Экономикалық тәрбиені қалыптастыру
«Экономика-біздің өмірімізде» тәрбие сағаты. Оқушыларды экономика жағдайында шаруашылықты тиімді жүргізу қағидалары мен нормаларына сай сана-сезімдерін, дағдыларын қалыптастыру.Ұқыптылық, тәртіптілік, үнемшілдік, іскерлік, ұйымдастырушылық, еңбек сүйгіштік сияқты қасиеттерді қалыптастыру.
|
|
28.04.2022
|
Мінездеме
Оқу практикасында оқушыға мінездеме жасадық.
|
|
05.05.2022
|
Оқу практикасының қорытынды есебі жасалды. Оқу практикасы аяқталды. Студенттің жеке портфолиосы жасалды.
|
|
II. ЖЕКЕ ОҚУШЫҒА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ МІНЕЗДЕМЕ
Б.Момышұлы атындағы
№35 мектеп-гимназиясының
4 «а» сынып оқушысы ДК-ға
Мінездеме
ДК 2011 жылы 2 қазанда Оңтүстік Қазақстан облысы, Алматы қаласы, Талғар ауданы, Талдыбұлақ ауылында дүниеге келген. Б.Момышұлы атындағы №35 мектеп-гимназиясының 4 «а» сынып оқушысы. 2017ж 1қыркүйекте мектеп табалдырығын аттады. Мектепке дейінгі мекемеде болған. №35 мектепте 1 сыныптан бері оқиды.
ДК-ның оқу үлгерімі өте жақсы, үлгілі, озат оқушыладың бірі. Қызыға оқитын сабақтары: математика, қазақ тілі, жаратылыстану, ағылшын тілі. Есептерді тез шығарады, соның ішінде мәселе есептерді шығаруда ерекше көзге түседі. Қазақ тілі және әдебиет сабақтарында көркем сөйлейді, қатесіз жазады, әрі өз ойынан ертегі, өлең шығарғанды ұнатады. Ағылшын тілінен басқа балаларға қарағанда анық сөйлейді, сөздерді дұрыс айтады, тез жаттап алады.Сабаққа жақсы дайындықпен келеді. Өзінің сыныптастарымен өте жақсы араласады, тату-тәтті. Кей кезде асығыстық шешім қабылдайды. Темпераменті холерик пен флегматикке келеді. Өзімен қатарлас оқушылармен арысып оқығанды ұнатады. Топтық жұмыста белсенділік көрсетіп топ оқушыларын алға сүйреп жүреді. Білім саласы бойынша көптеген марапаттаулары бар. Ата-анасы бала тәрбиесіне жақсы көңіл бөлген. К толық қамды,көп балалы отбасынан шыққан. Үйінде 3 әпкесі, 2 сіңілісі, 1 інісі бар. Әкесі орта білімді, қарапайым жұмысшы. Анасы жоғары білімді, №35 мектепте қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі.
ДК тәрбиелі, ұқыпты, ашық, өте белсенді оқушы. Тәртібі мектеп тәрбиесіне сай, сырт келбеті ұқыпты, жинақы, дене бітімі дамыған, бойы ұзын (140 см), шымыр әрі шапшаң қозғалады. Есте сақтау қабілеті жақсы дамыған, ойын еркін жеткізе алады. Жазуы өте жақсы, біркелкі әрі түзу жазады. Жазу барысында сол қолмен жазып қалыптасқан.
Білім алушының қолы ________________
2022 ж. «_5_» мамыр
Достарыңызбен бөлісу: |