Білім беру бағдарламасы: «6B05102-Биотехнология»



бет19/35
Дата08.12.2023
өлшемі0,61 Mb.
#195523
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   35
Байланысты:
«Фармакогнозия» пәні бойынша

Мақсары (сафлор). Күрделігүлділер тұқымдасына жататын бір жылдық өсімдік. Биіктігі 40-100 см. Дымқыл ауаны жақтырмайды, күн көзінің ашық болуын қалайды. Ауа райы дымқыл болған жағдайда сафлордың тұқымы қуыс болып, өнім алынбайды. Бұл өсімдікті тек май алу үшін ғана емес, бояу алу үшін де пайдаланылады. Тұқымында май көп болады. Майы жартылай кебуге бейім болып келеді. Сафлор майының дәмі ащы болғандықтан, көбінесе техникалық мақсатта қолданады. Одан олиф, лак, линолеум, сұйық сабын т.б. жасайды. Ол көбінесе Оңтүстік Қазақстанда кездеседі. Тазартылған тұқымнан алынған май шемішке майын ұқсас болып келеді, сондықтан ол тамақ шарауашылығында қолданылады. Май алынғаннан кейін қалған мақсарының қалдығын (жмых) мал азығы үшін пайдаланылады.
Кейбір раушангүлділер тұқымдасының өкілдерінен, мысалы кербез бадамнан бадам майын алады.
Жабайы түрде өсетін өсімдіктерден споралылардан – плаунда және папоротник тәрізділердің спораларында 50 %-ке дейін май болады. Сонымен қатар майлық пальманың жемісінің етті бөлімінен 58-68 % пальма майын алады. Бұл майда тамаққа пайдаланатын бос қышқылдар да бар.
Ескертетін жағдай, өсімдіктерден бұл майлардан басқа кербез лавр ағашынан қатты май алынады. Ол медицинада және халық шаруашылығының кейбір салаларында пайдаланылады. Мысалы, үй жағдайында кәдімгі қара шыбындарды жою мақсатында жабысқақ қағаздар дайындау үшін қолданылады. Сол сияқты қатты май шоколад ағашынаның жемісінен (бұршаққабының ядросынан) алынады. Оның мөлшері 45-50 % болады. Қатты май кокос пальмасының жемісінен де алынады. Оның мөлшері 60-70 % болады. Ол тамақ шаруашылығында пайдаланылады.

Тәбет ашатын өсімдіктер.


Көпшілік тәбет ашатын өсімдіктерді қазір хош иісті өсімдіктер деп атайды. Бұрынғы өкілдерінде эфир майлары майларға жақын деп саналып, олардан тек ұшпалылығының жоғары болуымен айырылған. Бірақта эфир майлары деп аталуы өсімдіктердің әртүрлі мүшелерінен алынған және тіршілік нәтижесінде өндірілген хош иісті заттардың қоспасы деген түсініктен туған. Органикалық және органикалық емес заттардың көбісінің иістері бар екені белгілі.
Хош иісті өсімдіктердің арасынан татымды және эфир-майлы өсімдіктер 000.
Тәбет ашатын өсімдіктер және олардың қолданылуы. Алғашқы кезде адамдар хош иісті заттарды концентрленген түрде ала алмағандықтан, кептірілген өсімдіктердің түгелін немесе біз дәмдеуіштер деп атайтын олардың бөліктерін пайдаланған. Сондықтан татымды өсімдіктер эфир-майлы немесе хош иісті өсімдіктерге өте жақын.
Мүшелерінде (жапырақтарында, тамырларында, жемістерінде, тамыржемістерінде) хош иісті немесе өткір дәмді заттары бар өсімдіктерді татымды өсімдіктер деп атайды. Олардың пайдалы қасиеттері ондағы көп органикалық қышқылдар, эфир майлары, фитонцидтер, гликозидтер, витамендер және т.б. биологиялық активті заттары бар күрделі химиялық құрылымымен анықталады.
Қазіргі кезде татымды өсімдіктердің 200-ден аса түрі белгілі. Дәмдеуіш ретінде тамырлырын (ақжелкек-хрен), тамырсабақтарын (иір-аир, інжір-инжир), жуашықтарын (сарымсақ-чеснок, пияз-лук), мәңгі жасыл өсімдіктің ішкі қабығын (корица), ашылмаған гүл бүршіктерін (қалампыр-гвоздика, кеуел-каперсы), гүлдеп тұрған жаушықты өсімдіктің аналығымен аналық аузын (запыран-шафран), барлық жасыл массасын (аскөк-укроп, шыралжын жусан-эстрагон), жапырағын (лавр), жемістері мен олардың бөліктерін (қара, қызыл бұрыш), кептірілген тұқымдарын (қыша-горчица, бәден-анис, зире-тмин) пайдаланады.
Қоңыржай аймақтың татымды өсімдіктері-хош иісті шөптер: бәден, зире, балдыркөк, күнзе, ажгон, ақжелек-петрушка, ботташық-пастернак, әптиек аскөгі-фенхель, сермене-мелисса, насыбайгүл-базилик, жалбыз, қыша, барқытшөп-бархатцы, чернуха.
Шығу тегі бойынша татымды өсімдіктерді экзотикалық, европалық және жергілікті деп бөлуге болады.
Экзотикалық татымды өсімдіктерге тропика елдерінде өсетін немесе мәдени түрге айналдырылған өсімдіктер жатады. Олардың негізгілеріне сипаттама беріп кетейік.
Ваниль-Орхидея тұқымдасының өкілі. Ванильді тропикалық орхидеяның жемістерінен алады. Оның отаны-Шығыс мексика. Қазіргі кезде Бразилия, Ява, Шри-Ланка, Африкада көбейіп келеді. Жемістерінде ванилин болады. Ваниль эфир-майлы хош иісті өсімдік ретінде пайдаланылады. Ванильдің дәмі жағымды, татымды және ащы болып келеді. Ваниль тәтті тағамдар дайындауда көпшілікке белгілі татымдылықтар. Сонымен қатар ликер және сусындар дайындауда тамақ өнеркәсібінде пайдаланылады.
Қалампыр (қалампыр ағашы).Мирта тұқымдасының тропикалық ағашының ашылмаған бутондары қолданылады. Моллукск аралдарында өседі, Шри-Ланка мен Мадагаскарда егу жұмыстары жүргізілуде. Жасыл массаларынан эфир майынан тұратын қалампыр майын алады. Қалампырдың күшті, өзіне тән хош иісі және татымды өткір дәмі бар. Асқазан ауруларына қолданатын ащы дәрілерді және ыстық ссусындар дайындау үшін пайдаланылады.
Зімбір-Зімбір тұқымдасының өкілі, шамамен биіктігі 2 м-ге жететін қамысты өсімдік. Отаны-Оңтүстік-шығыс Азия, Қытай, Батыс Үнді елдері. Зімбірдің өте татымды хош иісі және күйдіргіш татымды дәмі бар. Татымдылық ретінде кептірілген бүтін тамырсабағы пайдаланылады. Тәтті тағамдарды дайындауда қолданылады.
Кардамон- Зімбір тұқымдасының өкілі. Тропикалық бұта тектес өсімдік. Отаны-Үнді елі, Шри-Ланка, Үндіқытай, Шығыс Африкада өсіріліп жатыр. Көп жылдық шөптектес өсімдіктің кептірілген және ұсақталған тұқымдары татымдылық ретінде пайдаланылады. Дәмі мен иісі татымды, хош иісті, өткір.
Корица-Лавр тұқымдасының өкілі. Корицаны тропикалық ағаштың қабығының ішкі бөлігінен алады, ол Шри-Ланка өседі. Корицаның өзіне тән иісі онда эфир майларының және басқа құрауыштардың болуымен сипатталады. Барлық тамақ түрлеріне пайдаланылады.
Мускат жаңғағы-Миристеция тұқымдасының тропикалық мәңгіжасыл ағаш тектес өсімдігі. Жабайы түрде Моллукск аралдарында өседі. Ява, Суматра, Антиль аралдарында өсіріледі. Құрамында эфир майлары өте көп. Шоколад пудингтарын, кремдерді, әртірлі тәттілерді дайындау үшін пайдаланылады.
Анис-Шатыргүлділер тұқымдасының өкілі. Отаны Египет немесе Кіші Азия. Татымдылық ретінде жағымды хош иісі және тәтті дәмі бар піскен жемістері пайдаланылады. Нан пісіру және кондитер өндірісінде қолданылады.
Насыбайгүл-Ерінгүлділер тұқымдасының өкілі. Шөптің жасыл бөлігі пайдаланылады. Отаны-Үнді елі, Шри-Ланка. Татымдылық сапасына жаңа піскен, дәмдеуіш тәрізді кептірілген түрде өсімдіктің жасыл массасы жиналады.
Лавр-жапырақтары мәңгіжасыл Лаурус тұқымдасының өкілі. Өсімдік өзі Жерорта теңізінен шыққан, ТМД-да жабайы түрде Қырымда және Батыс Кавказда өседі. Дәмдеуіш ретінде қолданылады. Өсімдіктің барлық бөліктерінде эфир майлары бар.
Қызыл бұрыш-Алқа тұқымдастарының жемісті өсімдігі. Отаны-Бразилия, бірақ өсімдік барлық елдерде дерлік, әсіресе Оңтүстік және Жерортатеңізі Еуропада өсіріледі. ТМД-да Украина, Қырым, Қазақстанда және Орта Азияда бұл әдетте бақшалық өсімдік. Қызыл немесе қошқыл-күлгін түсті піскен жемістерін жинайды.
Зире-Шатыр тұқымдастарына жататын өсімдік. Отаны-Оңтүстік Еуропа мен Азия. Татымдылық ретінде піскен тұқымдарын пайдаланады. Тұқымдарында эфир майлары бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет