Білім беру бағдарламасы 6В01510 «География-Тарих»



бет45/60
Дата14.09.2022
өлшемі0,55 Mb.
#149557
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   60
Байланысты:
Жаратылыстануды оқытудың теориялық негіздері
Спецификация суммативного оценивания за 2, Кәсіптің құпия сырлары 10Ә
Күн – басты энергия көзі. Барлық энергия көздері Күннің энергиясымен байланысты (109-сурет). Бізге таныс көмір, мұнай және газ Күннің энергиясы арқылы тіршілік еткен органикалық заттардың қалдығы. Табиғаттағы су айналымы да Күннің энергиясы арқасында жүретін үдеріс. Олай болса, су стансыларының жұмысы да Күнге байланысты. Желдің күші жер бетінің әртүрлі қызуына байланысты. Бұл жерде де оның қызуына Күн сәулесі әсер етіп тұр. Мұхиттық ағыстар және судың толысуы Күннің энергиясына тәуелді құбылыстар.
Күн энергиясын тура пайдалануға мысал ретінде жылыжайды алуға болады. Жылыжайда жыл бойы үздіксіз көгөніс егіледі. Со- нымен бірге жаз айларында күн түсіп тұрған жерге суды ыдысқа құйып жылытып алуға болады. Күн стансыларындағы фотоэлектр элементтері арқылы электр алынады.
Заманауи энергия көздері. Энергияға деген сұраныс жыл өткен сайын артып барады. Нәтижесінде дәстүрлі отын түрлері аза- йып барады. Бұл мәселені шешу үшін энергияның басқа көздері іздестірілді. Барлық энергия көздерін қалпына келмейтін және қалпына келетін (оған баламалы энергия көздері де жатады) деп бөлеміз.
10.2 Энергияны тұтыну
Электр энергиясы. Адамдар алғашқы (бірінші) энергияны (көмір, газ, мұнай және т.б.) арнайы қондырғыларда, стансыда түрлендіруін қайталама (екінші реттік) энергия (электр энер- гиясы, будың энергиясы, ыстық судың энергиясы және т.б.) деп атайды. Барлық энергия түрлерінің арасында электр энергиясы қолдануға, тасымалдауға, үлестіруге, барлық шаруашылық сала- ларында пайдалануға ең тиімді ресурс түрі болып есептелінеді. Сондықтан да оны заманауи өркениеттің тірегі деп атайды
10.3 Энергияны шығару
Энергияны түрлендіру және тұтыну. Энергияны түрлендіре және пайдалана білу адамзаттың техникалық даму деңгейін көрсетеді. Адамдардың алғаш рет түрленген энергияны пайдалануы желкенді қайықтардың пайда болуымен байланысты. Желдің энергиясын, қайықтың немесе кеменің жүзуіне және жылдам қозғалуына пай- даланды. Ары қарай даму барысында желдің және судың энергия- сын жел және су диірменнің жұмысына қолданды.
Энергияның бір түрі екінші түрге түрленеді. Энергияны түрлендіру арнайы стансыларда жүргізіледі. Стансылардың ата- уында алғашқы энергияның қандай түрі, қайталама (екінші реттік) энергияға түрленетіні көрсетіледі.
Энергия алудың негізгі үш әдісі бар. Біріншісі – отынды (шымтезек, ағаш, көмір, мұнай, газ) жағу арқылы жылу энер- гиясын алу және оны тұрғын үйлерді, мектепті, кәсіпорындарды жылытуға пайдалану. Екінші әдісі – отынның құрамындағы жылу энергиясын механикалық жұмысқа айналдыру. Мысалы, өңделген мұнай өнімдерін автомобильдің, трактордың, пойыздың, ұшақтың қозғалуына пайдалану. Үшінші әдісі – отын жанған кездегі бөлініп шыққан жылуды түрлендіріп, электр энергиясына айналдыру.
ЖЭС – жылу энергиясын, электр энергиясына түрлендіретін жылу электрстансысы (111-сурет).
СЭС – судың ағысынан алынатын механикалық энергияны, электр энергиясына түрлендіретін су электрстансысы.
АЭС – ядролық отынның атом энергиясын, электр энергиясына түрлендіретін атом электрстансысы.
СКС – мұхит суының көтеріліп, төмен түскен кездегі энергия- сын электр энергиясына түрлендіретін судың көтерілу стансысы.
ЖелЭС – желдің энергиясын электрге түрлендіретін жел электр- стансысы.
Қазақстанда электр энергияның 90%-ға жуығын ЖЭС-нан ала- ды. Жылу электрстансыдағы отын өндірістік мақсатта электр энер- гиясына, ыстық суға (жылу энергиясы) және буға (бу энергиясы) түрленеді
Қазып алына- тын отын түрлерінің жетіспеушілігі, олардың біркелкі таралма- уы, өндірудің қиындығы және шығынның көп болуы, әртүрлі экологиялық мәселелердің туындауы дәстүрлі энергетиканы өнді- румен байланысты болды. Бұл мәселелерді шешудің ең оңтайлы жолы табиғатты қорғайтын және ресурсты үнемдейтін жаңа техно- логияларды қолдану арқылы электр энергиясын өндіру.
Күн, жел және су алдағы 30 жылдың көлемінде Жер шарын мұнай-газға тәуелділікті толығымен жоюы мүмкін. Көмірсутегінің қоры осы уақытқа дейін жетуі мүмкін. Сондықтан да оның орнын басатын баламалы ресурсты табуымыз керек. Дәстүрлі отын түріне тәуелділік, өркениеттің жойылуына алып келуі мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   60




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет