Білім беру бағдарламасы 6В01510 «География-Тарих»


Қазақстандағы негізгі ғылыми-зерттеу бағыттары



бет58/60
Дата14.09.2022
өлшемі0,55 Mb.
#149557
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   60
Байланысты:
Жаратылыстануды оқытудың теориялық негіздері
Спецификация суммативного оценивания за 2, Кәсіптің құпия сырлары 10Ә
Қазақстандағы негізгі ғылыми-зерттеу бағыттары. Жер ту- ралы ғылыми орталықта Қазақстанның минералды-шикізат ресурсының геологиялық-экономикалық болжам картасы, мұнай және газ кездесетін аудандардың болжам картасы жасалды. Ілгері геоақпараттық жүйе және гидрологиялық деректер базасы құрастырылды. Сонымен бірге жер сілкінісі болуы мүмкін деген аймақтардың физикалық және динамикалық моделі жасалды.
Су мәселесі, география, геоэкология бөлімдері және мамандандырылған зертханалар, гляциология, ландшафттану мен табиғатты пайдалану, геоморфология, геоақпараттық картаға түсіру, туризм географиясы, рекреациялық география, су ресурста- ры мәселелерімен айналысады.
Химия-технологиялық ғылымы Қазақстан мұнайын өңдеуде тиімді жоғары катализатор және каталитикалық үдеріспен, жаңа полимерлерді синтездеумен айналысады.
Биология ғылымы молекулярлық және жасуша биологиясын зерттеуде үлкен жетістіктерге жетуде. Қазақстан Республикасы- ның Ұлттық биотехнологиялық орталығында, отандық ғалымдар- дың күшімен жұқпалы ауруларға қарсы препараттар ойлап шы- ғарылды.
Ауылшаруашылығы ғылымында аймақтың биоклиматтық әлеуеті ескерілген ауылшаруашылық дақылдарының жаңа сұрыптары шығарылды. Жем-шөп және көгөніс дақылдарының генефоны құрастырылды. Жануарлардың көптеген жаңа асыл тұқымдары өмірге келді
15.3 Келешектегі ғылымдар Згермелі әлемнің ашылулары
Дүниежүзіндегі ғылымның дамуы. Ежелгі кезеңдердің өзінде еңбекті ұйымдастыру үшін адамдарға жаңа білім алу қажеттілігі туындады. Жаңа құрал-саймандарды ойлап шығаруда, қолөнер туындыларын жетілдіруде, үй тұрғызуда, қару-жарақ түрлерін жетілдіруде білім қажет болды. Ғылымның дамуы шамамен біздің заманымызға дейінгі V ғасырда ежелгі Грекиядан басталады деп есептелінеді. Осы кездері ежелгі Грекияда табиғатты зерттеудің алғашқы бағдарламасы қабылданады.
Ғылымның дамуын қазіргі кездегі түсінікпен есептесек, XVI– XVII ғасырдан бастау алады. Сол кездегі белгілі ғалымдарға Кеп- лер, Гюйгенс, Галилей, Ньютонды жатқызуға болады. Алғашқы институттар мен ғылым академиялары пайда бола бастайды. Мы- салы, 1662 жылы Лондон корольдік қоғамы, 1666 жылы Париж ғылым академиясы құрылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   60




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет