Білім беру бағдарламасы 6В01303 Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі Шифр атауы



бет30/73
Дата17.11.2023
өлшемі0,56 Mb.
#191761
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   73
Байланысты:
Дістемелік кешені-emirsaba.org

Лекция 12. Тәрбиенің әдістері.

13.1. Тәрбие әдістері туралы түсінік және олардың психологиялық негіздері.

13.2. Тәрбие әдістеріннің жіктелуі.

13.3. Тәрбие әдістерін қолданудың педагогикалық шарттары, оқушы тәрбиелілігінің диагностикасы.
Педагогикалық процесті ұйымдастыру жұмысында және елімізде жүріп жатқан жаңарумен байланысты тәрбие әдістерін қолдануда жаңаша ойлануды меңгеріп, дамыту керек.
Тәрбие әдістері – тәрбие процесінің өте күрделі компоненті. Себебі, тәрбие әдістері қазіргі қоғамның түбегейлі өзгеру жағдайындағы сан – салалы өмір талаптарына байланысты болуы тиіс. Сонымен қатар тәрбие әдістері жан – жақты тәрбиенің мақсатына, принциптеріне, тәрбие жұмысының мазмұнына сай анықталады.
Соның ішінде тәрбие әдісінің мәні үнемі тәрбиенің мақсатынан туындап отырады.Ғылыми педагогикалық әдебиеттерде тәрбие әдісінің мәні көп қырлы болғандықтан, оған әртүрлі анықтама берілген.В.А.Сластенин, Ю.К.Бабанский т.б. мектепте тәрбиеші мен тәрбиеленушінің өзара байланысты іс - әрекетінің жолдарын тәрбие әдісі деп атайды. Бұл іс - әрекет тәрбиенің міндеттерін шешуге бағытталады.
Оқушыларға тәрбиелік ықпал ету әдістері немесе тәрбие әдістері дегеніміз – тәрбиешінің оқушылардың бойында қоғамдық көзқарасты және мінез – құлық әдеттері мен дағдыларын қалыптастыру мақсатында, олардың санасы мен ерік күшіне ықпал ету тәсілдерінің жиынтығы.
Екінші, сөзбен айтқанда, тәрбие әдістері тәрбиеші мен тәрбиеленушінің бірлесе отырып жүргізілетін іс - әрекетінің құралы болып табылады.
Тәрбие әдістерінің жіктелуі. Тәрбие әдістерін топтастыру, жүйелеу, жіктеу, бөлу өте күрделі мәселе. Әр әдістің өзіндік ерекшелігі болады. Осыған байланысты педагогикада тәрбие әдісінің заңдылығы мен мәнін ашатын көлемді ғылыми қор жинақталған. Тәрбие әдісін жинақтау не үшін қажет. Ол тәрбие әдісін:жалпы және жеке;негізгі және кездейсоқ;теориялық және тәжірибелік ерекшеліктерін айқындауға, бөліп қарауға көмектеседі;мақсатты түрде әрбір тәрбие әдісін тиімді пайдалануға мүмкіндік жасайды;әрбір тәрбие әдісінің өзіне тән белгісін және оның ерекшелігін, міндетін оның бір – бірімен байланысын айқындай түседі.
Педагогика ғылыми зерттеушілердің еңбектерінде тәрбие әдісі түрліше топтастырылады. Ғалым педагогтер Н.И.Болдырев, Н.К.Гончаров, Ф.Ф.Королев т.б. тәрбие әдісін классификациялауда сендіру, жаттығу, мадақтау және жазалау әдістерін жеке бөліп қарастырады. Ал, Т.А.Ильина, И.Т.Огородников т.б. тәрбие әдісін топтастыруда сендіру әдісімен қатар оқушылардың іс - әрекетін ұйымдастыру әдісін және олардың мінез – құлықтарын ынталандыру әдістерін қоса қалыптастырады. Г.И.Шукина өзінің оқулығында тәрбие әдістерін қазіргі теориялық негіздерге сүйеніп талдау жасайды. Ю.К.Бабанский,
Педагогика теориясында тәрбие әдістерінің методологиялық және теориялық негізі ретінде адамның қоғамдық мәні мәселесі және жеке адамның қалыптасуында іс - әрекеттің ролі туралы ілімнің қағидалары алынған. Бала жеке адам тек іс - әрекет үстінде ғана қалыптасады. Бұл үшін баланың өмірі үнемі іс - әрекет арқылы ұйымдастырылуы керек. Ол іс - әрекет нақтылы мақсатты шешуге бағытталып, қажет болған жағдайда арнайы ситуациялық іс - әрекеттер де ұйымдастырылуы қажет.
Жеке адамның қоғамдық санасын қалыптастыру әдістерін қолдануда формализм болмауын еске алу – қазіргі кезеңнің маңызды проблемаларының бірі. Мектеп тәжірибесіне зер салсақ, әдетте тәрбие жұмысының кеңінен жүргізілетін салалары: әңгіме, лекция, жиналыс, пікірталас, еңбек озаттарымен кездесу, экскурсия, кино – видеофильм көру т.б. орын алатыны белгілі. Бұл шараларды өткізудегі бұрыннан келе жатқан басты кемшілік – оқушыларды тек қана тәртіпті отыру және тыңдау талап етілетіндігі. Ал жоғарыда айтып дәлелдегеніміздей, адамның жеке басы тек қана іс - әрекет арқылы қалыптасады деген педагогиканың аксиомасы сендіру әдістерін пайдаланғанда ескерілмейді. Балалар көбіне тәтті сөздің жетегінде қалып қоятынына мән берілмейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет