Дәріс № 6. Тақырыбы: Илік және бояу алынатын өсімдіктер
Дәріс жоспары:
Илік өсімдіктер және бояу алынатын өсімдіктер туралы түсінік
Илік және бояу алынатын өсімдіктерді қолданудың қысқаша тарихы
Әлемдік флорадағы илік және бояу алынатын өсімдіктердің негізгі өкілдері
Орталық Қазақстанның негізгі илік және бояу алынатын өсімдіктері, болашақта халық шаруашылығында қолдану мүмкіншіліктері
Деккердің (1913) анықтамасы бойынша илік өсімдіктер дегеніміз-тұтқыр дәмі бар, теріні илейтін және араластырылған ерітінділерде ақуыздар мен алкалоидтарды тұндыратын көп атомды фенолдардың қосылыстары.
Басқа зерттеушілердің пайымдауынша күрделі жоғары молекулалы қосылыстардың тобын құрайды. Әртүрлі өсімдіктерде және бір өсімдіктің өзіндегі мүшелерінде құрамы бойынша олар әртүрлі.
Онтогенез процесінде, климаттық, ауа-райының және басқа да жағдайлардың әсерінен үнемі ауысып отырады. Барлық илік заттардың ұқсас белгілері болады: суда ериді, тұтқыр дәмі бар, темір тұздарымен бояғанда қара немесе қошқыл көк-жасыл түс береді, ерітінділерде желім, спирт, ақуыз және екіхромқышқылды калий әсерінен тұнады, ауада қышқылданғанда кызғылт немесе қоңыр түске енеді.
Илік заттар деп аталуының өзі жинақылық тудыратын. Прусттың таннид деп атау керек деген.
Илік өсімдіктер деп клеткаларында теріні өңдейтін және оған пайдалы қасиет беретін (жұмсақтылық, мықтылық, түс және т.б.) илік заттары бар өсімдіктерді айтады. Төменгі сатыдағы өсімдіктерде (балдырлар, папоротниктер) олар аз мөлшерде (10 %-тен кем емес) кездеседі. Илік заттарға жалаң тұқымдыларда өте бай, дара жарнақтыларда, пальмадан басқаларда өте сирек кездеседі.
Илік заттар барлық өсімдіктердің бойында кездесе бермейді. Олар камбийде және басқа да түзуші ұлпаларда кездеспейді. Илік заттар олардың тек қана сыртқы қабығында ғана кездеседі.
Сонымен қатар олар сүзгілі түтіктерде кездеспейді. Басқа ұлпалардың бәрінде илік заттар болады. Ал енді оларды көлеміне қарай ажырататын болсақ, бұл жерде үлкен айырмашылықтар кездеседі. Ағаш тектестерде, мысалы еменде таннидтер зақымдалған ұлпаларында- немесе сия жаңғақтарында өте көп мөлшерде кездеседі.
Олардың жалпы салмағының 50-70 % илік заттардан тұрады, жапырақтарында илік заттар аз. Илік заттардың негізгі қоры олардың қабығында. Сол себепті қабықтары ең көп қолданатын шикізат ретінде саналады. Сабақтың сүрегі мен өзегінде илік заттар аз болады. Кермек, рауғаш, қымыздық жер асты бөліктерінде, яғни тамырсабақтарында көп мөлшерде илік затар жиналады.
Илеу мақсатында әртүрлі материалдарды қолданады. Кейде шикізат ретінде өсімдіктің тек бір бөлігі ғана қолданады, ал кейде танидтерді су өсімдіктерін сілтілеу арқылы алады. Тері илеушілер илеу жұмысына бір ғана илік заттарды емес, олардың бірнеше түрін бір-біріне қосып қолданатынын да атап өткен жөн.
Ол кезде илік заттар мен илік емес заттар да қолданылады. Адамзат тері илеуде өсімдіктерді қолдануды ерте кезде ақ білген. Алғашқы кезде тері илеуде олар теріні майлаған, бірақ бұл тәсіл оларды сақтауға аз көмегін тигізді. Майлардың бүлінуі терінің шіріп, бұзылуына әсер етті.
Теріні илеу идеясы жануарлардың терісін ормандағы батпақты-шымтезектердің арасынан тапқаннан кейін барып туындады. Теріні батпақтан алып, кептіргеннен кейін, ол бүлінбей сол қалпын сақтады. Бұл тері илеушілер арасында батпақтың құрамында өсімдік заттарының бар екенін және олар тері жұмсақ және мықты ететінін әсері бар екендігі жөнінде ой тудырды.
Тері илеудің басқа тәсілі оны сулап, таяқпен ұрып жұмсарту арқылы жүргізілді. Біраздан кейін теріні сулаған кезде оған емен қабығын қосты. Илеу немесе орыстың “дубить” деген сөзі теріні илеуде емен тамырын қолдану дегенді білдіреді. Яғни осыдан барып ерте кезден бастап емен қабығын илеу шикізаты ретінде қолданылды деген пікір туындайды.
Тері илеуді қытайлықтар біздің эрамыға дейінгі 3000 жыл бұрын білген. Ежелгі Мысыр елінде тері илеу өте жақсы дамыған. Ол туралы мәліметтерді және қолдану құралдарының суреттерін табыттардағы суреттерден көруге болады.
Ежелгі Гректер мен Римдіктер тері илеу тәсілдерін жақсы білген. Қазақстан жерінде илік өсімдіктер туралы алғашқы мағлұматтарды П.С. Палластың (1786), Н. Щеглованың (1828) еңбектерінен көруге болады. Онда Ресей аймақтарында тері илеу үшін қолданылған өсімдіктердің тізімі берілген. Осы тектес тізімді кейіннен Н.П. Паршанский (1894), А.Х. Роллоф (1908) жария етті.
Бірақ та 19 ғасырдың басына дейін тері илеуде қолданылатын өсімдіктер терең ғылыми түрде зерттелмеді. Осы мақсаттағы нәтижелі жұмыстар тек Қазан төңкерісінен кейін жүргізілді. Илік өсімдіктердің зерттеу жұмысы КСРО ҒА-да 1937 жылы өсімдіктер шикізаты бөлімі ашылғаннан кейін кең қанат жайып дами бастады.
Қазақстанда илік өсімдіктерді зерттеуді 1917 жылдың басында В.П. Марков жүргізді (1923). Томск технологиялық институтының және бүкілодақтық тері тасымалдаушылар одағының тапсырмасымен ол илік заттар жинау үшін Алтай өлкесіне саяхат жасады және ол жерде экстрагент зауытын салу мүмкіндігін зерттеді. Ол әсіресе бадан өсімдігін зерттеуге көп көңіл бөлді.
Онан кейін зерттеу жұмыстары 1941 жылы басталды, яғни бұл кезде КСРО ҒА-ның қазақ филиалының ботаника секторымен “Каззаготдубитель” тресімен бірлесе отырып зерттеу жұмыстарын жүргізген болатын. Ұлы Отан соғысы кезінде және одан кейін Қазақстанның әр аймақтарына профессор Н.В. Павловтфң жетекшілігімен 18 экспедиция өздерінің зерттеу жұмыстарын жүргізді.
Экспедиция мамандарының көмегімен илік өсімдіктердің түрлік құрамы, олардағы илік заттардың мөлшері, экологиялық ерекшеліктері, таралуы және қоры зерттелді.
Алғашқы экспедициялардың атқарған жұмыстарының негізі бағыты өзен алқаптарында өсетін талдардың құрамын, ерекшеліктерін және жалпы көлемін анықтау бойынша жүргізілді.
1944 жылы Н.В. Павловпен және 1942 жылы А.П. Гамаюнова, В.П. Голосков, В.С. Корниловалармен талдардың қоры табылған және зерттелген, сонымен қатар Оңтүстік Қазақстанның таулы өсімдіктерінің тамарлық және шөптектес илік заттары зерттелген. 1942 жылдан 1955 жылдар аралығында В.П. Михайлова Оңтүстік Қазақстанның, Балқаш, Арал маңының танидті флорасы зерттелген. Өндірістік мақсатта қолданылатын негізгі илік өсімдіктер наықталған. Бұл жұмыстардың жалғасын Н.Ф. Кашкарованың еңбектерінен көруге болады (2007-2010).
1941-1960 жылдары Іле Алатауының күнгейіндегі В.П. Михайлованың жетекшілігімен ботаника институтында илік самалдық, тянь-шань қымыздығы, Рехингер қымыздығы, бұйра қымыздық, Максимович қымыздығы, татар қымыздығы, бұқар самалдығына мәдени жағдайда зерттеулер жүргізілген.
Қаз ССР ҒА Ботаника институтының өсімдіктер биохимиясы зертханасында бірнеше жылдар бойы өндірісте қолданылатын танидті өсімдіктерге биохимиялық зерттеулер жүргізілген (Клышев, Алюкина, 1950-1965).
Қазақстанда өсетін илік өсімдіктердің химиялық құрамын зерттеу самалдық, қымыздық, кермек өсімдіктерінен алынатын сапалы шикізаттардан жаңа дәрі-дәрмектердің алынуына кең жол ашылды (Т.К. Шомбалов, 1962-1966).
Дүние жүзі бойынша илік заттардың негізгі шикізаты ретінде шыршаның қабығы, балқарағай, талдар, емендер, сірке ағашы, жалқын, ал шөптектес өсімдіктерден-бадан, самалдық кермек, рауғаш пайдаланылады. Қазақстан жерінде өсетін илік заттардың толық құрамы В.П. Михайлованың “Қазақстанда өсетін илік заттардың флорасы және оларды игеру” деген монографиялық еңбегінде (1968) көрсетілген.
Ондағы деректер бойынша Қазақстанда 599 илік заттар беретін өсімдіктер бар, олар 82 тұқымдастың өкілдері, олардың ішінде 21 тұқымдас өкілі төменгі сатыдағы өсімдіктерге, ал 61 түрі жоғары сатыдағы өсімдіктерге жатады.
Кеңінен қолданылатын илік өсімдіктер:
Шырша. Шыршаның қабығы илік материал ретінде қол жұмыстарында кеңінен қолданылады. Ол Скандинавияда, Солтүстік Еуропада, соның ішінде Германия мен Венгрияда илік заттар ретінде танымал. Ол өте жақсы илік зат, бірақ қолданылу процесінің баяу жүруіне байланысты сонымен қатар, бояу заттарының өте көп болуына байланысты кемшіліктері де бар.
Сондықтан шырша экстрактысы таза күйінде қолданылмайды.десе де болады, ал негізінен оның басқа илік заттармен араластырылған түрі қолданылады (емен, квебраха және басқалар).
Илік заттар ретінде шыршаның барлық түрлерінің қабықтары қолданылады. Басқа қылқан жапырақтылардың ішінен илеу мақсатында қарағайдың және балқарағайдың қабықтары қолданылады. 60-100 жасаған ағаштарда илік заттардың құрамы 8-10%-ті құрайды.
Талдар. Барлық талдар түрлерінің қабықтары кейінгі кезге дейін кеңінен қолданылатын илік заттар ретінде танымал. Олардың құрамындағы илік заттар түрлеріне қарай әртүрлі болып келеді. Әулиеталдың қабығында 6%, сұр талда 10%, ақ талда 15%, өзен бойы талдарында 14%, жатаған талдарда 13%.
Илік заттарды дайындаған кезде олардың құрамындағы танидтер орта есеппен 10%-ті құрайды. Талдардың жапырақтарында олардың құрғақ салмағына шаққанда 2-7%. Талдардан алынатын илік шикізаттар таза күйінде немесе қоспа күйінде де қолданылады.
Емен. Әлемдегі ежелгі илік зат ретінде белгілі. Өйткені оның атымен илеу процесі және оған қажетті материалдар аталады. Илеу үшін негізінен оның қабығы пайдаланылады. Олардың құрамында 9-15%-ке дейін илік заттар болады. Емендердің көптеген түрлері белгілі.
Солардың ішінде илеу үшін қолданылатын илік заттар Еуропа мен Жерорта теңізінің маңайында өсетін емендерден алынады. Жақсы илік заттар сонымен қатар АҚШ-қа да таныс. ТМД елдерінің аумағында кәдімгі емен немесе жазғы емен кеңінен танымал. Олардың қабығының құрамында илік заттар 9-10%, сүрегінде 3-5 %, жапырағында 1-3% , тамырында 6-9%, жаңғағында 1-2%.
Аталған өсімдіктерден басқа илік заттар талшын мен қайыңда бар екені белгілі. Илік заттар талшынның барлық мүшелерінде: қабығында, жапырағында, сүрегінде, өзегінде кездеседі.
Олар орта есеппен қабығында 9-12%, кейде 14% кездеседі. Сүрегінде 5-7%, жемісінде 10-18%. Жас мөлшеріне қарай илік заттардың мөлшері де өсіп отырады, сол себепті 15-25 жастағы өсімдіктер илеу экстрактысын алу үшін толығымен қолданылады.
Бірақ та талшынның жеуге жарамды жемісіне байланысты ТМД аумағында сирек өсуіне байланысты оны толық түрде қолдануда қиыншылықтар бар.
Қайың. Илеуге қолдану үшін қайыңның қабығы тозданған қабықтардан (берест) аршылғаннан кейін пайдалануға болады. Қайыңның қабығы Норвегия, Исландия, Финляндияда қолданылады. Олар көбінесе басқа қоспалармен, басқа күшті илік заттармен араластырылып та қолданылады. Қайыңның таза жапырағын қолданған кезде тері ақ түске боялады, бірақ аса мықты болмайды.
Қайыңның қабығын жинау өте қиын. Өйткені оларды сыртқы қабығынан (береста) тазарту қиындық келтіреді. Негізінен 50-60 жастағы ағаштердан жиналады.
Өзге де илік заттар-сірке ағашы және жалқын. Бұл екеуі де ТМД елдерінен басқа жерлерде кеңінен таралған. Ал біздің жерімізде олардың таралуы шекті мөлшерде. Өндіріс орындарында тері илеу үшін екеуінің де жапырақтары қолданылады. Өйткені олардың құрамындағы илік заттар бір-біріне өте жақын, шамамен 16-25%-ті құрайды.
Олардың жапырағын жинау жазда маусымда, кейде шілде, тамыз айларында жүргізіледі. Илік заттардың көп жиналуына күн көзінің де әсері бар. Өйткені күн көзі көп түсетін жерлерде илік заттар 20%-ті құрайды, ал көлеңке жақтарында 17%-ті құрайды. Бұл екеуі де ұсақ және жұмсақ терілерді, яғни қойдың және ешкінің терісін илеуге қолданады.
Ең аз қолданылатын илік заттардың қатарынан пісте ағашын атауға болады. Илік заттар олардың көн тәрізді (кожистый) жапырақтарында, әсіресе бүлінген ұлпаларында (галлы) 8-15%-ті құрайды.
Қызыл. Ол әсіресе тамақтық және илік өсімдік ретінде Қырымда, Кавказда, Орта Азияда кеңінен таралған. Қызылдың жапырағында 7-15%-ке дейін танидтер бар. Шөптектес өсімдіктерден илік қасиеттер Кермектер тұқымдасынан кермектерде байқалған.
Илік зат ретінде жергілікті тұрғындар кеңінен қолданады. Кең жапырақты кермектің тамырында 12-25% таннидтер болады. Көрсеткіштегі мұндай қатты өзгерістер жиналған тамырлардың жасына, жиналған уақытына, кептіру процесіне байланысты болады. Гмелин кермегінде таннидтің мөлшері 6-17%. Илеу мақсатында кермектерге басқа да түрлердің қоспаларын қосып илеу қолданылады.
Қазақстанның таннидті өсімдіктері:
Талдар тұқымдасы: Қазақстанда 2 туысқа-терек және талдар-46 түрі біріктірілген 64 түрі кездеседі.
Қарамықтар тұқымдасы: Қазастанда 8 туысқа біріктірілген 166 түрі өседі. Әсіресе қымыздық, самалдық, рауғаш тұқымдастары кеңінен пайдаланылады.
Бұта тектестерден жүзген мен түйесіңірге () аса назар аудару қажет. Бұл тұқымдастың көптеген шөптекетс түрлері өндірістік илік заттар екендігі белгілі. Таннидтер барлық мүшелерінде, бірақ әсіресе тамырларында көп кездеседі.
Қымыздықтар туысынан: кәдімгі қымыздық, бұйра қымыздық, пирамидалы қымыздық, тянь-шань қымыздығы, тар жапырақты қымыздық; және басқалары; рауғаш туысынан: Виттрок рауғашы, татар рауғашы, торлы рауғаш, Максимович рауғашы, Алтай рауғашы, түркістан рауғашы және басқалары; түйесіңір туысынан-тікенекті түйесіңір, Мушкетов түйесіңірі жүзгіндерден-ақ ақабықты жүзгін, арал жүзгіні, шабындық жүзгіні, жапырақсыз жүзгін пайдаланылады.
Сонымен қатар Қазақстанда илік заттардың көзі болып: илік самалдық, бұқар самалдығы, кислянка, жоңғар самалдығы, жылан самалдық, су самалдығы, кедір-бұдыр самалдық, қалың жапырақты бадан.
Бояу алынатын өсімдіктер
Бояу алынатын өсімдіктер, яғни табиғи түрдегі бояулар адамға сонау ерте кезден-ақ белгілі. Оның алғашқы қолданылуларын адам денесін бояу мен татуировака жасаумен байланыстыруға болады. Одан кейін бояулар киім ретінде пайдаланған аң терілерінің астыңғы жақтарын бояу үшін, заттарға және қаруларға сурет салу үшін, кейіннен маталарды бояу үшін қолданылды.
Ғасырдың ортасынан (15-16) 19 ғасырға дейін табиғи бояулардың давмыған кезі болды. 1834 жылы химик Рунге таскөмір смоласының құрамын зерттей отырып, органикалық қосылыс-анилинді ашты.
Қышқылдардың әсерінен анилин ашық күлгін-қызыл қосылыстар беретіні анықталды. 1856 жылы ағылшын ғалымы Перкин қышқылдық реакциясын пайдалана отырып, бірінші рет анилиннен ашық қызыл бояу-фуксинді алды.
Өсімдіктерден алынатын бояуларды қажет ететін және кеңінен пайдаланылатын өндірістің түрлері сақталды. Зияндылығы болмағандықтан бәрінен бұрын бұл әрине тамақ өнеркәсібі, содан кейін әртүрлі жергілікті және халықтық өндіріс: жібек дайындау, жүнді маталар және, әсіресе кілем өнеркәсібінде қолданылады.
Бояу заттары өсімдіктің барлық мүшелерінде: жапырағы мен сабағы (индиго), гүлінде (мақсары), қабығында (кверцитрон) немесе сүрегінде (кампеш, сары ағаш), кейде тамырында (бояу ләйлекшөп, куркума) болады.
Техникалық мақсатта клетка шырынында тез еритін, сонымен қатар сүрек ядросын бояйтын заттардың маңызы зор.
Беретін бояуларына байланысты өсімдіктер мынандай түрлерге жіктеледі: