13-апта №13 дәрістің тақырыбы: JavaScript сценарийін орналастыру Мақсаты: Бағдарламаға скриптер енгізу. Логикалық операциялар. Функцияларды сипаттау және пайдалану
Бағдарламаға скриптер енгізу
Кейбір JavaScript тілін сүйемелдемейтін браузерлердің бұрынғы нұсқалары оларды орындамайды. Ондай браузерлер скриптерді түсінбейтін болғандықтан, JavaScript тілінің операторларын комментарий тәгтерінің ішіне орналастыру қалыптасқан. Тіл интерпретаторының дұрыс жұмыс істеуі үшін скриптерді жабу тәгінің --> алдына // белгісін қою керек. Сонымен, HTML-құжат ішіне JavaScript сценарийін орналастыру үшін төмендегідей жолдарды жазу керек:
// Скрипт соңы
Скриптердегі қолданылатын тілді анықтайтын параметрлердің бірі – тәгтерінен кейін жазылады. Келесі мысалдарда браузер JavaScript тілін толық сүйемелдейді деп есептейміз.
Бір құжатта бірнеше <script> тәгтері болуы мүмкін. Олар орналасу реттілігі бойынша JavaScript интерпретаторы арқылы өңделеді. Келесі мысалда HTML-құжаттың бөлігінде (құжат тұлғасында) JavaScript тілінің операторлары орналасқан.
1-мысал. Катеттері берілген тік бұрышты үшбұрыштың ауданын анықтайтын программа жазу керек болсын делік.