Білім беру бағдарламасы: «6B05102-Биотехнология»



бет18/35
Дата08.12.2023
өлшемі0,61 Mb.
#195523
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   35
Байланысты:
«Фармакогнозия» пәні бойынша

Жаздық рапс (кольза). Шатыргүлділер тұқымдасына жататын бір жылдық өсімдік. Биіктігі 25-100 см. Европада, Солтүстік Африка, Азияда, Закавказьеде таралған. Оның жабайы түрі - дала қышасы еліміздің барлық өңірінде өседі. Қазақстанда, оның ішінде Орал облысында 20 мың га жерде қыша өсіріледі. Оның тұқымында 30-45 % май, ақуыз, ??? су және т.б. заттар болады. Қыша тұқымының майы нан пісіруге, тәтті тағам дайындауға, иіс су өнеркәсібінде пайдаланылады. Ұнтағынан медицинада қыша қағазын және тағамға салатын қыша дайындайды. Сонымен қатар тұқымының құрамында стеарин, пальмитин, амин т.б. қышқылдар бар. Бұлар ағзаға өте пайдалы.
Арыш (рыжик). Крестгүлділер тұқымдасына жататын өсімдік. Жабайы түрі барлық жерде таралады деуге болады. Тұқымында 24-тен 30 %-ке дейін ??? май болады. Майы тез кеуіп кетеді, негізінен оны техникалық мақсатта қолданады. Одан олиф, сабын жасайды және бояғыш лак өнеркәсібінде қолданады.
Мақта. Мақтаның майы мәдени түрге айналдырылған мақтаның түрлерінің тұқымынан алынады. Майдың тұқымдағы мөлшері 17-ден 24 %-ке дейін болады. Негізі тамақ шаруашылығында маргарин жасау үшін пайдаланылады.
Бұлардан басқа раушангүлділердің өкілі – алманың тұқымында 20-25 %, қайың тұқымдастарының өкілдері - кәдімгі жаңғақ пен орман жаңғағында 55-58 % май болады.

  1. Кеппейтін май беретін өсімдіктер. Оларға: жер жаңғағы (арахис), үпілмәлік (клещевина), перилла, ляллеманция, мақсары жатады. Бұл майдың түрлері сабын шаруашылығында шикізат ретінде пайдаланылады.

Жер жаңғағы (арахис). Оның құрамында 48-60 % кеппейтін жоғары сапалы май болады. Бұл негізінен консерв шаруашылығында, әсіресе сардина, шпрот консервлерін дайындауға кеңінен қолданылады. Сонымен қатар кондитер шаруашылығында және маргарин жасауда қолданылады.
Үпілмәлік (клещевина) – сүттіген тұқымдасына жататын, биіктігі 2 м-ге дейін баратын бір жылдық шөптесін өсімдік. Жабайы үпілмәліктің шыққан жері – Африканың солтүстік шығысы, мұнда оның биіктігі 10 м-ге дейін жетеді. Ол бұта немесе ағаш түрінде кездеседі. Үпілмәлік Қазақстанның Іле, Күнгей Алатауларында, Батыс Тянь-Шанда, Алматы, Оңтүстік Қазақстан облыстарының тау бөктерінде таралған. Үпілмәлік май алыну үшін өсіріледі. Көбіне техникалық және кастор майы алынады, ол медицинада дәрі ретінде пайдаланылады. Сонымен қатар былғары өнеркәсібінде, сабын шаруашылығында, жасанды каучук және линолеум өнеркәсібінде, металл, авиация моторларын майлауға қолданылады. Үпілмәліктің майы ащы ішекті, тоқ ішекті тазалауға, көз ауруларына, күйікке, жараға, шаш өсіруге қолданады. Тазартылған кастор майы медицинада іш жүргізу үшін пайдаланады. Май алынғаннан кейінгі қалған қалдықтар (жмых) құнды мал азықтық өсімді және тыңайтқыш ретінде қолданылады. Ал тазартылмаған майының құрамында рецинин деген улы зат болады. Бұндай май емдік мақсатта қолданылмайды. Сәндік үшін Азияда, Украинада мәдени түрде өсіреді.
Перилла. Ерінгүлділер тұқымдасына жататын бір жылдық өсімдік. Биіктігі 1-1,5 м-ге жетеді. Перилланың екі түрі бар: Жапондық және Корей-қытайлық перилла. Ол дымқыл сүйгіш өсімдік. Дымқыл ауамен қатар дымқыл топырақты да қажет етеді. Майы өте бағалы болып табылады. Сондықтан сурет өнерінде пайдалану үшін әртүрлі бояулар, және олиф алады. Жағымсыз иісі болғандықтан тамаққа қолданылмайды. Майының құрамында 38 % ақуыз, 12 % май болады. Перилла теңіз маңайындағы аудандарда: Қытайда, Жапонияда, Корея және Манчжурияда кездеседі.
Ляллеманция. Ерінгүлділер тұқымдасына жатады.Тұқымынан алынатын майы жоғары иодталған. Техникалық мақсатта қолданылады. Сапасы жағынан перилладан кем түспейді. Бұл негізінен кеппейтін май алу үшін пайдаланылады. Жоғары сапалы лак, еденді бояйтын бояулар алу үшін, сол сияқты су өткізбейтін киімдер жасау үшін, линолеум жасауда қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет