Білім беру бағдарламасы 6В01510 «География-Тарих»



бет2/60
Дата14.09.2022
өлшемі0,55 Mb.
#149557
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   60
Байланысты:
Жаратылыстануды оқытудың теориялық негіздері

4. Мақсаты мен міндеттері

Пәннің оқу бағдарламасының мазмұны төрт модульге бөлінеген.
«Жаратылыстануды оқыту әдістемесі» пәнін оқытудың мақсаты студенттерде өзара байланысқан көп астарлы дүниедегі жаратылыстанулық үрдістерді талдау, уақыттық-кеңістіктік заңдылықтарын, концепцияларын бағалау барысында тұрақты теориялық білімді меңгерту, алған білімді дидактикалық, әдістемелік, когнитивті және коммуникативті қызметінде іс жүзінде пайдалану, зерттеу дағдыларын қалыптастыру.
Курсты оқытудың міндеттері:
Жаратылыстану және гуманитарлық мәдениеттер, олардың өзара бірлігі, ғылыми әдісі, ғылыми танымның ерекшелігі мен құрылымы, ғылымның даму логикасы мен зандылықтарын біледі;
Дүниенің қазіргі заманғы жаратылыстану-ғылыми бейнесінің ерекшеліктеріне жан-жақты талдау жасай отырып индуктивті және дедуктивті ой қортындыларын шығара алады;
Материя құрылымының структуралық деңгейлері, микро-, макро- және мегадүниелер, дүниенің қазіргі ғылыми көрінісіне байланысты кеңістік пен уақыт ұғымдары, сақталу заңдары, табиғаттағы динамикаық және статистикалық заңдар, ірі процестерде энергияның айналу заңы, химиялық системалар, химиялық процестер энергетикасы, заттың реакцияласу қабілеті туралы түсініктер қалыптасады;
эволюциялық химия; материя құрылымының биологиялық деңгейінің ерекшеліктері, тірі системалардың зволюциялық принциптері, даму және көбею заңдары, тірі организмдердің көп түрлілігі — биосфераның құрылыстық негізі туралы түсініктерді меңгереді;
генетика және эволюция; биосфера — адам —ноосфера; адам: физиология, денсаулық, табиғатпен өзара қарым- қатынасы; адам — табиғаттың перзенті, антропогенез проблемалары, адам — биоәлеуметтік жан туралы түсінік қалыптастырады;

5. Оқыту нәтижелері

Студенттер пәнді игергеннен кейін білуі тиіс:
жаратылыстанудың адамзаттың материалдық және рухани мәдениетінің системасындағы орнын,
жаратылыстану-ғылыми мәдениет пен гуманитарлық мәдениетгің бірлігі мен өзара байланысын
дүниенің қазіргі жаратылыстану-ғылыми көрінісі мен негізгі концепциялардың ерекшеліктерін, қазіргі кезеңдегі түйінді мәселелерді


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   60




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет