Білім беру бағдарламасы 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті», 5В020500 «Филология: қазақ тілі»


Тапсырма. Қазақ жазуындағы қ-к, ғ-г дыбыстарын жеке таңбалаудың себептері айтылған төмендегі пікірді негізге ала отырып, өз ойларыңызды ортаға салыңыздар



бет50/78
Дата30.09.2023
өлшемі310,56 Kb.
#183114
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   78
Байланысты:
Қаз жазу тар,2020 сил
Документ Microsoft Word, казіргі қазақ әдебиеті, 1 lesson
Тапсырма. Қазақ жазуындағы қ-к, ғ-г дыбыстарын жеке таңбалаудың себептері айтылған төмендегі пікірді негізге ала отырып, өз ойларыңызды ортаға салыңыздар.
Қазақ тілі дауыссыздарының ішінде фонемалық статусы дау туғызып келген қ-ғ, к-г дыбыстары болды. Осыған орай бұларға екі әріп арналу керек пе, әлде төрт әріп арналу керек пе деген мәселе А.Байтұрсынұлы әліпбиінен де бұрынғы жазу кезеңдерінде шықты.
Көне түркі жазуы дауыстылардың жуан-жіңішкелігін дауыссыз дыбыстардың жуан-жіңішке таңбаларымен көрсетті. Дауысты дыбыс әріптерінің көбейіп, дауыссыздар саны азайған кейінгі жазу кезеңдерінде дауыссыздың екі жұбы қатар сақталған қ-ғ, г-к әріптері болды.
Түркі халықтарының ішінде төрт таңбаны да әліпби құрамында қалдырған қазақ графмикасы болып табылады. Ал түрік, өзбек, қырғыз, әзірбайжан, татар жазуларында бұл дыбыстарға әліпбиде екі таңба арналған: фонемалардың жуан, жіңішкілігі іргелес келген даыстының әуеніне байланысты ажыратылады.
Қазақ әліпбиінде қ-ғ, к-г, таңбаларының сақталуы А.Байтұрсынұлының төте жазуынан басталады. Ғалым “қ, к, ғ, г дыбыстары ауыздан шығу орны бір-бірінен алыстап кеткен, бұларды бір-бірінің жіңішке түрі деу қисынсыз”, сондықтан төрт дыбысқа төрт түрлі әріп арналсын деген. Ал Қ.Кемеңгерұлы аталған фонемалардың өзіндік жуан-жіңішке варианттары қалыптасып келе жатқанын айтқан.
Қырғыз тілінің әліпбиін түзген К.Юдахин: “к-қ, ғ-г дыбыстарының айырмашылығы басқа дауыссыздардың айырмашылығынан ерекше емес. Егер бұларға жеке таңба берсек, басөа дауыссыздарға да жеке таңба беруіміз керек” деп, 4 дыбысты 2 таңбамен беруге болатын тілдерге қазақ, қырғыз, ноғай, қарашай, балқар тілдерін жатқызады да, өзбек, әзірбайжан, ұйғыр әліпбиінде 4 таңба арналу керек. Өйткені соңғы тілдер тобында сигармонизм заңы бұзылған дейді. Бірақ іс жүзінде керісінше болды: өзбек, қырғыз, әзірбайжан, татар, түрік тілдері әліпбиінде екі таңба (к,г) алынды да, қазақ графикасында төрт әріп төрт дыбыс –фонемаға арналды.
Дыбыс –фонема инварианты немес варианты екенін анықтауда сол тілдің вокализм жүйесімен тіркестіріп көру әдісі қолданылады. Бұл тәсілді ең алғаш ұсынған К.Юдахин мен А.Сухотин қа, қо, қы, құ, ға, ғо, ғы, ғұ тіркесімі ғана бар, бірақ қе, қө, қі, қү, ғе, ғө, ғі, ғү тіркесі болмайтын және керісінше болмайтын барлық тілдерден қ және ғ әріптерін алып тастау керек, бұл дыбыстар фонемалық тұрғыда үндесім заңы бұзылған тілдерде және қ, ғ жіңішке дауытылармен, к, g жуан дауыстылармен (қәбір, лұғәт, қәйри, katib) тіркесе алатын тілдерде таңбалана алады деген.
І. Кеңесбаев “[қ] мен [к] бір фонеманың екі түрлі айтылуы (немесе жуанды, жіңішкелі варианты) деп қарау дұрыс емес: жуан дауыстылардың [қ] мен жапсарласып, жіңішке дауыстылардың [к] мен жапсарласып келуі де, жасалу (артикуляциялық) орны жағынан бұл екеуі әр қилы болып келуі де, ([қ] тіл арты арқылы жасалады да, [к] тіл ортасы арқылы жасалады) бұлардың екі түрлі фонема екенін дәлелдейді; [ғ], [г]-нің де бір-біріне қарым-қатынасы осы тәрізді. Қазақ тіліндегі дауыссыздардың жуанды-жіңішкелі болып келудің фонематикалық мағынамен байланысуы тек [қ]-[к], [ғ]-[г] тобында ба деп түсінуіміз керек; [қ]-[ғ]-ның жасалу орны бір бөлек, [к]-[г]-нің жасалу орны екінші бөлек болып келуі тәрізді қасиет өзге дауыссыздарда тіпті байқалмайды. Өзге дауыссыздардың ( мәселен, [т], [з], [р] т.б.) әрқайсысының жуан-жіңішкелі болып келуінің фонематикалық мағынаға әсері жоқ; от, оз, ар дегендегі т, з, р жуан айтылады да, өт, өз, өр дегенде бұл дауыссыздар жіңішке айтылады. Солай бола тұрса да, бұл жуан-жіңішкелік өздігінен тұрып сөзге мағыналық ұйытқы бола алмайды. Арнаулы бір зге дауыссыздың жуан-жіңішкелігінің бір-бірінен қ-к, ғ-г тәрізді артикуляциялық үлкен ацырма болмайды” деп анықтайды. Сөйтіп, ғалымның пікірі А.Байтұрсынұлының пікірімен үндес келеді.
Ал проф. Ә.Жүнісбек: “екі жұптың айырмасы тілдің қалпы мен ерін конфигурациясында ғана, әйтпесе [к] мен [қ] фонемаларының реңктерін (9 түрлі) біріктіретін болсақ, онда дауыссыз фонема реңктерінің толық қатарын көре аламыз” дейді. Ары қарай [г], [ғ] туралы: “ Что касается фонем [g] и [g], то мы сомневаемся что они исконно казахские, скорее всего они были позиционно-комбинаторными (в зависимости от фонетической ситуации то смычными, то щелевыми) оттенками глухой смычной средноязычно-увулярной фонемы [к] [қ]. Однако интенсивное вторжение арабо-персидских слов с их гортанными звуками и русские заимствования с их самостоятельной фонемой [g] послужили причины появления этих фонем на непривичных для них местах” деп қорытады.
Сондықтан ғалым: қазақ тілінде 17 дауыссыз, 19 дауыссыз дыбыс әрпі бар дейді. Сонымен, қазақ тіліндегі дауыссыз дыбыстардың фонемалық статусын анықтауда дыбыстың тоғыз түрлі сингармовариантта айтылуын ескердік. Сонда қазақ тілінің төл фонемалары тоғыз дауыстымен тіркес құрап, морфема құрамында кездесе береді. Ол тіркесім, байқап отырсақ, жазуда да көрініс табатын позициялар болып табылады. Алайда дыбыстар сөйлеу тіліндегі үздіксіз (линейный) құбылыс болғандықтан, олардың түбір ішінде, буын, сөз, сөз тіркесі жігіндегі тіркесімі шарт емес. Сондықтан, <қ>, <к>, <ғ>, <г> фонемаларының жеке-жеке тоғыз түрлі сингармоварианттары сөз тіркесі шенінде кездесетінін оңай тауып алуға болады. Мысалы: /екі ай/ -[екай], /екі орын/ -[ек орұн], /еуі өлең/ -[ек өлөң], /қырық өтірік/ -[қырығ өтүрүк], /екі ұры/ -[ек ұрұ], /екі лақ/ -[ек ылақ], /қырық ән/ -[қырығән], /қырық екі/ -[қырығекі], /қырық үш/ -[қарағүш], /қырық ішік/ -[қырығішік], /көк ала/ -[көгала], /көк орай/ -[көгарай], /көк ұрсын/ -[көгұрсұн], /көк лақ/ -[көгылақ].
Ендеше <қ>, <к>, <ғ>, <г> фонемаларының әрқайсысы дыбыс парадигмасындағы басқа дауыссыз сияқты жуан-жіңішке, еріндік-езулік варианттармен түрлене алады екен. Осыған орай Н.Уәлиұлы “тіл үндестігіне ілінбей жүрген” “шәлкес тіркестер”(құрмет, құдірет, қошемет, мәслихат, рақмет, қабілет, қасірет, қауесет, қиямет, қажет, қолет, қауырт, қазір, камшат, қабір, қауіп, қате, қанден, іждағат, қадім, қасиет, қапер қатер, қорек, құзірет) сөйлеуде жіңішке әуезде айтылатынын оңай байқауға болады дейді. Мысалы: [қүрмөт], [қүдүрет], [қөшемет], [мәслійхәт], [рахімет], [қәбілет], [қәсірет], [қәуөсет], [қійәмет], [қәжет], [қөлет], [қәдір], [қәзір], [камшат//кәмшәт], [қәбір], [қәуүп], [қәте], [қәнден], [іждәғат], [қәдім], [қәсійет], [қәпер], [қөрек], [қүзірет].
Ендеше А.Байтұрсынұлы әліпбиінде негізделген, қазіргі қазақ жазуында жалғасын тапқан <қ>, <к>, <ғ>, <г> фонемаларының бір-бір таңбаға ие болуы “бір фонемаға бір әріп” деген қазақ графикасының қағидасына сәйкес. Әріпке ие болатын дыбыс өзінің дыбыс қоры болуымен ерекшелену керек десек, аталған фонемалардың дыбыстық қоры мынадай:
<қ> [қ] [ақ] ақ, [қылт] қылт, [қол] қол, [құш] құш, [қ] [қәзір] қазір, [тығішіңе] тық ішіңе, [қөлет] қол ет, [құлірет] құдірет.
<ғ> [ғ] [ғасыр] ғасыр, [шығын] шығын, [ғой] ғой, [ғұн] ғұн, [ғ] [жоғән] жоқ ән, [қырығішік] қырық ішік, [ағөлөң] ақ өлең, [жоғүн] жоқ үн.
<г> [г] [көгала] көк ала, [көгұрсұн] көк ұрсын, [теготрұу] тек отыру, [г] [гәп] гәп, [jегіз] егіз, [jегде] егде, [бүгүн] бүгін, [гөрү] гөрі, [гүр] гүр.
Тілдің даму жүйесінде қатаң дыбыстан ұяң дыбысқа қарай даыстың жұмсару процесі белең алатын сияқты. Мысалы, XVIII-XIXғғ. араб жазулы ескерткіштер тіліндегі чықармасаңыз, йоқарыда, жолуқұсұб, достылықым, йарлықым, йаманлықына, тынычлықын, қылғанлықы деген сөздер бүгінде ғ дыбысымен айтылып, жазылады. Сондай-ақ қазіргі қазақ тілі айтылу нормасында <т> фонемасы [д] вариантында жұмсалатын сияқты: тат басу -[тадбасұу] (Әдетте үйлестік қатаң дыбыстың ұяңды өзіне айналдырып алуымен сипатталатын еді: тат басу -[тат пасұу]). Кезінде Т.Шонанов: “Шамасы, түбінде біздің сөз басындағы к дыбысымыз айтылымда г дыбысына айналатын сияқты.ал түрікмен, осман және тағы басқа оңтүстік тілдер қазірдің өзінде г-ге айналдырып алды” деген екен.
Сонда тіларалық қатынастың, өзге тіл дыбыстық құрамының, жазба тілдің әсерінен ұяңдану, салдырдан үннің басымдық алуы жүріп отыратын сияқтанады.
Сонымен, қазақ әліпби құрамында <қ>, <к>, <ғ>, <г> фонемаларының таңбалары болуы жазба тіл мен ауызша тілді бір деп түсінген қазақ тілі үшін ұтмды шыққан деп ойлаймыз. Екі таңбамен төрт вариантты берген түрік, өзбек, қырғыз, әзірбайжан тілдері бүгінде ауызша тілдің айтылу нормасынан ауытқып отыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   78




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет