Химиялық символдар. Химиялық таңбалар (символдар) – химиялық элементтердің қысқартылған әріптері. Олар латын әліпбиінің бір немесе екі әрпімен белгіленеді. «C» – көміртегін білдіреді (carboneum), «Al» – алюминий (aluminium).
Химиялық таңба химиялық элементтің бір атомын көрсетеді. 9-кестеде бізге таныс элементтердің атаулары және таңбалары көрсетілген.
Химиялық элементтердің таңбалары және атаулары
Химиялық таңбалардың көмегімен қарапайым және күрделі молекулалардың құрамын анықтап, жазба жүргізеді. Молекуланың құрамы химиялық формула арқылы беріледі. Мысалы: қарапайым зат – О2 (оттегі), S – күкірт, күрделі зат – CO2 (көмірқышқыл газы), H2О – су
Заттың химиялық элементін біле отырып, ол туралы көптеген қажетті ақпарат алуға болады. Қарастырып көрейік: H2SO4 – күкірт қышқылы формуласынан нені білуге болады? Бұл формула – аш екі, Эс О төрт деп оқылады.
Достарыңызбен бөлісу: |