2. Web-клиент. Web-сервер
Қазіргі кезде www браузерлері FTP, gopher, mailto, news, nntp, telnet, wais, file (кесте№1,) протоколдарын қолданатын серверлердің әртүрлі түрлерімен өзара байланысуы мүмкін. URL құрамына www браузеріне қажетті ену әдісі туралы ақпарат кіреді
Кесте №1. Қазіргі кездегі серверлердің әртүрлі түрлері
Ену сызбасы
|
Ену сипаттамасы
|
http
|
Гипермәтінді беру хаттамасы
|
ftp
|
Файлдарды беру хаттамасы
|
gopher
|
Gopher хаттамасы
|
mailto
|
Электрондық почта адресі
|
news, nntp
|
Жаңалықтар
|
telnet
|
telnet сеансы
|
wais
|
wais хаттамасының сервері
|
file
|
Компьютердегі файл аты
|
Web технологиясының көпхаттамалы мүмкіндіктері оның қабілетін офистік қосымшаларға, жеке алғанда электрондық почта, файл-серверлеріне енуін және Web-тен Internet ресурстары мен қызметтеріне енуін анықтайды, сонымен қатар Web ортасына жаңалықтардың, ftp-архивтердің және іздеу қызметтердің функционалдылығын көшіруге де мүмкіндік береді.
Web-сервер
Интернетке қосылған клиент интернет сервистеріне ие болады. Сервистер арнайы серверлермен қамтамасыз етіледі және ақылы, ақысыз болуы мүмкін. Олардың ішінде ең белгілі: WWW, FTP, электронды почта және жаңалықтар.
WWW – World Wіde Web (Дүниежүзілік тор) – бұл дүниежүзілік ақпараттық жүйе, ақпаратты серверлерде түйінделген документтердің жинағы ретіндегі технололиясын пайдаланады. Әрбір документте текстен басқа, график, дыбыс немесе видеобейнелер болады. ақпарат берудің мұндай формасы мультимедийлі деп аталады. Документ Web – беттерден тұрады, олардың әрқайсысы бірнеше тақырыптарды баяндайды. Компьютердің экранында Web – бетті қарай отырып негізгі тексті, бейнелерді және де түрлі боялған тексті, сызылған сөйлемдерді көруге болады. мұндай объектілер гипертекстік нұсқау деп аталады. Және олар нұсқау мазмұнын ашатын басқа документпен байланысуға арналған.
Достарыңызбен бөлісу: |