Білім беру бағдарламасы 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті», 5В020500 «Филология: қазақ тілі»


Ауызша тілдің жазба тілге кодталу сатылары



бет47/78
Дата30.09.2023
өлшемі310,56 Kb.
#183114
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   78
Байланысты:
Қаз жазу тар,2020 сил
Документ Microsoft Word, казіргі қазақ әдебиеті, 1 lesson
Ауызша тілдің жазба тілге кодталу сатылары. Сонымен,ауызша айтылған белгілі бір ақпарат жазба тілге қалай кодталады? Процесті түсіндіруді оңайлату үшін дыбысталған мәтінді жазба мәтінге кодтау сатысын көрстейік. Мұнде ауызша әңгімеленген оқиғаны тыңдап алып,қағазға түсіру процесі негізге алынады.
І кезекте ауызша айтылған ойдың жалпы мазмұны,оқиға не ақпараттың мәні екшеледі, яғни мәтіннің тілдік,грамм. ерекщеліктері,ақпарат жеткізудегі тілдік тәсілдері назардан тыс қалып,алдымен оқиғаның мазмұны туралы түсінік қалыпта-сады. ІІ кезекте ауызша тілдің синтаксистік жүйесін жазба тілдің синтаксистік жүйесіне айналдыру тұрады. Адам миына келіп түскен ақпараттың оннан бірі ғана санаға қабылдануы мүмкін. Бірақ ол тілге кодталғанда ақпарат көлемі ұлғайып кетеді екен. Себебі оған ұғымдық жүйедегі ақпараттар қосылады,сондықтан адам ол информация туралы анығырақ біледі. Ауызша тілдегі осы ұлғайып баяндалған оқиға жазба тілге кодталғанда өзгеше синтаксистік құрылымға ие болады:вербалды емес құралдар вербалданады,сөйленімдегі жасырын мазмұн тілдік тәсіл арқылы эксплициттенеді,сөйлем құрылысы негізгі мағынаны нақтылауға ұйымдасады. Айтылымда сөйлеуші тура байланыстағы тыңдаушының қабылдау психикасы мен тезаурусына,перцепциялық қабілетіне сүйеніп,алдыңғы орынға маңызды информа-цияны алып,сөздің қалған бөлігін соған қызмет еткізсе,жазуда бұл сөйлем соңында жүреді. Просодикалық құралдардың күрделі жүйесі пайдаланылған ауызша итілдің мазмұны жазба тілде тілдік тәсілдерге көшуіне тура келеді. Мсысалы, олгезде ғайда-а-а-а; Сіздің бұл пікіріңізбен /мен қосұла алма-а-айм,себебі бұл баяғы гезден, қазіргігез өзгеше,баяғы көшеге шығып,көрінген тастың үстіне шығып айғайлап,немесе жаңағы байбалам салатын уақыттан өттік. Қазіргі гезде заң талаптарын,заңды түрде талап етіп,заңымыздың жүрмсей жатқан жерлерін зерртей отырып/мына жер жүрмей отыр,мынадай жаңағы құқықтық базасы жетілмеген деген сияқты нақты мысалдар арқылы,нақты ұсұнұстар арқылы ғана қолымыз жетет. Бұрұңғыдай бас айғай бізге қазір ешқандай табыс әкеле қоймайд деп ойлайм. (Қазақ радиосы.Сұқбат).деген сөйленімде қосыла
алма-а-айм,ғайда-а-а-а,баяғы гезден,заң талаптарын,заңды түрде,заңымыздың жүрмей жатқан жерлерін,нақты мсалдар,нақты ұсұнұстар деген сөздер жоғары тонмен,басыңқы дикциямен айтылған,бұл сөйленімдегі негізіг айтайын деген ойдың акценттілігін танытқан. Алайда жазба тілде сөздің бұл прагматикасын беру мүмкіндігі болмайды.
Жалпы,қазақ тіл білімінің басқа деңгейлеріне қарағанда сөйлеу синтаксисі ғалымдар назарына көбірек ілінді. Ол көркем әдебиет тілін зерделеу,шығарма кейіпкерлерінің сомдалуын бажаулау,диалог сипатын анықтау сияқты әртүрлі мақсатта қарастырылады. Және әдеби тілге оппозиция құрайтын сөйлеу тілі ретін-де зерттейді. Бұл бағытта профессор Р.Әміровтың «Ауызекі сөйлеу тілінің синтак-систік ерекшелігі»,және «Қазақ әдеби тілінің мәселелері» атты авторлар ұжымы-ның еңбектері бар. Алдыңғы еңбекте зерттеу материалы ретінде диалог мол ұшы-расатын Б.Майлин шығармалары көбірек пайдаланылса,соңғы еңбекте жазба тілге тән үйірлі мүшелердің,қыстырма сөздердің,оңашаланған айқындауыштардың сипа-ты әңгіме болды. Біз құрмалас сөйлемдердің шоғыры тек жазба тілде көп екенін білеміз. Алайда жазылған міһәтінге табан тіремй сөйленген шешендік сөздерде де құрмалас сөйлемдер кездесетінін көруге болады.
Сонымен,жазба тілдің бір ерекшілігі және қиындығы ойды сыртқа шығаруда,ақпарат беруде тілдік бірдіктерді көп қолдану,содан барып, мәтіннің үлкен,сөйлемдердің ұзақ болып кетуі болып отыр. Бұл берілген ой немесе ақпарат-тың тез ұғынылуын қиындатады. Және уақытты алады. Сондықтан жазба тілдің осы кемшілігін жоятын амал-тәсілдер пайда болуы мүмкін бе? Соңғы уақытта графикалық кодты жетілдіру мақсатында жазуды қысқарту ,аз таңбаға көп мағына сыйдыру,жазу уақытын үнемдеу,жазу биомеханикасы ,буын арқылы жазу, стенографиялық жазу , мәселелер көтеріліп жүр. Сондай-ақ,интернет кеңістігінде хат жазысудың узуалды түрлері пайда бола бастады. Қалыпты нормалан ауытқы-ған жазу нормасы,жазудың телефон қызметінде жұмсалуы,ауызша тілге жақындауы,әсіресе ағылшын,француз жазуымен берілген ақпарат алмасуларында көп екен. Мысалы,француз тілінде 80%,ағылшын тілінде 70 %,орыс тілінде 50 %кездеседі екен.
Қалай сөйлесе солай жазылған мәтіндер,былайша айтқанда,телефонның функциясын атқарады. Адам сөйлесіп отырған адамын көрмесе де,дауысын естімесе де,оның қалай сөйлесе,солай жазған мәтініне қарап дауысын естігендей болады. Сөйтіп,жаңа қатынас жүйесінде ауызша тіл мен жазу өзара беттескендей болады. Интернет арқылы коммуникация жасаушылар үшін ой мен оның жазба көрінісі сонхронды. Бүгінде мәтіннің жалпы сипаты да өзгеру үстінде. Оған тағы ғылым мен техника прогресі,әсіресе интернет кеңістігі себепкер болып отыр.
Сөйтіп,ауызша тіл синтаксистік құрылымын,жазба тілдің синтаксистік құрылымына көшіруде грамматикалық тәсілдердің жүйеленуі;сөйлем мүшелері байланысының жүйеленуі;басы артық,ақпарат бермейтін бірліктерді қысқарту процестері орын алады.
ІІ кезекте сөйлемді таңбалау үшін дыбысты әріпке айналдыру процесі жүреді. Ол үшін:І.1)Дыбыстық құрақты әріп құрағына айналдыру,айитылған дыбыс түрленімнің негізгі реңкін тану-дыбысты фонемаға айналдыру; 2)фонеманың тілдік санадағы графикалық ассоциясын-графемасын табу; 3)графеманың жазу контексіне сай әріп түрін жазу(баспа,жазба әріп,бас әріп,кіші әріп,идеографиялық сипат);4 )сөйлемнің прагматикалық сипатына сай әріптің майлы, ашық, курсив, бояулы түрін табу,ІІІ кезекте ауызша тілдің лексикалық жүйесін жазба тілдің лексикалық жүйесіне кодтау. Проф.Т.Әміров ауызекі сөйлеу тілінің лексикасында өзгешілік барын айтқан. Ауызша тілдің мағыналық құрылымын түсінуге жағдай,тілдік орта,тілдесушілердің аялық білімі,танымы,ым-ишара, мимика, интонациясы мүмкіндік жасап,диалог ішіндегі әрбір лексема сөйлеушінің ұсынып отырған мағынасында(кейбір тілді дұрыс білмейтіндердің арасында болатын ерекше жағдайларда болмаса) ұғынылады,тыңдаушыға сол мағынасында жетеді. Сондықтан ауызша тілде сөздер тура мағынасында қосымша анықтауыштарсыз қолданылады. Ал жазба тілде әрбір жазылған сөз көбінесе өз бойындағы бүкіл мағыналық белгілерімен қоса ұғынылып отырады да,жазба тіл жайылма сөйлем, сабақтас құрмалас,аралас құрмалас сөйлемдерге ұласып кетеді. Ауызша тілдің сөздік қоры үнемі мағыналық жылжуда болады. Әр тілдік жағдаятта белгілі бір лексеманың бойына жаңа мағыналық реңк жамалуы мүмкін. Оны тілді тұтынушы да,сөйлеуші де байқамай қалуы ғажап емес. Және оның тілдік жүйеге айналуына да ұзақ мерзім керек болады. Бірақ бұл тұрғыдан жазба тілдегі лексикалық бірлік-тердің мағынасы тілдік бірліктің өзімен сәйкеседі де,екеуі бір бүтін болып,ауызша сөйлеу тіліне оппозиция болады.
Ауызша тілді жазба тілге айналдырудың лексикалық деңгейінде 1)денотат, сигнификаттардың жазба тілдегі атаулық нормаларын екшеу;2)жаргондық сөзқолданыстарды әдеби сөз вариантына айналдыру; 3)жергілікті,қарапайым, ауызекі сөйлеу элементтерін әдеби тілдегі баламасына көшіру;4 )ауызша тілдегі қысқа аталымдарды жазба тілдің тіркесті толымды аталымына айналдыру(біздің гимн-ҚР гимні) процестері жүреді.
Ауызша тілде кенеттен пайда болатын формалар,жаңа сөздер мен қолданытар жазба тілде редукциялануы немесе лексикалық нормаға сай берілуі мүмкін. Академик Л.В.Щерба стандарт құрылымнан,әдеби сөздерден ауытқыған сөздер мен құрылымдарды тыңдау керек,зерттеу керек,өйткені ол тілдің даму бағытын көрсетеді деген. Күнделікті өмірдегі ауызша сөйленістерден көптеген бейнормалықты көруге болады. Ол нормасыздық деп тауып отырғанымыздың көбі кейде жазба тіл үшін ғана болып шығады,ал ауызша тілдің сөйлеу нормасына сәйкес келеді. Оны тыңдаушы да,сөйлеуші де қате деп таппайды. Ондай жағдайлар,негізінен,ойды тезірек,асығыс сыртқа шығаруға ұмтылудан туындап жатады. Ауызша тіл спонтанды құбылыс,онда қарым-қатынасты қарапайымдан-дыру,жеңіл,оңай ету жағы көбірек қарастырылады. Н.Хомский өлі тілдің ғана жазуынан құрылым табуға болады,ал тірі тіл жанды сөз,сондықтан тіл құрылымын табу қиын деген.
Не себептен жазба тіл әдеби норма элементтеріне сай болу керек. Өйткені жазба тіл ауызша тілдің элементтерімен сөйлесе,мәтіннің коммуникация жасау күші әлсірейді. Оны графикалық ассоцияцияда қабылдайтын сана жазба тіл ретінде танымайды.
ІV кезекте ауызша тілдің морфологиялық жүйесін жазба тілдің морфологиялық жүйесіне кодтау процесі жүреді.
1)ауызша тілде сөздер бір-бірімен семантикалық жағынан күшті байланыста болады. Вербалды емес коммуникация тәсілдері (мимика,жест, интонация,пауза, т.б.) сөздердің грамматикалық формасыз байланысуына түрткі болады. Сондықтан ауызша тіл вербалды емес тәсілмен берілген мамұнды тілдік элементтермен бергенде сөздердің логикалық,семантикалық,жасырын байланысы жазба тілде вербалданады. Ол грамматикалық формалардың кеңінен қолданылуына, синекдо-халық метонимиялық қолданыстардың грамматикалануына бастайды.(Алматыда-Алматы қаласында,бізде-біздің елімізде,оларда-Қырғызстан жерінде). Ауызша тілде әсіресе етіс формаларының,ілік септік пен табыс септік жалғауларының жалған қолдануын байқауға болады. Бірақ сөйленім сонда да коммуникантқа түсінікті болады. Алайда оны жазба тілге грамматикалық формаларсыз немесе жалған нормамен қолдану арқылы кодтау жазба тілдің мәтініне кедергі келтірері сөзсіз.
Сондай-ақ ауызша тіл жүйесінде жиі көрінетін формалардың дыбыстық варианттары(мысалы,көптіктің–л ар,-дар,-тар,септіктің –нұң,-нүң,-дүң,-тұң),қысқарған формалар(барам,бересаш,кетчей) жазба тілде инвариант формаларға айналады. Проф. Р.Әміров жазба тілге қарағанда ауызша тілде септік жалғауы көп қолданылады деген тұжырым жасаған:берілгендіктен-бергеннен соң,айтылғанмен-айтылса да. Сондай-ақ М.Исаев апаларым деген қалыпты норманың орнына апамдар,әкеңдер,жездемдер деген сөйлеу тілінің элементтері шыға бастады деген. Ал ІІ жақ жалғауының бүгінде әдеби тіл нормасы саналып жүрген –сың,-сің варианты сөйлеу тілінен енген формалар болып шыққан.
Сонымен, ауызша тілдің барлық деңгейлері жазба тілге кодталғаннан кейін, жазарман енді өзі құрған мәтінін оқып,қайта өзіне қабылдау сатысына келеді. Өйткені қайта оқу жазарманның мәтінді жазба тілдің тезіне салып қабылдауына, графикалық мәтіннің орналасуынан бастап,азатжол,тыныс белгі,қаріп түрлері,әріп таңбаларына дейін,енді оқырман «рөлінде» жазба тілдің жүйесімен қабылдауына мүмкіндік береді. Бұл-жазба жүйеде ақпараттың дәл жетуін қалайтын жазарман позициясын ескеруден шығатын соңғы акт. Ол стильдік өңдеу, редакторлау, толықтыру, жөндеу жұмыстары дегенге саяды. Стилге салу жазылған ойдың оқырманға тез,дәл,нақты жету жолдарын қарастыру.
Сонымен,бұл ауызекі сөз—ауызша тіл—жазба сөз—жазба тіл бағытындағы кодталу сатылары болып табылады. Көрсетілген процесті сауатты адамның барлығы жақсы меңгере бермейді. Мұнда жазба тілдің нормасын меңгерген жазу шеберлігі қажет. Бұл деңгейдегілердің санасында ауызша тілге қарағанда жазба тіл жүйесі басым орналасады.
Енді жазба тілдің ауызша тілге кодталу сатыларын көрсетейік.
І.Мәтінді оқу. Ол екі түрлі болуы мсүмкін:1 )Көзбен қармап көру арқылы графикалық контексте түсіну,яғни іштей оқу.2 )Дауыстап оқу. Мұнде әріп санадағы графема-фонема жүйесімен ассоциацияланып,сыртқа дыбыс реңктері болып шығады. Әріпа дыбысқа айналады.
ІІ кезекте жазба тіл жүйесінде берілген ойдың мазмұндық жағы екшеледі. Оқырман санасында ақпараттың негізгі мәні түсінік ретінде қалыптасады. Түсінік ойлау және пайымдау арқылы тілдік санаға елес болып түседі.
ІІІ кезекте осы ой мен пайымдау көрінісін сыртқа ауызша тіл жүйеі мен тәсілдері,бірліктері арқылы шығару тұрады. Яғни жазба тілдің графемдік жүйесі ауызша тілдің дыбыстық жүйесіне,жазба тілдің синтаксистік, морфемдік, лексикалық деңгейі ауызша тілдің өзіндік деңгейлері тәсілдеріне кодталады. Мәтіндегі мазмұн ауызша сөзге әсерлі,дәл,нақты болып кодталу прагматикасы қарастырылады.
ІV кезекте ауызша тіл жүйесімен дыбыстық тілге кодтау орын алады. Ол екі түрлі болуы мүмкін:еркін және жазба тіл құрсауында баяндау. Біріншісінде ауызекі сөйлеу элементтері көп,синтаксистік құрылым нормаға сай емес,тосын құрылым-дар болады,бірақ сөйленім аудиториясында түсінікті келеді. Екіншісінде,жазба тіл жүйесі сақталады. Жазба тілдің синтаксистік құрылымында баяндау лексикалық, морфемдік деңгейін ауызша тілге кодтамау жаттанды әсер қалдырады:ақпарат әсер етпейді. Өйткені,әріп фонема арқылы танылып,дыбыс қорына айналғанмен,яғни ауызша тілдің орфоэпиялық нормасы сақталғанмен,жазба тілдің басқа деңгейлері ауызша тілдің тезіне салынған жоқ.
Сондықтан,әр тілдің өз жүйесі мен бірліктерінде,нормасы мен заңдылықтарында берілмеген ой адресатына жетпейді. Ауызша тілде-дыбыс,дыбыс тіркесі үндесім, үйлесім заңы,тон,екпін,интонация,мимика,кідіріс,логикалық екпін;жазба тілде-әріп,бас әріп,кіші әріп,азатжол,босаралықсыз,босаралық,қосаралық,тыныс белгілер графикалық,орфографиялық,орфоэпиялық ережелер әр жүйенің өзіндік коммуникация тәсілдері мен бірліктерін көрсетеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   78




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет