Білім беру бағдарламасы 5В050507- «Менеджмент»



Дата15.09.2017
өлшемі251,05 Kb.
#33070
түріБілім беру бағдарламасы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

«АЛМАТЫ МЕНЕДЖМЕНТ УНИВЕРСИТЕТІ» КЕББМ

Оқу-әдістемелік Кеңесшешімімен бекітілген

Кеңес төрайымы

____________ Н.Дүйсенғұлова

«___ » _________2014 ж., № ___
Бакалавриат білім беру бағдарламасы

5В050507– «Менеджмент» мамандығы

Оқу түрі - күндізгі

СИЛЛАБУС


«Тайм-менджмент» пәні бойынша

Курс: 3


Семестр: 5

Кредит саны: 3

Оқытушы: аға оқытушы А.П.Садуллаева

Телефоны: 87015716432, №117



Алматы, 2014

Құрастырған: аға оқытушы А.П.Садуллаева

Силлабус 5В050507– «Менеджмент» мамандығының студенттеріне арналған «Тайм-менеджмент» пәні бойынша жұмыс бағдарламасының негізінде құрастырылған

Силлабус «Менеджмент және кәсіпкерлік» кафедрасының отырысында қарастырылған

«____»_______________ 20___ж. № ____ хаттама

Кафедра меңгерушісі э.ғ.к., доцент __________________ О.М.Залученова



Кіріспе

Тайм-менеджмент пәні басқару пәндері саласындағы қолданбалы пән болып табылады. Тайм-менеджмент бұл тек жеке ресурсты басқару емес бұл жеке өмірді басқару. Бұл курс үш деңгейде - жеке, топтық және корпоративтік деңгейде уақытты басқаруға арналады.

Бағдарлама уақытты басқару түсінігі мен мәнін, қағидаларын, басымдықтар мен мотивация қою арқылы жеке тиімділікке қол жеткізудің әдістері мен ережелерін қамтиды.

Курс мазмұнында тәжірибелік сабақ кезінде және студенттердің өзіндік жұмысы кезінде қарастырылатын тайм менеджемент түсінігі,оның мәні мен міндеттері көрстеілген.

Бұл пәнді оқыту әдістемесі келесідей:


  • дәріс (лекция) оқу;

  • практикалық сабақтар жүргізу;

  • ОБСӨЖ;

  • СӨЖ

Курстың мақсаты тайм-менеджемент түсінігі,оның мәні мен міндеттері жеке уақытты ұйымдастыру дағдысын қалыптастыру және дамытуды оқыту болып табылады.

Курс мақсатына жету үшін келесідей міндеттер орындалуы тиіс:



  • өмірлік мақсат пен басымдықтарды анықтау;

  • уақытты есептеудің персоналды жүйесін құру және оның жұмсалуын үнемдеу;

  • жұмыс пен демалысты дұрыс ұйымдастыру;

  • корпоративті тайм мендежмент негіздерін оқыту;

  • компьютерлік жүйе көмегімен жоспарлау және бақылау.

Алдыңғы деректемелер: Философия, социология, информатика

Соңғы деректемелер: стратегиялық менеджмент, персоналды басқару.

Бұл пәнді меңгерген студенттер төменде көрсетілген арнайы біліктіліктерге ие болуы тиіс:



  • уақытты тиімсіз жұмсауды төмендету әдістерін;

  • тайм мендежментттегі міндеттерге шолу жасау мәнін;

  • өмірде болатын өзгерістерге бейімделу механизмін теориялық моделдеу.

Бұл пәнді меңгерген студенттер білуі тиіс:

  • жеке құндылықтары негізінде өмірлік мақсаттарын анықтауы;

  • жеке ресурстарын басқару;

  • жұмыс және жеке уақытын тиімді ұйымдастыру.

Бұл пәнді меңгерген студенттер игеруі тиіс:

  • жұмыс жүктемесін сауатты бөу дағдысын;

  • жоспарлауда ақпараттық технологияларды пайдалану дағдысын;

  • қоршаған ортаның өзгерістеріне жедел бейімделу қабілеттілігін;

  • жауапкершілік және ұйымдастырушылық қабілеттіліктерін.


КҮНТІЗБЕЛІК – ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАР

тақырып



Тақырып атаулары

Апта бойынша бөлінуі

Дәрістер

Практикалық сабақтар

СӨЖ

ОБСӨЖ

1

2

3

4

5

6

1

Тайм-менеджментке кіріспе

1

1

1

1

2

Мақсат қою: құндылықтар мен өмірлік мақсаттарды анықтау

2

2

2

2

3

Хронометраж уақытты анықтаудың тиімді әдісі

3

3

3

3

4

Тайм-менеджменттегі жоспарлаудың анықтамасы, міндеттері және түрлері

4

4

4

4

5

Уақытты жоспарлау әдістері мен көкжиектері

5

5

5

5

6

Тапсырмаларға щолу жасау оның уақытты басқарудағы ролі

6

6

6

6

7

Майнд-менеджмент

7

7

7

7

1 аралық бақылау 7 апта

8

Басымдықтарды анықтау анықтамасы, әдістері мен тәсілдері

8

8

8

8

9

Уақытты жұмсауды оңтайландыру

9

9

9

9

10

Жұмыс пен демалысты ұйымдастыру

10

10

10

10

11

Өз-өзін ынталандыру және икемдеу

11

11

11

11

12

Корпоративті тайм-менеджменттің мәні

12

12

12

12

13

Бизнесті оn-line басқару уақыт үнемдеу әдісі ретінде

13

13

13

13

14

Тайм-менеджментті комьютерлеу

14

14

14

14

15

Тапсырма мерзіміне шолу және бақылау

15

15

15

15

2 аралық бақылау 15 апта

Емтихан сессиясы 16, 17, 18 апталар


Практикалық, зертханалық сабақтар мазмұны, бақылау түрі және бағалау


тақырып



Практикалық сабақтардың сұрақтары

Әдебиеттер

Бақылау түрі

Жоғары балл

1




3

4

5

1

«Тайм-менеджмент» түсінігінің анықтамасы. Қазіргі кезде уақытты басқарудың өзектілігі мен ролі.Тайм-менеджменттің қалыптасу тарихы. Тайм-менеджмент жүйесінің элементтері

Негізгі

№1 (5-10 бет)

№ 2 (4-8 бет)

Қосымша


№2 (5-10 бет)

№ 3 (4-8 бет)




Ауызша және жазбаша сұрау

100

2

«Мақсат қою» түсінігінің анықтамасы. Құндылықтар мақсат қоюдың негізі ретінде. Мақсатты анықтау және қою. Мақсатқа қойылатын талаптар.

Негізгі

№ 1 (12-16 бет)

Қосымша

№2 (13-17 бет)



Ауызша және жазбаша сұрау

100

3

Уақыт орны толмайтын ресурс ретінде. Тиімсіз бақылау кезінде уақытты жоғалту масштабы. Уақытты тиімсіз жұмсауды азайту әдістері. Хронометраж уақыттың жұмсалуын есептеу және бақылау жүйесі ретінде.

Негізгі

№2 (10-17 бет)

Қосымша

№3 (11-16 бет)



Ауызша және жазбаша сұрау

100

4

Уақытты басқарудағы «жоспарлау» түсінігінің анықтамасы. Жоспарлаудың міндеттері. Контекстті жоспарлаудың мәні. Контекстті жоспарлаудың жүйесі мен әдістері.

Негізгі

№1 (19-25 бет),

№2 (27-33 бет)

Қосымша №4 (20-29 бет)



Ауызша және жазбаша сұрау

100

5

Ұзақмерзімді жоспарлау. Күнді тиімді жоспарлау ережелері. Мақсатқа жету жоспары.Құрылымданған назар салу (ҚНС) әдісі. Құрылымданған назар салу әдісі негізінде жоспарлау жүйесі. ҚНС негізіндегі органайзер

Негізгі

№1 (27-35 бет), №3 (21-27 бет)

Қосымша

№ 2 (35-39 бет)



Ауызша және жазбаша сұрау

100

6

Тайм-менеджменттегі шолудың мәні. Шолу жасау құралдары. Бақылау тізімі. Ұзақмерзімді жұмыстардың екі өлшемді кестесі. Тапсырмаларды табыстауды бақылаудың екі өлшемді әдісі. Жүйелі тапсырмаларды екі өлшемді шолу кестесі.

Негізгі

№ 1 (37-43 бет), №2 (35-39 бет)

Қосымша

№ 4 (23-29 бет)



Ауызша және жазбаша сұрау

100

7

Майнд-менеджмент түсінігі мен мәні. Инттелект карта құру ережесі. Майнд-менеджмент алгоритмі. Майнд-менеджмент арқылы шешім қабылдау ережесі.

Негізгі

№1 (45-51 бет), №4 (29-33 бет)

Қосымша

№ 3 (15-25 бет)



Ауызша және жазбаша сұрау

100

8

Уақытты басқаруда басымдықтарды анықтау және құру. Басымдықтарды анықтаудың негізгі әдістері мен тәсілдері. Ұзақмерзімді мақсаттардың басымдылығын анқытау. Ағымдағы міндеттердің басымдылығын анықтау.

Негізгі

№1 (55-59 бет), №2 (35-40 бет)

Қосымша

№ 1 (60-65 бет), № 2 (43-49 бет)



Ауызша және жазбаша сұрау

100

9

Бас тарту стратегиясы. АВС-хронометраж. Негізгі міндеттерге зейін қою. Қарапайымдылық пен икемділік. Қызмет нәтижесін өлшенуі және көрнектілігі. Тапсырмаларды табыстау.

Негізгі

№1 (61-67 бет), №2 (45-49 бет)

Қосымша

№1 (70-77 бет)



Ауызша және жазбаша сұрау

100

10

Жұмыс жүкетемесін сауатты түрде бөлу. Адамның жұмысқа қабілеттілгі және биоритм. Тиімді жұмысты ұйымдасытру ережесі. Жұмыс уақыты кезінде ырғақты демалыс. Тиімді ұйқы. Жұмыс уақыты кезінде ұйқыны қолдану.

Негізгі

№1 (70-77 бет), №2 (51-55 бет)

Қосымша

№4 (45-50 бет)



Ауызша және жазбаша сұрау

100

11

Өз-өзін мәселені шешуге икемдеу. Өз-өзін икемдеудің әдістері мен тәсілдері. Шығармашылық жалқаулық түсінігі мен ережелері. Шағын жағымсыз істерді орындау. Жеке марапаттау және жазалау. Өз-зін ынталандыру еңбек көп қажетсінетін мәселелерді шешу ретінде. Күнделікті жұмыс кестесі.

Негізгі

№1 (79-83 бет), №3 (55-67 бет)

Қосымша


Ауызша және жазбаша сұрау

100

12

Корпоративті тайм-менеджменттің өзектілігі. Корпоративті тайм-мендежмент алғышарттары мен анықтамасы. Корпоративті университет бағдарламасындағы тайм-менеджмент. ТМ-дағдыны диагностикалау және аттестау. ТМ-аттестаттау әдістемесі. Корпоративті тайм-менеджмент стандарттары.

Негізгі

№1 (85-89 бет)

Қосымша

№1 (50-59 бет)



Ауызша және жазбаша сұрау

100

13

Мәжіліске жұмсалатын уақытты қысқарту. Жоспарлама және лездеме. Алқалы органдардың тиімді жұмысы: басқарма, комитеттер, жобаның жұмыс тобы. Уақытша персоналды икемді пайдалану.

Негізгі

№1 (90-94 бет)

Қосымша №1 (61-65 бет)


Ауызша және жазбаша сұрау

100

14

MS Outlookте жоспарлау: қатаң және икемді Басымдықтарды анықтау: Мәтінді автоматты түрде өңдеу. Автоформаттау ережесі. Тапсырмаларды ыңғайлы топтастыру. Категориялар жүйесін жасау.

Негізгі

№1 (92-95 бет)

Қосымша

№1 (66-69 бет)



Ауызша және жазбаша сұрау

100

15

«Күн-апта» әдісі бойынша жоспарлау. Аптаны жоспарлау қағидасы. Міндетттің орындалу мерзіміне шолу. Берілген тапсырманы бақылау. Орындалған тапсырманы талдау. Microsoft Outlook-тегі корпортивті тайм-менеджмент.

Негізгі

№1 (95-99 бет)

Қосымша

№1 (70-74 бет)



Ауызша және жазбаша сұрау

100


СОӨЖ өткізу кестесі*


тақырып



СӨЖ тапсырмалары

Әдебиеттер

Бақылау түрі

Тапсыру мерзімі

(апта)


Жоғары балл

1

2

3

4

5

6

1

1.Келесі тақырыптарға презентация жасау:ТМ мәні және пайда болу тарихы

2. Келесі тақырыптарға эссе жазу: Қазіргі кезде тайм-менеджменттің өзектілігі.



Негізгі

№1 (5-10 бет)

№ 2 (4-8 бет)

Қосымша


№2 (5-10 бет)

№ 3 (4-8 бет)




СӨЖ қорғау

1

100

2

1.Келесі тақырыптарға эссе жазу: Мақсатқа жетудегі құндылықтардың орны.

2.«Ролдік қызметтер» тапсырмасын орындау.



Негізгі

№ 1 (12-16 бет)

Қосымша

№2 (13-17 бет)



СӨЖ қорғау

2

100

3

1.Келесі тақырыптарға презентация жасау: Толық хронометраж техникасы

2. Келесі тақырыптарға реферат жазу: Хронометраж жүргізудегі қиындықтар және оларды жою жолдары



Негізгі

№2 (10-17 бет)

Қосымша

№3 (11-16 бет)



СӨЖ қорғау

3

100

4

1.Тақырып бойынша теориялық материалдарды оқу.

2.Тақырып бойынша тапсырмаларды орындау.



Негізгі

№1 (19-25 бет),

№2 (27-33 бет)

Қосымша №4 (20-29 бет)



СӨЖ қорғау

4

100

5

  1. «Тайм-менеджмент» және «Уақытты ұйымдастыру» оқулықтарындағы ақпараттарды оқу.

  2. Жеке контексттерді бөлу және әрбір контекстке тапсырмалар тізімін жасау.

  3. Бөлім соңындағы сұрақтарға жауап беру.

Негізгі

№1 (27-35 бет), №3 (21-27 бет)

Қосымша

№ 2 (35-39 бет)



СӨЖ қорғау

5

100

6

1.Тақырып бойынша оқулықтан қосымша ақпараттар оқу.

2.Бөлім соңындағы бақылау сұрақтарына жауап беру.



Негізгі

№ 1 (37-43 бет), №2 (35-39 бет)

Қосымша

№ 4 (23-29 бет)



СӨЖ қорғау

6

100

7

1.Келесі тақырыптарға реферат жазу: Интеллект карта құру ережесі.

2. Майнд менеджмент тақырыбы бойынша негізгі әдебиеттерді оқу.



Негізгі

№1 (45-51 бет), №4 (29-33 бет)

Қосымша

№ 3 (15-25 бет)



СӨЖ қорғау

7

100

8

1.Тақырып бойынша негізгі әдебиеттерді оқу.

2.«Уақытты ұйымдастыру» кітабынан қосымша материалдар оқу. 3. Ұзақмерзімді мақсаттар үшін басымдықтар қою.




Негізгі

№1 (55-59 бет), №2 (35-40 бет)

Қосымша

№ 1 (60-65 бет), № 2 (43-49 бет)



СӨЖ қорғау

8

100

9

1.Уақытты жұмсауды оңтайландыру тақырыбы бойынша қосымша әдебиеттерді оқу.

2. «Күнді жоспарлаудың қатаң-икемді алгоритмі» қосымшасын оқу.



Негізгі

№1 (61-67 бет), №2 (45-49 бет)

Қосымша

№1 (70-77 бет)



СӨЖ қорғау

9

100

10

1.Тақырып бойынша негізгі әдебиеттерді оқу.

2. Студенттер бірнеше күн барысында өздерінің таңертеңгі ояну, күндізгі ұйқы/демалыс режимін орнату мүмкіндігін щерттейді.



Негізгі

№1 (70-77 бет), №2 (51-55 бет)

Қосымша

№4 (45-50 бет)



СӨЖ қорғау

10

100

11

  1. Бөлім соңындағы тапсырмаларды орындау.

  2. Екі апта барысында шағын тапсырмалардың орындалуын бақылау.

3.Келесі тақырыптарға эссе жазу: Бизнесті ұйымдасытруға кедендік жүйенің ықпалы

Негізгі

№1 (79-83 бет), №3 (55-67 бет)




СӨЖ қорғау

11

100

12

  1. «Уақытты қадірлеу ережесін» оқу және қойылған сұрақтарға жауап беру.

2. Келесі тақырыпқа презентация жасау: Корпоративті тайм-менеджментті енгізу кезеңдері

Негізгі

№1 (85-89 бет)

Қосымша

№1 (50-59 бет)



СӨЖ қорғау

12

100

13

1.Келесі тақырыптарға баяндама жазу: ТМ корпоративті мәдениетке енгізудің артықшылықтары.

2. Тақырып бойынша жаңа материалдарды игеру



Негізгі

№1 (90-94 бет)

Қосымша №1 (61-65 бет)


СӨЖ қорғау

13

100

14

  1. Тақырып бойынша негізгі әдебиеттерді оқу

  2. Қосымша көздерді пайдалана отырып білімдерін кеңейту.

  3. MS Outlook арқылы икемді тапсырмалар тізімін жасау.

Негізгі

№1 (92-95 бет)

Қосымша

№1 (66-69 бет)



СӨЖ қорғау

14

100

15

1.Тақырып бойынша негізгі әдебиеттерді оқу

2.Тақырып бойынша қосымша материалдар оқу.

3.Автоформаттау ережесін орнату.


Негізгі

№1 (95-99 бет)

Қосымша

№1 (70-74 бет)



СӨЖ қорғау

15

100

* Ескерту: СӨЖ тапсырмаларын бақылау және бағалау бекітілген кесте бойынша СОӨЖ сабағында жүргізіледі




Ұсынылатын негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі
Негізгі әдебиет

  1. Тайм-менеджмент. |Полный курс. Учебное пособие. Под.редакцией Г.А. Архангельского. М.: Альпина Паблишер, 2014.

  2. Архангельский Г.А. Крпоративный тайм-менеджмент: Энциклопедия решений. - М.: Альпина Паблишер, 2010.

  3. Архангельский Г.А. Организация времени. От личной эффективности к

развитию фирмы. 2-е издание. СПб.: Питер, 2006.

  1. Бехтерев С.В. Майнд-менеджмент: решение бизнес задач с помощью интеллект карт. - М.: Альпина Паблишер, 2011.

  2. Васильченко Ю. Механизм времени. Тайм-менеджмент: теория, практикум. – Киев: Наша культура и наука, 2011.


Қосымша әдебиет

  1. Архангельский Г.А. Организация времени. От личной эффективности к развитию фирмы. 2-е издание. СПб.: Питер, 2006.

2. Болотова А. К. Психология организации времени. Аспект Пресс. М.,

2006.


3. Захаренко Г. Тайм-менеджмент. Спб.: Питер, 2004
БАҒА ҚОЮ САЯСАТЫ
Бағалау саясаты турашылдық, ашықтық, икемділік қағидаларына негізделген. Кредиттік технологиямен оқытуды ұйымдастыруда оқушылардың оқу жетістіктерін бағалауда балдық-рейтингтік жүйе пайдаланады.

Пән 100 -балдық өлшемде бағаланады.

Қорытынды бағалауды есептеу әдісі.

Тайм-менеджмент пәнінің оқу жетістігінің деңгейі емтиханға жіберілу деңгейінің бағасынан құралған (ағымдағы және аралық бақылау бағаларының балдарының орташа қосындысы) қорытынды бағамен және қорытынды бақылаудың (емтихан) бағасымен анықталады.

Емтиханға жіберу рейтингі (ЖР), 1-Рейтинг пен 2-Рейтинг қорытынды бағаларының 60 балдан (ұпайдан) кем болмауы керек.

Емтиханға жіберу рейтингі (ЖР) төмендегідей есептеледі:

(1-рейтинг + 2-рейтинг): 2 (орташаарифметикалық мәні)

1-Рейтинг (2-рейтинг те) ағымдағы бақылауларда алған бағалардың жиынтығын, бағалар санына бөліп, аралық бақылаудың бағасына қосып, қосындыны екіге бөлу арқылы анықталады.

Мысалы:

Семестрдің алғашқы 7 аптасында пән бойынша 7 тапсырманы орындау қарастырылады,осы бойынша студент 100 балдан әр тапсырма үшін келесі бағаларды алды: 70, 86, 65, 59, 91, 76, 56. Ағымдағы бақылаудың (Аб) орташа бағасы алынған балдардың орташаарифметкалық мәні бойынша анықталады: (70+86+65+59+91+76+56):7(баға саны)=72. (1Аб).



1 аралық бақылауда (АБ) бұл студент/магистрант 100 балдан 65 балл алды.

1 Рейтинг былай анықталады: 1Р= (1Аб+1АБ):2, яғни (72+65):2=69.

Семестрдің келесі 8 аптасында бұл пән бойынша 6 тапсырма орындау қарастырылған, осыған сәйкес студент 52, 35, 96, 63, 45, 87 балл алды. Ағымдағы бақылаудың орташа бағасы: (52+35+96+63+45+87):6=63. (2Аб). 2 аралық бақылауда 100 балдан 83 балл алды.

2-Рейтинг = (2Аб + 2АБ): 2 құрайды, яғни (63+83):2=73.

ЖР=(69+73):2=71 балды құрады.

Қорытынды бақылау ҚБ (емтихан) 100 балдық өлшемде бағаланады. Емтиханның нәтижесі кемінде 50 балл жинағанда ғана (ең жоғары өлшем 100 балл), қорытынды баға есептеуге жіберіледі.

Мысалы, студент емтиханда (қорытынды бақылау ҚБ) -65 балл алды делік. Бұл жағдайда қорытынды бағасы 71(ЖР)х0,6+65(ҚБ)х0,4=68, әріптік жүйеде бағасы С-ға, дәстүрлі жүйеде «қанағаттанарлық», сандық баламада 2,08-ге сәйкес келеді. Егер студент емтиханда 50 балдан кем жинаса, қорытынды баға шығарылмайдыда пәннен академиялық қарызы болып қалады.

Себепсіз дәрістен (лекция) қалу тапсырған тапсырманың бағасын 15 балға, практикалық және зертханалық сабақтардан қалу тапсырған тапсырмалардың бағасын 20 балға төмендетеді.

Белгілі себептермен сабаққа қатыспаған жағдайда қайталап өту қарастырылады.

Пәннің қорытынды бағасы балмен төмендегі кестеге сәйкес сандық баламасымен, әріптік және дәстүрлік жүйемен көрсетіледі.




Балмен қорытынды баға (ҚБ)

Балдардың сандық баламасы (С)

Әріптік жүйемен бағалау

(Ә)


Дәстүрлі жүйемен бағалау (Д)

95-100

4

А

Өте жақсы




90-94

3,76

А-

85-89

3,33

В+

Жақсы

80-84

3,0

В

75-79

2,67

В-

70-74

2,33

С+

Орташа (Қанағаттанарлық)

65-69

2,0

С

60-64

1,67

С-

55-59

1,33

D+

50-54

1,0

D

0-49

0

F

Қанағаттанарлықсыз


КУРС САЯСАТЫ

Курс саясатын студенттің сабақта өзін-өзі ұстау ережелері мен оқытушымен арақатынасына қойылатын талаптар жиынтығы құрайды. Аталмыш ережелер мен талаптар силлабуста көрсетілуі қажет. Қабылданған ережелерді орындау студенттер үшін міндетті болып табылады және оқу үрдісінің тиімділігін арттыруға көмектеседі. Әрбір оқытушының ережелер мен талаптарды таңдауға мүмкіндігі бар, алайда олар Университет студенттерінің этикасы мен академиялық әрекет саясатына қайшы келмеуі тиіс.

Әлеуметтік саладағы менеджмент пәнін игеру дәріске, практикалық сабақтарға, сонымен қатар СӨЖ міндетті түрде қатысу болып табылады.

Өздік жұмыс лекция сабақтарының тақырыптарына қатысты сұрақтарды теориялық оқу, немесе лекция сабақтарының теориялық курсына кірмей қалған немесе қысқаша қаралған тақырыптарды ұсынылған әдебиеттерді қолдана отырып терең іздену болып табылады.

Оқытушының басқаруымен студенттің өздік жұмысы дәріс (лекция) сабақтарындағы тақырыптарды неғұрлым тереңдете оқып, баянды етіп бойына сіңіруді қамтиды.

Студент ОБСӨЖ сабақтарында тақырыптардың материалдары бойынша дайындалып, қойылған сұрақтарға жауап береді.

Бірінші және екінші аралық бақылау өткен тақырыптар бойынша тест түрінде өткізіліп 100 балдық жүйеде бағаланады.

Емтихан тест түрінде өткізіледі.

Студент сабаққа белгілі себептермен (анықтама қағазымен расталса) қатыспаған жағдайда, жіберіп алған материалдарды тапсыруына болады. Бірінші және екінші аралық бақылау (РК) өткен материалдарды сұрау, тест өткізіледі және 100 балдық өлшемде бағаланады.

Курсты меңгеру шарты:

Студент сабаққа қатысуы 80% -дан кем болмауы тиіс. Ауыруына байланысты сабақ жіберип алған жағдайда (3 күнге жарамды 095-У анықтамасымен расталған жағдайда) Департаменттің Директорының (декан) өкімі бойынша жеке түрде тапсырманы тапсыру графигін алуына болады. График мерзімі өтіп кетсе тапсырма қабылданбайды. Сабаққа 5 минуттан астам кешіксе, сабақты себепсіз жіберген болып есептелініп 0 балл қойылады, сабаққа қатысуына болады. Оқытушының рұқсатынсыз телефон және компьютерлік құралдар қолданған студенттер сабақтан шеттетіледі де 0 балл қойылады. Студенттер Университет студенттерінің этикалық кодексін міндетті түрде сақтаулары, оқытушылар мен айналасындарға құрметпен және сыпайылықпен қарауы тиіс. Оқу тәртібі бұзылған жағдайда оқытушы Департаменттің директорының атына шара қолдануға ықпал ету туралы ұсыныс жасайды (пән бағасының күшін жоюы). Бақылау іс шаралары (Аб,АБ,ҚБ) кезінде көшіру және ұялы байланыс құралдарын пайдалану жағдайлары анықталған жағдайда алынған баға күшін жояды.

Практика (семинар) сабақтарында белсенділік. Студенттер практика (семинар) сабақтарында белсенділік көрсетулері керек. Белсенділік көрсетпесе, басқа да бір алаңдатпа әрекетпен айналысса сабақ үшін 0 балл қойылады.

Сабаққа дайындалу, үй тапсырмасын, СӨЖ және т.б орындау.

Курсты меңгерудің міндетті шарты сабаққа мұқият дайындалу болып табылады. Тапсырманы орындау кезінде қолданған интернет ресурстарын және де басқа ақпарат көздерін оқушылар міндетті түрде көрсетулері керек. Түп нұсқаға сілтеме жасалмай мәтінде 200 сөз қолданған жұмыс плагиат(шығармашылық ұрлық) болып есептелінеді. Плагиат фактісі анықталған кезде оқушы тапсырма үшін 0 балл алады, ал бұл факт қайталанған кезде бағасы күшін жояды.



Тапсырмаларды белгіленген уақытта тапсыру. Студенттер тапсырмаларды белгіленген уақытта тапсырады, немесе жеке тапсыру графигі болса соған сәйкес тапсырады. Жекелеген жағдайда оқытушының келісімімен белгіленген уақыттан кейін 7 күнтізбелік күн аралығында тапсыра алады бұл жағдайда осы тапсырма үшін қойылатын балл 80-нен аспауы керек. Жеті күндік мерзімі өткеннен кейін тапсырма қабылданбайды.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет