Оқу нәтижелері бойынша бакалавр дағдыға ие болуы керек:
- Тіл біліміне кіріспе пәнінің ғылымы теорияларында, соның ішінде қазақ тілі пәнін, ғылыми тұрғыдан негізделген мәліметтермен өзіндік тұжырым жасауы;
- Тіл біліміне кіріспе пәнінің негізгі өзегін айқындай отырып, өмірлік тәжірибеде қолдану;
- Тіл біліміне кіріспе пәнін талдау, сараптау,тұжырымдау.
9.«Тіл біліміне кіріспе» пәнінің күнтізбелік – тақырыптық жоспары.
Тақырыптары
|
лекция
|
семинар
|
СОӨЖ
|
Кіріспе.
1.Тілдің шығуы мен дамуы. Тіл білімінің басқа ғылымдармен байланысы.
|
1
|
1
|
6
|
2. Тілдің мәні.Тілдің табиғаты мен қоғамдық қызметі.
|
2
|
|
|
3.Тілдің тарихи дамуы.
|
1
|
1
|
|
4. Фонетика және оның салалары.
|
1
|
1
|
|
5. Тіл дыбыстарының жасалу жолдары
|
1
|
|
|
6. Жазу. Жазудың шығуы мен дамуы.
|
2
|
1
|
6
|
7.Лексикология.Сөздің лексикалық мағынасы.
|
1
|
1
|
6
|
8. Тілдің сөздік құрамының өзгеру жолдары, себептері.
|
1
|
|
|
9. Халықаралық лексика, байырғы лексика, кірме сөздерді игеру, «пуризм», «экзотизм» ұғымдар
|
1
|
|
|
10. Грамматика. Негізгі грамматикалық ұғымдар.Грамматикалық мағына. Грамматикалық форма. Грамматикалық категория.
|
2
|
1
|
6
|
11.Сөздің морфологиялық құрылымы. Сөз құрамы және сөзжасам.
|
1
|
1
|
|
12.Аффикстік тәсіл, сөздердің бірігуі, қосарлануы, қысқаруы, семантикалық, префикстік, конверсия тәсілдеріне байланысты жаттығу жұмыстары.
|
1
|
1
|
|
13.Сөз формасы. Синтетикалық, аналитикалық, формасы..
|
1
|
1
|
|
14.Сөйлем және сөйлем мүшелері туралы ұғым.
|
1
|
|
|
15.Тілдердің классификациясы.Дүние жүзі тілдері және олардың жіктелуі.
|
2
|
1
|
6
|
16. Салыстырмалы – тарихи әдіс
|
1
|
|
|
Барлығы
|
20
|
10
|
30
|
9.1.«Тіл біліміне кіріспе» пәнінің дәріс мазмұны
№
|
Тақырыптары
|
лекция
|
сем
|
Соөж
|
Сөж
|
1
|
Кіріспе.Тілдің шығуы мен дамуы. Тіл білімінің басқа ғылымдармен байланысы. Тіл білімінің методологиялық негіздері. Жалпы тіл білімінің даму жайы.Қазақ тіл білімінің қалыптасу, даму барысы.
|
1
|
1
|
2
|
2
|
2
|
Тілдің мәні.Тілдің табиғаты мен қоғамдық қызметі. Мемлекеттік саясат және тіл.Тілдің негізгі қызметі. Тілдің танымдық коммуникативтік қызметі. Қазақ тілінің қызметінің кеңеюі. Тіл және ойлау. Ойлау жүйесі мен тілдік бірліктердің қарым –қатынасы.
|
2
|
|
2
|
2
|
3
|
Тілдің тарихи дамуы. Тілдің тарихы мен қоғам тарихының байланыстылығы.Тіл дамуының ішкі және сыртқы факторлары. Тілдің шығуы. Тілдің шығуы жайлы теориялар. Біртұтас тіл теориясы. Тілдің даму кезеңдері.
|
1
|
1
|
2
|
2
|
4
|
Фонетика және оның салалары. Фонетиканың міндеті мен мақсаты, қарастыратын мәселесі. Дыбыс және оның түрлері. Тіл дыбыстары. Дыбыс және таңба.Тіл дыбыстарының акустикалық, артикуляциялық сипаты. Активті және пассивті сөйлеу мүшелері.
|
1
|
1
|
2
|
2
|
5
|
Тіл дыбыстарының жасалу жолдары. Қазақ тілінің дыбыс жүйесі Дыбыс жасауға қатысатын сөйлеу мүшелері (артикуляциялық мүшелер): Олардың актив, пассив түрлері. Дауысты (Вокализм) дыбыстар Дауыссыз (Консонантизм) дыбыстар.
|
1
|
|
|
|
6
|
Жазу. Жазудың шығуы мен дамуы. Дыбыстау тілі және жазу. Қоғамның және тілдің дамуындағы жазудың рөлі. Жазудың шығуы мен даму кезеңдері. Пиктографиялық жазу. Идеографиялық жазудың шығуы; иероглифтер. Буын және әріп жазуы;Жазу және әліпби. Грек, латын және араб әліпбиі. Кириллица.
|
2
|
1
|
2
|
2
|
7
|
Лексикология.Сөздің лексикалық мағынасы. Лексикологияның міндеті мен зерттейтіні. Лексикологияның бөлімдері: ономосиология, семасиология,фразеология, этимология,лексикография. Сөз – тілдік единица.
|
1
|
1
|
2
|
2
|
8
|
Тілдің сөздік құрамының өзгеру жолдары, себептері.
Қазақ тілі сөздік құрамының қолданылу сипатына қарай бөлінетін түрлері: жалпыхалықтық сөздер, ауызекі қарапайым сөздер,әдеби сөздер, кәсіби және термин сөздеринтернационалдық сөздер. Эмоциональды-экспрессивтік сөздер, диалектизмдер, жаргон сөздер, варваризмдер.
|
1
|
|
2
|
2
|
9
|
Халықаралық лексика, байырғы лексика, кірме сөздерді игеру, «пуризм», «экзотизм» ұғымдар
Көнерген сөздер (архаизм мен тарихи сөздер) сипаты. Көнерген сөздердің стилистикалық қызметі. Актив және пассив сөздердің зерттелу жайы. Неологизмдер. Олардың түрлері. Семантикалық неологизмдер. Жалпыхалықтық және авторлық неологизмдер. Егемендікке жеткеннен кейінгі кезеңде жаңа сөздердің пайда болып, тілімізге ену процессі.
|
1
|
|
2
|
2
|
10
|
Грамматика. Негізгі грамматикалық ұғымдар.Грамматикалық мағына. Грамматикалық форма. Грамматикалық категория. Тілдің грамматикалық құрлысы – грамматиканың объектісі екендігі. Тілдің грамматикасының негізгі единицалары. Морфема және сөз формасы, сөз тіркесі және сөйлем.
|
2
|
1
|
2
|
2
|
11
|
Сөздің морфологиялық құрлымы. Сөз құрамы және сөзжасам. Морфологиялық және синтаксистік грамматикалық категориялар. Лексико – грамматикалық категориялар. Әр түрлі тілдердің грамматикалық категориялары арасындағы айырмашылықтар.
|
1
|
1
|
2
|
2
|
12
|
Аффикстік тәсіл, сөздердің бірігуі, қосарлануы, қысқаруы, семантикалық, префикстік, конверсия тәсілдеріне байланысты жаттығу жұмыстары.
|
1
|
1
|
2
|
2
|
13
|
Сөз формасы. Синтетикалық, аналитикалық, формасы..
|
1
|
|
2
|
2
|
14
|
Сөйлем және сөйлем мүшелері туралы ұғым. Сөйлем мен сөз тіркесі. Сөз тіркесі жайлы ұғым. Сөздердің синтаксистік байланысу түрлері (қиысу, меңгеру, қабысу, жанасу,изафет)
|
1
|
1
|
2
|
2
|
15
|
Тілдердің классификациясы. Дүние жүзі тілдері және олардың жіктелуі. Дүние жүзі тілдерінің әртүрлілігі. Дүние жүзі тілдерінің лингвистикалық картасы.Тілдік туыстық. Материалдық, типологиялық және құрылымдық ұқсастық. Салыстырмалы – тарихи әдіс жайлы түсінік.
|
1
|
1
|
2
|
2
|
16
|
Салыстырмалы – тарихи әдіс жайлы түсінік
|
1
|
|
|
|
|
Барлығы
|
20
|
10
|
30
|
30
|
11. Студенттердің өздік жұмыстарының тақырыптары
№
|
Мазмұны
|
Бақылау түрі
|
1
|
Математика мен тіл білімінің байланысы жайлы ғылыми әдебиеттермен танысу.
|
Конспект, реферат қорғау.
|
2
|
Халықаралық жасанды тілдер жайлы материалдар жинақтау. Эсперанто тілі, идо тілі т. б. Эспоронто тілі жүйесімен танысу.
|
Реферат, конспект, пікір таласу, қорғау.
|
3
|
Қазақ тіл білімінің қалыптасуы мен даму кезеңдері жайлы материалдармен танысу.
|
Конспект, реферат қорғау.
|
4
|
Жазу. Жазудың түрлері. Жазба тіл. Алфавит транскрипциялық жазу трансметерация.
|
Конспект, реферат, жаттығу жұмыстары.
|
5
|
Дүниежүзі тілдерінің қазіргі жай күйі. Өлген тілдер жайлы.
|
Конспект, реферат .
|
12.СОӨЖ түрлері мен тапсыру мерзімі.
№
|
Тапсырмалары
|
Ұсынылатын әдебиеттер
|
Бақылау түрі
|
Тапсыру мерзімі
|
Мак. Балл
|
1
|
«Тіл білімінің басқа ғылымдармен байланысы» схемасын құрастыру.
|
Маслов Ю. С. Введение в языкознание. – М., 2000. т.б.
|
Жазбаша
|
1 апта
|
3
|
2
|
Терминологиялық аппарат – негізгі лингвистикалық терминдерді сөздіктерден тауып жазу: синхрония, диахрония, жалпы тіл білімі, жеке тіл білімі, қолданбалы лингвистика т.с.с.
|
Ахманова О. С. Словарь лингвистических терминов. – М., 1966.
Сүлейменова Э. Д., Мадиева Г. Б., Шаймерденова Н. Ж., Авакова Р. А. Тіл білімі сөздігі. – Алматы: Ғылым, 1998.
|
Жазбаша
|
2 апта
|
3
|
3.
|
Әлеуметтік лингвистика. Тіл және қоғам. Тіл – әлеуметтік феномен. Тілдік жағдай және оның типтері. Тіл туралы заң және тіл мәртебесі.
|
Сүлейменова Э. Д., Шаймерденова Н. Ж. Словарь социолингвистических терминов. – Алматы: Қазақ ун-ті, 2007.
|
Жазбаша; ауызша
|
3 апта
|
1
|
4
|
Таңбаның түрлері. Тілдік және тілдік емес таңбалар (картотека құрастыру).
|
Реформатский А. А. Введение в языкознание. – М., 2000.
|
Жазбаша; ауызша
|
4 апта
|
1
|
5
|
Аффикстік морфемалар және оның түрлері (префикс, постфикс, инфикс, интерфикс, конфикс).
|
Реформатский А. А. Введение в языкознание. – М., 2000.
Аханов К. А. Тіл білімінің негіздері. – Алматы, 1996.
|
Жазбаша; ауызша
|
5 апта
|
3
|
6
|
Сөз тудырушы және сөз түрлендіруші аффикстер. Сөз таптары – сөздердің лексика-грамматикалық топтары.
|
Хасенов Ә. Тіл білімінің негіздері. – Алматы, 1996.
|
Жазбаша; ауызша
|
6 апта
|
1
|
7
|
Негізгі тілдік семьялар. Тілдердің Үндіевропа семьясы мен Алай тілдері семьясы және тағы бір тіл студенттің таңдауы бойынша. Әлем тілдерінің лингвистикалық картасын құрастыру.
|
Реформатский А. А. Введение в языкознание. – М., 2000.
|
Жазбаша; ауызша
|
7 апта
|
2
|
8
|
Дж. Гринберг әдісі бойынша қазақ және орыс тілдеріндегі мәтіндерге квантитативті талдау жасау.
|
Гринберг Дж. Квантитативный подход к морфологической типологии языков // Новое в лингвистике. Вып.3, – М., 1963.
|
Жазбаша; ауызша
|
8 апта
|
2
|
13. Ұсынылатын әдебиеттер:
Негізгі әдебиеттер: Фромкина Тіл біліміне кіріспе
Аханов К. А. Тіл білімінің негіздері. – Алматы, 1993.
Хасенов Ә. Тіл білімінің негіздері. – Алматы, 1996.
Хасенов Ә. Тіл білімінің теориялық және практикалық мәселелері. – Алматы, 1990.
Реформатский А. А. Введение в языкознание. – Москва, 2000.
Степанов Ю. С. Основы языкознания. – М., 1966.
Широков О. С. Введение в языкознание. – М., 2000.
Кондрашов Н. А., Колосов Л. Ф., Рупосова Л. П. Сборник задач и упражнений по введение в языкознание. – М., 1991.
Лексикография және ғасырлар тоғысындағы аударма – Республикалық семинар материалдары. – Алматы, 2002.
14.Қосымша әдебиеттер:
Баранникова Л. И. Введение в языкознание. –Саратов, 1973.
Головин Б. Н. Введение в языкознание. – М., 1977.
Маслов Ю. В. Введение в языкознание. – М., 2000.
Кодухов И. В. Введение в языкознание. – М., 1979.
Қордабаев Т. Р. Тілдің структуралық элементтері. – Алматы, 1975.
Гаркавец А. Н. Конвергенция армяно-кыпчакского языка к славянским в ХҮІ – ХҮІІ вв. – Киев, 1979.
Дарбеева А. А. Русско-монгольские языковые контакты в условиях двуязычие. – М.: Наука, 1984.
Шайкеевич А. Я. Введение в лингвистику. – М., 1995.
Қашқари М. Түбі бір түркі тілі. – Алматы, 1993.
Қайдаров Ә. Т. Қазақ тілінің тарихи лексикологиясы: проблемалары мен міндеттері // Қазақ тілі тарихи лексикологиясының мәселелері. – Алматы: Ғылым, 1988.
Гринберг Дж. Квантитативный подход к морфологической типологии языков // Новое в лингвистике. Вып.3, – М., 1963.
Ахманова О. С. Словарь лингвистических терминов. – М., 1966.
Сүлейменова Э. Д., Мадиева Г. Б., Шаймерденова Н. Ж., Авакова Р. А. Тіл білімі сөздігі. – Алматы: Ғылым, 1998.
Гиляревский Р. С., Гривнин В. С. Определитель языков мира по письменностям. – Москва, 1966.
Сулейменова Э. Д. Казахский и русский языки: Основы контрастивной лингвистики. – Алматы, 1996. с. 88-94.
15.ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТАРДЫҢ МАЗМҰНЫ
1
|
Тіл білімі ғылымының міндеттері мен әдістері. Тіл білімінің негізгі салалары. Синхрония және диахрония.
|
1
|
2
|
Тілдің қызметі (коммуникативтік, регулятивтік, волюнтативтік, экспрессивтік т.б.). Тіл және сөйлеу. Вербалды және бейвербалды қарым-қатынас.
|
1
|
3
|
Тіл – құрылым. Тіл – жүйе. Тіл бірліктері арасындағы парадигматикалық және синтагматикалық қатынастар.
|
1
|
4.
|
Грамматикалық мағына және түрлі тілдердегі грамматикалық тәсілдер.
|
1
|
5.
|
Грамматикалық категориялардың түрлері және олардың сөз таптарына қатысы.
|
1
|
6.
|
Грамматикалық форма және сөз формалары жайлы түсінік.
|
1
|
7.
|
Тілдер туыстығын анықтаудағы салыстырмалы-тарихи әдіс.
|
1
|
8.
|
Фонетика және фонология. Екпін. Екпіннің түрлері (лебізді, тоникалық, квантитативті). Буын, буын түрлері.
|
1
|
9
|
Дыбыстардың акустикалық, артикуляциялық сипаттамасы. Сөйлеудің фонетикалық мүшеленуі
|
1
|
10
|
Сөз таптары және олардың топтастырылу принциптері.
|
1
|
11
|
Сөз тіркесі және оларға тән белгілер. Сөйлем және оларға тән белгілер
|
1
|
12
|
Жай сөйлем. Жай сөйлемдер құрамындағы синтагмалар.
|
1
|
13
|
Құрмалас сөйлем. Күрделі синтаксистік тұтастық.
|
1
|
14
|
Тілдің шығу және тілдің дамуы туралы теориялар.
|
1
|
15
|
Жазу туралы жалпы түсінік. Графика. Алфавит. Транскрипция және транслитерация.
|
1
|
16. І Аралық бақылау бойынша сұрақтар:
1. Тіл білімінің ғылым ретіндегі сипаты.
2. Тіл – қоғамдық құбылыс.
3. Тіл – құрылым, тіл – жүйе.
4. Тіл бірліктерінің синтагматикалық және парадигматикалық қатынастары.
5. Грамматика туралы жалпы түсінік.
6. Грамматикалық мағына, грамматикалық тәсіл, грамматикалық форма, грамматикалық категория.
7. Тілдердің генеалогиялық және типологиялық классификациясы.
8. Тілдің таңбалық сипаты.
ІІ Аралық бақылау бойынша сұрақтар:
Фонетика және фонология. Дыбыстардың акустикалық, артикуляциялық сипаттамасы.
Фонема. Фонеманың перцептивтік және сигнификативтік қызметі.
Жазу теориясы және жазу тарихы. Жазу таңбалары және олардың типтері.
Жазудың типтері. Пиктография. Идеография. Көне Египет иероглификасы.
Шумер жазуы. Буындық жазу. Қазіргі әлемдегі әліпбилік жазу түрлері.
Сөздік типтері. Сөздік құрастырудың принциптері: әліпбилік, кері, жиілік.
Лексикографиялық жұмыстарды компьютерленуі.
Сөз – лексикология пәні. Тілдегі сөздердің типтері. Сөз және морфема.
Лексикологияның бөлімдері: семасиология, ономасиология, этимология, лексикография.
Тілдің сөздік құрамының стилистикалық тұрғыдан жіктелуі.
Стилистикалық бейтарап сөздер. Кітаби лексика. Ауызекі және жалпыхалықтық лексика.
Әдеби тіл лексикасы және диалектілік лексика. Түрлі әлеуметтік топтар лексикасының ерекшеліктері.
17. Қорытынды бағаны есептеу
Пән бойынша қорытынды баға пайыздық мазмұнда келесі формула бойынша анықталады:
Және% = Р1+Р2 х 0,6 + Э х 0,4
2
мұндағы: Р1-1-рейтинг бағасының пайыздық мазмұны;
Р2-2-рейтинг бағасының пайыздық мазмұны;
Э – емтихан бағасының пайыздық мазмұны (тест-емтихан).
Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың балдық-рейтингтік жүйесі
оларды дәстүрлі бағалау шкаласына ауыстыра отырып
Әріптік жүйе бойынша баға сандық эквивалент балдар (%
|
Е мазмұны) дәстүрлі жүйе бойынша баға
|
Әріптік жүйе бойынша баға сандық эквивалент балдар (%
|
Е мазмұны) дәстүрлі жүйе бойынша баға
|
A
|
4,0
|
95-100
|
Өте жақсы
|
A-
|
3,67
|
90-94
|
B+
|
3,33
|
85-89
|
Жақсы
|
B
|
3,0
|
80-84
|
B-
|
2,67
|
75-79
|
C+
|
2,33
|
70-74
|
C
|
2,0
|
65-69
|
Қанағаттанарлық
|
C-
|
1,67
|
60-64
|
D+
|
1,33
|
55-59
|
D-
|
1,0
|
50-54
|
FX
|
0,5
|
25-49
|
|
F
|
0
|
0-24
|
Академиялық мінез-құлық саясаты
Академиялық мінез-құлық саясаты оқытушы білім алушының академиялық мінез-құлқын бағалау критерийлері ретінде келесі позициялар болуы мүмкін: практикалық (зертханалық) сабақтарға белсенді қатысу, сабаққа кешігу, сабақ кезінде ұялы байланысты пайдалану, оқытушы анықтайтын басқа да критерийлер.
Білім алушының рейтингісін арттыратын балдар плюспен, төмендететін балдар - минуспен қойылады. Әрбір тақырыпқа адал дайындық білім алушыға берілген пәннің барлық материалын меңгеруге мүмкіндік береді. Глоссарийді бөлек құру ұсынылады.
Ауызша жауап беру кезінде білім алушыға жауап жоспарын жасау ұсынылады, онда ақпаратты нақтылауға болады, бұл зерделенген материалды оңай меңгеруге мүмкіндік береді, сондай-ақ мазмұндалған тақырып бойынша қорытынды жасау қажет.
Барлық осы талаптарды орындау кезінде практикалық сабақтарда жалпы жұмыстың табысты нәтижесіне кепілдік беріледі.
Тіл біліміне кіріспе (Дәріс / Лекция)
№1 дәріс тақырыбы: Тіл білімі туралы
Жоспар
1.Тіл біліміне кіріспе курсының мақсаты мен міндеттері
2.Тіл білімінің басқ ғылымдармен байланысы
3.Тіл білімінің басқа ғылымдар арасында алатын орны
4.Тіл білімінің методологиялық негіздері
5.Жалпы тіл білімінің даму жайы
6.Қазақ тіл білімінің қалыптасу, даму барысы
Тіл білімі немесе лингвистика -/француз тілінің латынша -«тіл»/сөзі бойынша жасалған термин : тіл туралы туралы ғылым дегенді білдіреді/. Тіл және оның даму заңдары туралы ғылым. Тіл қоғамдағы адамдардың өз ара пікір алысуы, бір-бірімен қарым-қатынас жасау құралы, әрбір тілдің дыбыс жүйесі, сөздік құрамы және граматикалық құрылысы болады.
Тілдің дыбыс жүйесі тіл білімінің фонетика саласында, грамматикалық құрылысы грамматика саласында сөздік құрамы лексикология саласында қарастырылады. Тіл білімінің осы салалары өз ішінде бірнеше салаларға бөлінеді. Мысалы.Фонетика саласы:
а) сипаттамалы фонетика:
б) салыстырмалы – тарихи фонетика:
в) экспериментальды фонетика және т/б.
№2 дәріс тақырыбы: Тілдің қызметі
Жоспар
1.Тілдің қоғамдық мәні
2.Мемлекеттік саясат және тіл
3.Тілдің негізгі қызметі
4.Тілдің танымдық және коммуникативтік қызметі
5.Қазақ тілі қызметінің кеңеюі
6.Тіл және ойлау. Ойлау жүйесі мен тілдік бірліктердің қарым-қатынасы. Тіл және сөйлеу
7.Тілдің атауыштық және вербальдық қарым-қатынасы
8.Тілдің территориялық және әлеуметтік жағынан жіктелуі
9.Тілдің стильдік жіктелуі
10.Сөздің функционалды-стильдік және экспрессивті-стильдік бояуы
Өмірде алуан түрлі құбылыстар бар. Олар табиғат құбылыстары және қоғамдық құбылыстар болып екіге бөлінеді. Тіл қоғамдық құбылыстардың қатарынан орын алады. Ол – қыр сыры мол, күрделі құбылыс. Тілдің табиғатын (мәнән) танып білу үшін оның басты қасиетін айқындап алудың маңызы айрықша. Тілдің табиғатын айқындайтын еңбасты қасиеті делініп, әдетте, оның қатынас құралы болу қызметі аталады. Тілдің қызметін түсінуде бұл анықтаманың үлкен маңызы бар. Тіл – адам баласы қоғамында қатнас құралы, сөйлесіп, пікір алысудың құралы ретінде пайда болады. Тарихта мұндай коллектив алғашында ру, таипа түрінде, кейінде халық тілі, ұлт болып өмір сүрді, осыған орай ру тілі, таипа тілі халық тілі болады. Адамдар ұжымына – мейлі ол ру немесе таипа болсын, халық немесе ұлт болсын -–осылардың бәріне де тіл қатнас құралы ретінде қызмет атқаруы, оның табиғатын мәнін айқындайтын басты қасиеті деуімізде осыдан.
Тіл мен қоғамның өзара тығыз байланысы – екі жақты байланыс. Біріншіден тілсіз ешбір қоғам өмір сүре алмайды. Тіл жоқ жерде адамдардың қоғамда бірлесіп еңбек етуі, қоғамдық өндірісті ұйымдастыруы оны дамытуы мүмкін емес. Демек қоғамның өмір сүруі адамдардың бірлесіп еңбек етуі үшін қатнас құралы, пікір алысудың құралы – тіл қажет. Тіл – адам баласы қоғамының өмір сүруінің және дамуының қажетті шарты. Екіншіден, тіл қоғам бар жерде ғана өмір сүреді. Қоғам – тілдің өмір сүруінің шарты, қоғамнан тыс, адамдардың ұжымынан тыс тіл жоқ. Қоғамның өмір сүруі адамдардың бірлесіп еңбек етуі үшін қоғам соншалықты қажет.
№3 дәріс тақырыбы Тілдің тарихы мен қоғам тарихының байланыстылығы
Жоспары
1.Тіл дамуының сыртқы және ішкі факторлары
2.Тілдің шығуы жайлы теориялар
3.Қазіргі қоғамның даму кезеңіндегі әдеби тілдердің жайы
Тілдің даму заңдылықтары туралы түсінік тіл біліміндегі зерттеу еңбектерде көп ұшырасқанымен, оның нақты анықтамасы жасалмаған. Негізгі себептерінің бірі- тілдің даму мен өзгеруі жайындағы ұғымдардың толық ажыратылмауы. «Даму» термині екі түрлі мағынада түсіндіріледі: 1) тіл бірлігінің қалпының өзгерісі; 2) қоғамдық қажеттілікке сәйкес тілдің өзгеру процесі. Тілдің даму заңдылықтары туралы көзқарастар мен теориялар тіл білімінде жасалған мектептер мен ағымдарда әртүрлі баяндалады (натуралистік ағымда- «тіл-табиғи организм», младограмматизм ағымында- «тіл-алғашқы қалыптың қалыптың өзгерген түрі; гумбольдшылдарда- «тіл дамуы рухтың дамуымен сәйкес келеді» т.б.). Тіл дамуы относительді және абсолютті прогресс жолымен іске асады. Табиғи тіл белгілі жоспарға бағынбай, стихиялы түрде дамиды. Тіл дамуын барлық тілдік деңгейлерден байқауға болады. Осыған сәйкес фонетикалық заңдар, сөзжасамдық заңдар т.б. қалыптасқан.
№4 дәріс тақырыбы Фонетика-тіл білімінің бір саласы
Жоспары
1.Фонетиканың міндеті мен мақсаты, қарастыратын мәселесі
2.Тіл дыбыстарының акустикалық, артикуляциялық сипаты
3.Тіл дыбыстарының акустикалық аспектісі
4.Тіл дыбыстарының артикуляциялық аспектілері
5.Активті және пассивті сөйлеу мүшелері
Адам баласының тілі – дыбыстық тіл. Тіл дыбыстары - әрбір тілдің өмір сүріуінің тәсілі. Егер сөздер дыбыстардың өзара тіркесі түрінде айтылмаса, тіл қатнас құралы да, пікір алысу құралы да бола болмас еді. Тілдің дыбыстық жағы оның замандар бойында өмір сүруіне, ұрпақтан ұрпаққа беріліп отыруына мүмкіндік жасайды.
Тілдің дыбыстық жағы – сөздер мен грамматикалық тәсілдердің өмір сүруінің формасы блып табылады. «Сөздік пен грамматикалық құрылысы тілдің мазмұнын құрайды да, дыбыстық жағы оның материалдық жамылғышын, оның физикалық формасын құрайды деп белгілі дәрежеде айтуға болады».
№5 дәріс тақырыбы : Тіл дыбыстары
Жоспары
1.Тіл дыбыстарын жіктеу принциптері
2.Дауысты және дауыссыз дыбыстар
3.Дауысты дыбыстардың жасалуындағы артикуляциялық белгілер
4.Дауыссыз дыбыстардың жіктелуі
5.Дауыссыз дыбыстардың әртүрлі тілдердегі қызметі
Тілдердің барлығында да дыбыстарды дауыстылар ж/е дауыссыздар деп екі топқа бөлу ертеден келе жатқан дағды. Дыбыстарды дауыстылар ж/е дауыссыздар деп топтастырудың тіл білімінде ұзақ тарихы болғанымен, бұлайша топтастыруға негіз болатын басты белгілер әлі де болса жете айқындалмай келеді. Бұл мәселе жайында жалпыға бірдей ортақ көзқарастың жоқтығыда осыдан болып отыр.
Дыбыстарды дыбыстылар ж/е дыбыссыздар деп топтастырғанда, олардың акустикалық жақтары мен физиологиялық жақтары да еске алынады.
Физиологиялық тұрғыдан алып қарағанда, дауыстыларды айту үстінде фонациялық ауа:кедергіге ұшырамай, тосқауылсыз еркін шығарады; дыбыстау мүшелеріне күш түспей, оның қалпы жайдары болады; Фонациялық ауа баяу шығады. Ал дауыссыздардың артикулияциясы мұнан басқаша болады. Дауыссыздарды айтқанда фонациялық ауа:1кедергіге ұшырап, тосқауылмен айтылады. Тосқауылдан өту кезінде дыбыстау мүшелеріне күш түседі; Фонациялық ауаның шығу қарқыны күштірек болады. Дауыстылар мен дауыссыздарды артикуляциялық жақтарынан алып ажыратудың жалпылама ортақ белгісін Бодуэн де Куртенэ анықтаған.
№6 дәріс тақырыбы : Буын. Екпін.Фонема
Жоспар
1.Буын, оның түрлері. Әртүрлі тілдердегі сөздердің буын құрылысы
2.Екпін және оның түрлері, элементтері
3.Тіл дыбыстарының өзара қарым-қатынасы. Дыбыс үндестігі
4.Фонема ұғымы. Дыбыс және фонема
5.Фонемалар қызметі.Фонеманың қызметі
6.Орфоэпия жайлы ұғым
Дыбысталу жағынан алып қарағанда, сөйлеу жік-жігімен айтылған дыбыс шумақтарының тізбегінен құралады. Дыбысталудың шумағы өз ішінде жігі ажырап, кіші топтарға бөлшектенеді. Олар сөйлеудің фонетикалық единициалары ретінде қарлады олар мыналар:
1. Фраза
2. Такт
3. Буын
4. Дыбыс
Фраза – ең ірі фонетикалық бірлік. Бір фраза екінші фразадан
пауза арқылы ажыратылады. Сөйлеуші екінші фразаны айту үшін фразадан кейін пауза жасайды. Пауза жасалғанда, дем ішке тартылады да, екінші фразаны айтқанда, сыртқа шығады. Мысалы, қонағын сүймеген баласын ұрады деген сөйлемде екі фраза бар: 1- қонағын сүймеген, 2- баласын ұрады.
№7 дәріс тақырыбы : Дыбыстау тілі және жазу
Жоспары
1.Дыбыстау тілі және жазу
2.Қоғамның және тілдің дамуындағы жазудың ролі
3.Жазудың шығуы және даму кезеңдері
4.Дыбыс және әріп
5.Орфография принциптері
6.Транслитерация және транскрипция
Жазудың тарихы өте ерте замандардан басталады. Көне жазуды да, қазіргі жазуды да зерттеп білудің әрі теориялық, әрі практикалық үлкен мәні бар.
Қазір де біз жазба тілді ауызша тілдегі сөздердің жазбаша тіл де әріптердің тіркесімен белгіленуі деп. түсінеміз. Бірақ алғашында бұлай болмаған. Жазудың тарихына көз жіберсек, әріппен таңбалаудың кейінірек пайда болғанын көреміз. Жазу өте ерте заманда жасалып, мыңдаған жылдар бойы өзгеріп, дамып кеді. Жазудың мыңдаған жыл бойына дамып жетілуімен бірге, оның принциптері де өзгеріп отырды.
Жазудың жүйесі таңбалардың жиынтығынан құралады. Ол таңбалар бүтіндей сөзді, не буынды, немесе дыбысты белгілейді. Әрбір жазбаша таңбаның графикалық формасы, белгілі бір мағынасы болады. Жазу жүйесіндегі таңбалардың не бүтіндей хабарды, не жеке сөзді, не буынды, не дыбысты белгілеуіне қарай, жазу мынадай түрлерге бөлініп қарастырылады: 1) Пиктографиялық жазу, 2) Идеографиялық жазу, 3) Буын жазуы (слоговое письмо), 4) Әріптік немесе дыбыстық жазу. Енді осылардың әрқайсысына арнайы тоқталайық.
№8 дәріс тақырыбы : Лексикология-тіл білімінің бір саласы
Жоспары
1.Лексикологияның міндеті ме зерттеу объектісі
2.Лексикологияның салалары
3.Сөз-тілдік единица, сөзге тән белгілер
4.Сөздің мағынасы
Лексикология грек тілінің «сөз» және «ілім» деген сөздерінен жасалған термин. Лексикология сөзді және сөздердің жиынтығы – тілдің сөздік құрамын зерттейді. Лексикалық единицалардың жиынтығынан тілдің сөздік құрамын қарайды. Лексикология тілдің лексика – семантикалық жүйесі туралы мәселе, тідің единицалар ішінде сөздің алатын орны, сөзге тән басқа белгілер, сөз бен ұғымның ара қатынасы мен байланысы және т.б. мәселелерді қарастырады.
Тілдің лексикасы және оның ерекшеліктері жеке лексикологияда қарастырылады. Жалпы лексикология мен жеке лексикология бір-бірімен тығыз байланысты. Қоғам дамуының барысында жаңа сөздердің жасалып, тілдің сөздік құрамының толығуы, дамуы, кейбір ескірген сөздердің одан шығып қалуы немесе өте сирек қолданылатын сөздерге айналуы – тіл атаулыға тән жалпы заңдылық.
№9 дәріс тақырыбы Тілдің сөздік құрамы
Жоспары
1.Тілдің лексика-семантикалық жүйесі
2.Сөздік құрамның стильдік қабаттары
3.Сөздік құрамның тарихи дамуы
4.Тілдің сөздік құрамының даму, баю жолдары
Тіл білімінде дүние жүзіндегі тілдер екі түрлі тұрғыдан:1)Тілдік материалдың(түбірлер мен аффикстердің және сөздердің) бірлігі, яғыни шығу тегінің бірлігі тұрғысынан,2)Шығу тегіне баланыстырылма,құрлысымен типінің, ең алдымен, грамматикалық құрылысының, ыңғайластығы, ұқсастығы тұрғысынан топтастыоылады. Топтастырудың бірінші түрі тілдердің генеологиялық классификациясы делініп, екінші түрі тілдердің типалогиялық (немесе формолргиялық ) классификациясы делініп аталады. Енді осы топтастырулардың әрқайсысына арнайы тоқталайық. Әр түрлі тілдірдің өз ара бір- бірімен туыстығы, туыстас тілдердің топтары дүнйе жүзіндегі тілдерді тарихи және салыстыра зерттеудің нәтйжесінде, салыстырмалы- тарихи методты пайдалана білудің арқасында ғана айқындалады. Атап айтқанда, роман тілдері, Герман тілдері, иран тілдері, түркі тілдері, финугор тілдері деп. топтастыру және дүние жүзіндегі басқа да тілдерді әр түрлі топтарға бөліп жіктеу салыстыра зерттеудің нәтйжесінде ғана іске асты.
№10 дәріс тақырыбы Фразеологизмдер. Лексикография
Жоспары
1.Еркін және тұрақты тіркестер
2.Фразеологиялық единицалардың негізгі түрлері, қызметі, пайда болу негіздері
3.Фразелогизмдерді топтастыру
4.Лексикография. Сөздіктердің түрлері
5.Лингвистикалық терминология және оның толығу көздері
Сөздердің еркін тіркесіне сыртай ұқсас, бірақ іштей яғни тілдік табиғаты жағынан оған қара-қарсы қойылатын оймақ ауыз, жүрек жұтқан, жүрегі тас төбесіне шығу, ат тонын ала қашу, ер қашты болу тәрізді тіркестер бар. Бұлар құрамы жағынан тұрақты болып келеді де, бүтіндей оралым бұрынан тіркескен дағдылы қалпын сақтайды, сыңарлары ешкімнің еркіне көнбей, “өзінен-өзі тіркесіп қалған” тәрізді болып ұғынылады. Мұндай тіркестер сөздердің еркін тіркесіне қарсы қойылып, сөздердің еріксіз тіркесі немесе фразеологиялық оралым деп аталады. Фразеологиялық оралымлдарды фразеология зерттейді. Кемінде екі сөздің тіркесуінен, мағынасы біртұтас, құрамы мен құралымы тұрақты, даяр қалпында қолданылатын тілдік единица әдетте фразеологиялық оралым деп аталады. Олардың қатарына мысалы, орыс тілінде глубокая осень, глубокая печаль, волчий аппетит, перимывать косточки және т.б. тұрақты сөз тіркестері, қазақ тілінде қас қаққанша, көзді ашыпжұмғанша, ит өлген жерде, мидай дала, су жүрек тәрізді тұрақты сөзтіркестері енеді. Бұл фразеологиялық оралымдардың әрқайсысы сөздердің бір-бірімен тіркесуіне тіркесе жұмылуынан жасалғанымен, мағынасы жағынан тұрақты единица ретінде ұғынылады. Фразеологиялық оралымға өте-мөте тән, басты белгі оның даяр қалпында жұмсалу белгісі.
№11 дәріс тақырыбы Тілдің грамматикалық құрылысы
Жоспары
1.Тілдің грамматикалық құрылысының негізгі единицалары
2.Сөздің грамматикалық мағынасы мен лексикалық мағынасы
3.Сөз құрылысы
4.Сөз формасы
Тілдің лексикасындағы сөздер заттар мен құбылыстардың, сапа мен белгінің және т.б. атаулары болып саналады. Сөз нені атаса да, оны жеке дара күйінде атайды. Мысалы түз, ас, дәм, кел, мақал, сөз, сән деген сөздер – жеке дара атаулар ғана; бұлардың әрқайсысында лексикалық мағына бар және әрқайсысы белгілі бір ұғымды білдіреді. Бірақ бұл сөздер өзара байланыспай, бір-бірімен тіркеспей, осы қалпында жеке дара тұрғанда, ойды білдіруге қабілетсіз. Бұл сөздер бір-бірімен тіркесіп, «Тұз астың дәмін келтірсе, мақал сөздің сәнін келтіреді» деген түрде айтылса, онда сөздердің бір-бірімен тіркесіп, өзара байланыста айтылуынан жасалған бұл сөйлемдегі ой бірден түсінікті болады.
№12 дәріс тақырыбы Грамматикалық мағынаның берілу түрлері мен тәсілдері
Жоспары
1.Аффиксация. Фузия және аглютинация
2.Грамматикалық мағыналарды берудің өзге түрлері мен тәсілдері
3.Грамматикалық категория жайлы ұғым
4.Морфологиялық және синтаксистік грамматикалық категориялары
5.Сөз таптары, оларды ажырату принциптері
6.Сөйлем мен сөз тіркесі
Сөз тіркесі – мағыналық жақтан да, грамматикалық жақтан да өз ара байланыста, бірлікте болатын, толық мағыналы кемінде екі сөздің тіркесі.
Сөз тіркесі- кемінде екі дербес (толық мағыналы) сөздің бағыныңқы- басыңқы грамматикалық байланыстың негізінде тіркесуінен жасалған синтаксистік единица. Сөз тіркесі күрделі сөзбен де, фразеологиялық сөз тіркестерімен де, атауыш (дербес) сөз Бен көмекші сөздің тіркесімен де, сөздердің салалас қатарларымен де (тізбектерімен) сырттай ұқсас келгенімен, олардан түбірлі айырмашылықтары бар.
№13 дәріс тақырыбы : Тілдердің классификациясы
Жоспары
1.Дүние жүзі тілдері
2.Тілдердің генеалогиялық классификациясы
3.Тілдердің морфологиялық типтері
4.Тілдердің морфологиялық классификациясы
Дүние жүзі тілдері-жер жүзі халықтарының тілдері. Дүние жүзінде 2,5 мыңнан астам тілдер бар. Кең таралған халықаралық тілдер қатарына ағылшын, араб, испан, қытай, орыс, француз тілдері жатады. Дүние жүзі тілдері шығу тегінің бірлігіне, өзара туыстық жақындығына қарай әр түрлі тілдер семьясына немесе тобына бөлінеді. Үндіеуропа тілдер семьясына үнді, иран, славян, балтық, роман, герман, кельт және албан, армян, грек тілдері енеді.
Достарыңызбен бөлісу: |