Білім беру бағдарламасы 6В01510 «География-Тарих»


-дәріс. Энергияның көздері мен түрлері тақырыбын оқыту әдістері



бет44/60
Дата14.09.2022
өлшемі0,55 Mb.
#149557
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   60
Байланысты:
Жаратылыстануды оқытудың теориялық негіздері
Спецификация суммативного оценивания за 2, Кәсіптің құпия сырлары 10Ә
10-дәріс. Энергияның көздері мен түрлері тақырыбын оқыту әдістері
10.1 Табиғи және заманауи энергия көздері
10.2 Энергияны тұтыну
10.3 Энергияны шығару
5 сыныпта «Энергия және қозғалыс» бөлімінің энергияның түрлері мен пайда болу көздері тақырыбын оқыту барысында мұғалім оқушылардың көру арқылы есте сақтау, талдау жинақтау дағдыларын қалыптастыру үшін әр түрлі интербелсенді көрсету құралдарын, интернет сайдтарының мәліметтерін пайдаланып күнделікті өмір мен байланыстыу арқылы түсіндіру қажет.
Энергия өзара түрленуі, балама энергия көздері тақырыптарын оқыту барысында судың құлау күшін, жылу, Күн сәулесінің қуатын электр экнергиясына айландыру тәсілдерін оқушыларға түсіндірген тиімді. Оқушылардың белсенді ой әрекеттеріне жұмылдыру үшін оқу бейне фильмдерін, көрекі құралдарды пайдаланып өз бетімен білім алуларына баса назар аударып, кері байланысты тиімді ұймдастырудың маңызы зор.
6 сыныпта бұрын алған білімдерінің негізінде оқушылар Күннен, желден, судың құлау күшінен энергияның бөлінуі, тірі ағзаның энергияны сіңіруі, балама энергия көздерін анықтап, фотосинтездің жүруіне әсер ететін орта жағдайларын зерделеп, өсімдіктің көмір қышқыл газын сіңіріп ауаны оттегімен байытудағы маңызын анықтайды. Тақырыпты білім алушылардың жылдам меңгеруін қамтамасыз ету үшін жас ерекшеліктеріне сәйкес көркем бейнелі суреттерді, оқу бейне материалдарды ұтымды пайдаланып, қалыптастырушы және жинақтап бағалау барысында түсіну, қолдану, талдау, жинақтау бағалау сипатындағы тапсырмалар берудің маңызы зор. Ол оқушылардың өз бетімен ізденіп алған білімдерін іс жүзінде пайдалануға мүмкіндік береді.
Ежелгі адам және от. Адамдардың отты пайдаға жаратқалы бері миллиондаған жыл өтті. Отты жағу және оны сақтау өте күрделі және ұзақ уақытты қажет етті. Оттың жалыны жарық пен жылу берді, жабайы жануарларға қарсы қару ретінде қолданылды. Ұзақ уақыт бойы табиғи отты (найзағайдың және жанартаулардың атқылауынан пайда болған от) пайдаланған соң, адамдар өз беттерінше от жағу жолдарын іздестірді. Себебі табиғи от барлық жерде қолжетімді және тұрақты болмады.
Алғашқы отты шақпақ тастарды бір-біріне ұру арқылы алды. Кейінірек үйкеу арқылы алды. Ол үшін ағаш сүрегін тесіп, ол жерге таяқ немесе құрғақ бұтаны тіреп қойып алақанымен қатты ысқылаған.
Ұзақ жылдар бойы, отты өсімдік түрлерін (ағаш, бұта, қамыс, шөп) жағу арқылы алып келді. Кейінірек таскөмір, жанғыш тақтас және шымтезектен (торф) алуға болатынын үйренді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   60




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет