Сынып жетекшісінің тәрбиелік іс – әрекетінің жүйесі Қазіргі заманғы мектептің тәрбие жұмысының жүйесі туралы, тәрбие жұмысының мақсаты, міндеттері, атқаратын қызметтері туралы және сынып жетекшісінің атқаратын қызметтері мен іс – әрекеттерінің түрлері туралы түсіндіру жұмыстары өтті. Тест тапсырып жауаптырын дискордка жүктеп салдым.
24.02.22
Тәрбие жұмыстарын жоспарлау технологиясы және әдістемесі Тәрбие жұмыстарын жоспарлау – оқушылар тұлғасы мен балалар ұжымын дамытуды болжау үдерісі және сынып пен мектептегі тәрбие жұмыстарының стратегиясын анықтау туралы, жоспарлауға қойылатын талаптар және жоспарлаудың түрлері туралы және сыныпта тәрбие жұмыстарын жоспарлаудың формалары, әдістері мен тәсілдері туралы түсіндіру жұмыстары өтті. Берілген жоба тақырыптары бойынша жоба жасап болған соң, практика жетекшісіне ұсындым.