сондықтан. Бір қарағанда ауызша сөйлеуді біраз меңгерген бала мектеп табалдырығын аттап,сауат ашқанда жазба тілді оңайылық-пен игере қоймайды. Әріптерді дыбысқа айналдырып,буын құрай алмай,буынды сөзге айналдыра алмай,едәуір қиналады. Ал естіген сөзді әріптер арқылы құрасты-рып,таңбалауды сауатты түрде меңгеру ұзақ уақытқа созады. Сөзді буынға жіктеп, тұтас оқу қиындығы белгілі. Былайша айтқанда,өз тілінен басқа екінші тілді үйре-нудің қиындығы сияқты. Кезінде Х.Досмұхамедұлы «нағыз орыс көбіне жасында үй ішінде үйренген тілімен сөйлейді,оқыған түріктер орыстың әр дыбысын ішкөл-де үйренген қалпымен айтады. Сондықтан орыс ішкөлде қатар оырс,өазақ балдары диктобке жазғанда қазақтар хатасыз жазады,орыстар хатамен жазады» деген болатын. Бұл ауызша тілді жасынан меңгерген бала сол тілдің жазуын меңгер-генше екінші тілді үйренгендей болады,ол тілдің жазба формасын меңгеруге де көп уақыт керек болады дегені. Сондықтан да шет тілін тілдік ортасыз,кітап оқу және жазу арқылы үйреніп алдым деуге болады,бірақ тілдік ортаға түскенде жазу мен ауызша сөйлеу арасында сәйкеспейтін параллельдердің көптігіне көзің жетеді.
Жазуды меңгеру сауатты жазумен ғана шектелмейді. Онымен қоса ауызша сөйлеу мәнерін де жазба мәтінге лайық сөйлеу нормасына айналдырып үйрену керектігі шығады. Ауызекі тілде толымсыз,жақсыз,жалаң сөйлемдер,қарабайыр сөздермен, зкпрессивті сөздермен,кинесикалық амал-тәсілдермен ойын жеткізіп,үйреніп қалған бала жазба мәтін арқылы ойын қалай берерін білмей қиналады. Жазба дәстүрді игеруге уақыт көп кетеді. Ауызша құрған ой жазба мәтінге аударылып, мәтін сөзге аударылып қана түсінікті болады. Бұның ең қарапайым мысалы ретінде бастауыш сыныпта оқитын баланың оқулықтардағы мәтінді қабылдай алмай үлкендерге түсіндіріп беруін сұрайтынын айтсақ та жеткілікті. Л.В.Щерба: «Кез келген мәтінді түсіну үшін алдымен оны сөйлеу тіліне аудару керек»деген.
Қазақ тіл білімінде әр тілдің өз нормасы мен жүйесі болатынын,сондықтан оларды бір-біріне айналдырып алып қолдану керектігін ең алғаш айтқан ғалым-профессор Р.Сыздық болады. Ғалым жазба тіл мәтінін сол қалпы қайталамай, сөйлеу тезіне салып оқуды қадағалайды.
Жалпы жазда тілді ауызша тілдің тезіне салу,жазба тілді сөйлеуге кодтау дегеннің негізінде не жатыр? Кодталу мүмкіндігі немесе кодталынбау деген ұғымдар нені білдіреді? Біздіңше,бұл процестің теориялық та,практикалық та қажеттілігі болады. Теориялық маңызына екі тілдің форма не норма емес,екі түрлі семиотикалық жүйе екенін,әрқайсысының коммуникация жасауда өз әдіс-тәсілдері бар екенін пайым-дау жатады. Ал практикалық маңызына мәтінді жазба тілдің тезіне салып оқу немесе жазба тілдің тезіне салвп құру,сөзді ауызша тілдің тезіне салып айту және сөйлеудің тезінде қабылдау (нормасыздық деп танымау) жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   78




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет