Білім беру бағдарламасы: «6B05102-Биотехнология»


Дәріс № 7. Тақырыбы: Май алынатын тәбет ашатын өсімдіктер



бет15/35
Дата08.12.2023
өлшемі0,61 Mb.
#195523
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   35
Байланысты:
«Фармакогнозия» пәні бойынша

Дәріс № 7. Тақырыбы: Май алынатын тәбет ашатын өсімдіктер.


Дәріс жоспары:



  1. Табиғи май алынатын өсімдіктер.

  2. Майдың түрлеріне байланысты май алынатын өсімдіктердің жіктелуі.

  3. ТМД – ның және Қазақстанның әртүрлі аудандарында кездесетін ең маңызды май алынатын жабайы және мәдени өсімдіктеріне сипаттама.

  4. Жабайы және мәдени түрде өсетін тәбет ашатын өсімдіктердің қажет өкілдері мен негізгі топтарына сипаттама.

Май алынатын өсімдіктердің тұқымы майға бай келеді. Халық шаруашылығында май алынатын өсімдіктер әртүрлі. Олардан тек май ғана алмайды, техникалық мақсатта да қолданады. Май алынатын өсімдіктердің жемісі мен тұқымы бірден анықталады. Май алынатын өсімдіктер көбінесе крестгүлділердің өкілі қыша, арыш; күрделігүлділердің өкілі күнбағыс, сафлор: ерінгүлділердің өкілі перилла, ляллеманция және үпілмәлік т.б., күнжіт тұқымдасынан – күнжіт, зығыр тұқымдасынан – майлы зығыр, көкнәр тұқымдасынан – көкнәр. Сонымен қатар, басқа да өсімдіктерден май алынады. Олар: соя, жер жаңғағы, қарасора, мақта, кенеп, бұйдакендір өсімдіктері.


Май алынатын өсімдіктерден маргарин, сабын т.б. өнімдер алынады. Сондай-ақ олиф, лак, бояу, линолеум алынады және де олар халық шаруашылығында кеңінен қолданылады. Өсімдік майы кәдімгі температурада қатты және сұйық, яғни қоймалжың болады.Қатты майлар тек тропикалық ауданда өсетін өсімдіктерден алынады. Мысалы: какао, пальма, кокос және т.б. Орталық және Солтүстік ширекте кездесетін өсімдіктерден сұйық май алынады. Өсімдік майының химиялық құрамы күрделі эфирлі глицерин мен май қышқылынан тұрады.
Май алынатын өсімдіктер олардан алынатын майдың сапасына байланысты, кебуіне немесе кеппеуіне байланысты былай болып жіктеледі.

  1. Кебетін май беретін өсімдіктер. Бұған көкнәр, зығыр, қарасора, тунга ағашы жатады. Бұл өсімдіктерден алынатын майдың құрамында май қышқылы өте көп болады. Алынған майлар негізіне жоғары сапалы бояу, лак, клеенка жасау үшін пайдаланылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет