WYSIWYG (ағылшын тілінде What You See Is What You Get, «нені көрсең, соны аласың») – қолданбалы бағдарламалар мен веб-интерфейстер сипаты болып саналады, онда контент өңдеу кезінде құжат веб-бет немесе тұсаукесер ретінде соңғы шыққан контент көрінісіне өте ұқсас болып келеді.
WYSIWYG-редаторы
MS Front Page – клиент/сервер ортада визуалдық құрал Web – беттерді жасауға үшін
WYSIWYG технологиясы пайда болғанша күрделі форматтағы құжаттарды құру үшін белгілеу тілдерінің қызметін атқаратын бағдарламалар қолданылып келген. Бұл бағдарламаларда құжаттарды форматтау үшін соңғы шыққан суретте көрінбейтін арнайы тегтер қолдану керек еді. Тегтер мәтіндердің стилін (қою, курсив), шрифтің өзгеруін, мәтін орналасуын және сол сияқты істерді атқара алатын еді.
WYSIWYG қолданған алғашқы бағдарлама Bravo мәтіндік редактор болып есептеледі.
бағдарламалары осы редактордың тікелей жалғасы болып есептеледі.
Xerox PARC-тен тәуелсіз түрде Bravo-мен қатар 1978 жылдың соңында Hewlett Packard компаниясы WYSIWYG қолданған алғашқы коммерциялық бағдарламаны жарыққа шығарды. Бағдарламаның алғашқы шығуы Bruno деп аталып, HP 1000 миникомпьютерлерінде қолданылды.