Білім беру бағдарламасы 6В01303 Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі Шифр атауы


Лекция 14. Отбасы тәрбиесінің негіздері



бет32/73
Дата17.11.2023
өлшемі0,56 Mb.
#191761
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   73
Байланысты:
Дістемелік кешені-emirsaba.org

Лекция 14. Отбасы тәрбиесінің негіздері.

14.1.Отбасы-бала тұлғасын әлеуметтендірудің факторы және субьектісі ретінде.

14.2. Отбасының қызметтері, типтері. Отбасы тәрбиесінің нормативтік-құқықтық негіздері.

14.3. Отбасында педагогикалық үдерісті ұйымдастыру.

14.4. Отбасы мен педагогикалық ұжым жұмысындағы сынып жетекшісінің рөлі.
Ата-аналармен тәрбие жұмысын жүргізудегі мектептің міндеті: балалармен жүргізілетін түрлі педагогикалық жұмыстарды ұйымдастыруда ата-аналарды тартып қатыстыра білу, бала тәрбиесі жөнінде ата-аналар арасында ағарту жұмыстарын жүргізу болып табылады. Ал бұл міндетті шешудің құралы мен формасы - ата-аналарды түрлі үйірме жұмыстарын өткізуге жетекшілікке тарту, ата-аналар комитеті мен мектептік кеңестің құрамына кіргізу, түрлі мекемелермен байланыс жасайтын және мектепке материалдық көмек көрсететін топтарға қосу, ата-аналарға арналған лекциялар оқуға және тәрбие жөнінде консультация өткізіп, түрлі тақырыптарда пікір алысып балалардың үлгерімі жөнінде нақты кеңесу үшін сабақтарға қатынасып, педагогикалық советтің мүшелігіне кіргізу болуға тиіс. Кейбір Еуропа елдері мен АҚШ-та арнайы маман, психологтар тәрбие жұмысын атқарса, біздің елде ол міндетті мұғалімдер мен сынып жетекшілері орындайды. Бүкіл әлем тәжірибесінде бала тәрбиесіне алдымен жауап беретін ата-ана.
Мектеп ұжымы тәрбие тақырыбы және бала организмінің даму ерекшеліктері жөнінде ата-аналарға арнап лекция оқуға дәрігерлерді, психологтарды түрлі саладағы мамандарды шақыруы керек. Әр алуан тақырыптар бойынша конференция, семинар, пікір алысуды ұйымдастыру тәлім-тәрбие ісін жетілдіруде ықпалы мол екендігін және оған арнайы дайындалып, тиімділігін арттыруда түрлі тәжірибе алмасудың мәні зор екеніне жауапты қарау керек.
Қоғамда отбасы – болашақ азаматтың әлеуметтену жолындағы алғашқы қадамдарын жасайтын бастапқы адым, ол балаға моралдық қалпы туралы алғашқы түсініктер береді, оны еңбекке баулып, өз-өзіне қызмет ету дағдыларын қалыптастырады. Ата-ананың іс-әрекеті мен мінез-құлқы, өмір сүру салты арқылы балаға дүниетанымдық, адамгершілік, әлеуметтік-саяси құндылықтар беріледі.
Отбасы тәрбиесінің проблемасы – ананың отбасы тұрмысынан қолы босамауы. Ананың уақыты жетпеуі көбінесе насихат, жазғыру, ұрсу сияқты тәрбиелік ықпалдың нәтижесіз әдістерін пайдалануға мәжбүр болады.
Ата-ана құқығынан айрылғалы тұрған ата-аналар әлеуметтік және педагогикалық проблемалар тудырады. Мемлекет олардың ата-аналық құқықтарынан айырғанда балалардың мақсат-мүддесін басшылыққа алады. Алайда бұл ретте олардың өмірі өз мәнін барынша жоғалтады, өйткені өмір сүру мен дамудың маңыздылығы кемиді.
Әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге, жекеменшіктің пайда болуына, жеке адамның баю мүмкіндігінің тууына байланысты материалдық жағынан ауқатты отбасылар пайда бола бастады. Мұндай отбасында тәрбие белгілі бір проблемаға кездеседі. Көбінесе бұндай отбасындағы бала балалық ұжымдардан алшақ болады, оның ерекшелік сезімі қалыптасып, қоршаған адамдарға деген жөнсіз наразылық эгоизмі тууы мүмкін.
Отбасы тәрбиесінің, ата-ананың әлеуметтік-жауапкершілік қызмет-әрекеті ретінде басты құқықтық негізі бар. 1989 жылдың 20 қарашасында БҰҰ Бас Ассамблеясы қабылдаған “Бала құқығы туралы конвенция” маңызды негізгі құжат. “Балаға, дене жағынан және ақыл-ойының жетілмегендігінен, арнайы қорғау мен қамқорлық, соның ішінде, туылғанға дейінгі және туылғаннан кейінгі тиісті құқықтық қорғау керек”, - деп жазылған Конвенцияда.
Қазақстан Республикасы Консититуциясында бекітілген отбасы тәрбиесінің құқықтық принциптері “Неке және отбасы туралы” заңда (17. 12. 1998 ж.) нақтыланған. Онда қазіргі заманғы отбасы құқығының бір некелік, некеге тұрудың бостандығы мен еркіндігі, ажырасу еркіндігі, ерлі-зайыптылардың отбасы қатынасындағы тең құқығы сияқты негізгі принциптері жазылған. Бұл құқықтар отбасы өміріндегі, отбасы ұжымындағы өзара байланыстың терең демократияға жол ашады. 52 тарауда баланың отбасылық тәрбиесі, оның құқығын және мақсат-мүдделерін қорғаудың баптары келтірілген: “Баланың өз ата-анасы тарапынан тәрбиеленуіне, оның тілек-қалауларының орындалуына, жан-жақты дамуына, оның адами қадір-қасиетінің сыйлануына құқығы бар”. Бала ата-ана билігіне тәуелді объект ретінде емес, өзіндік құқық субъектісі ретінде қарастырылады.
Отбасына бала тәрбиесінде көмек көрсетудің ықпалды тәсілі – ата-аналардың педагогикалық сауатын дамытуды ұйымдастыру. Мектеп ата-аналардың педагогикалық сауатын дамытуды ата-аналар жиналысын, консультациялар, сұрақ-жауап кештерін, әкелер конференцияларын, т.б. өткізу арқылы ұйымдастыруға тырысады. Бұл орайда, әрбір мектеп өз жағдайына, “жанұя суреті” ерекшеліктеріне, оқушылар тәрбиелілігіне сәйкес ата-аналардың педагогикалық сауатын дамытудың нақты жүйесін жасайды. Көбінесе оқушылар ата-анасымен бала тәрбиесін жақсартудағы педагогикалық консультациялар және практикалық кеңестер сипатындағы жеке дара жұмыс жиі қолданылады.
Ата-аналарға отбасы тәрбиесін жақсарту мақсатында жеке дара көмек көрсетіп, ықпал жасай отырып, мұғалім педагогикалық әдептілік сақтау керек. Мұғалімдердің ата-аналарға оқушылардың мектептегі “жаман” тәртібіне шағымдануы әрқашанда теріс бағаға ие болады. Мұндай шағымданулардың еш нәтижесі болмайды, керісінше олардың тигізер зияны өте зор. А.С. Макаренко мұғалімдерді ата-аналарды мектепке шақыртудан, балалар тәртібіне шағымданудан сақтандырған: “Кей ата-ана мұндай әңгімеден кейін қолына қамшы алады, ал кейбіреуі болса еш нәрсе істемейді де, нәтижесінде барлығы бұрыңғы қалпында қалады”, – дейді А.С. Макаренко.
Оқушылардың ата-аналары оқу еңбегінің әртүрлі шараларын өткізуге қатыстырылады (пәндік тақырыптық кештер, танымдық-ойын-сауық ойындар, үйірмелік сабақтар, т.б.). Көптеген мектептерде “Ашық есік күндері” дәстүрге айналған, бұл күні ата-аналар сабақтарға қатысып, сабақтағы өз балаларын бақылауға, олардың белсенділік деңгейін және оқу материалын игеру тереңдігін бағалауға мүмкіндік беріледі. Олар бұл күні: пәннің ерекшелігін ескере отырып үй жұмысын қалай орындау керек, оқушы пән бойынша оқу жұмысының қандай тәсілдерін игеру тиіс, осы пәнді игеруде қандай қиыншылықтар туындайды және оқушыға оларды жеңу үшін қалай көмектесу керек, т.б. өзекті мәселелерді шешуде білікті көмек ала алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет