Қазақ тіліндегі үндесім заңы мен екпіннің қызметін түсіну;
Үндесім заңының 30-80ж. түсіндірілуі мен қазіргі түсіндірілуінің арасындағы айырмашылығын саралай білу.
Қазақ жазуында ерін үндестігін таңбаламаудың себептерін түсіну.
Әдебиет: 5,13,20,32,40 №7 семинар сабақтың тақырыбы: Көне түркі жазуы Негізгі сұрақтар, тапсырмалар: Көне түркі жазуы бойынша Жедел сұрақтар: Көне түркі жазуы неше топқа бөлінеді?
Көне түркі жазуы туралы ең алғаш хабар бергендер кімдер?
Көне түркі жазуының оқылу кілтін тапқан ғалым кім? Қай жылы?
Көне түркі мәтіндеріне алғаш транскрипция жасаған ғалымдар?
Ескрткіштердің қай тобы соңғы және қай топтағы жазуға реформа жасалған?
Әліпбиде неше әріп бар?
Әліпбиде дауысты фонеманың неше таңбасы бар?
Әліпбиде дауыссыз фонеманың неше таңбасы бар?
Көп таңбасы бар фонемалар қайсы?
Дауыстылардың графикалық ерекшеліктері қандай болған?
Графикада ерін үндестігі мен тіл үндестігінің қайсысы басым?
Пайымдау үшін берілген сұрақтар: а-ә -е фонемасын беретін таңбаның сөз басында, сөз ішінде келмеуі және басқа инварианттардың таңбаларына қарағанда жиі түсіріліп отыруы неге байланысты?
Сөз соңына қарай ы-и-і фонемасының жіңішкеруінің себебі неде?