Білім беру бағдарламасы 6В01510 «География-Тарих»


-дәріс. Қозғалыстың салыстырмалылығы. Сұйықтың, газдыңжәне қатты денелердің қысымы тақырыптарын оқыту әдістері



бет46/60
Дата14.09.2022
өлшемі0,55 Mb.
#149557
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   60
Байланысты:
Жаратылыстануды оқытудың теориялық негіздері
Спецификация суммативного оценивания за 2, Кәсіптің құпия сырлары 10Ә
11-дәріс. Қозғалыстың салыстырмалылығы. Сұйықтың, газдыңжәне қатты денелердің қысымы тақырыптарын оқыту әдістері
11.1Заттың кеңістіктегі орны.

    1. Салыстырмалы қозғалыс Санақ денесі

11.3 Адамның тірек-қозғалыс жүйесі
Заттың кеңістіктегі орны. Мысалы, оқушы сыныптағы бір заттың орналасқан жерін сипаттауы керек. Сипаттаған кезде, оны келесі оқушы кідірместен табатындай етіп, дәл жеткізу қажет. Заттың орналасқан жерін анықтағанда, салыс- тырмалы түрде жанында орналасқан денеге байланысты орны анықталады. Мысалы бұлақты табу керек: «Шеткі үйдің шығыс бұрышына барып, солтүстікке қарап тұр, осы жерден 130 қадам аттағаннан кейін, тура шығысқа қарай бұрыл да ары қарай 150 қадам жасасаң, бұлақты табасың». Мұндай жолмен бұлақты таба алмаймыз. Неге?
Себебі қай денеден бастау керектігі нақты берілмеген. Қай үй, ол үй қай жерде орналасқаны анықталмаған. Сондықтан да іздеп отырған бұлақты табу үшін, алдымен оны қай денеден бастап есеп- теу керегін біліп алу керек. Мұндай денені, физикада санақ денесі деп атайды. Ол денені өз беттеріңше анықтап алуларыңа болады. Мысалы, сыныптағы немесе бөлмедегі картинаның орналасқан жерін анықтау үшін, екі санақ денесін алып сипаттап көріңдер.
Санақ жүйесі, механикада — материалдық денелер мен нүктелердің қозғалысын (немесе тепе-теңдігін) салыстырып зерттеуге арналған бір не бірнеше денелерге орналасқан координаттар жүйесі мен сағаттар жиынтығы
Сипаттауларыңды салыстырыңдар, бір-біріне ұқсайды ма екен?
Вагонға кіріп отырған соң, пойыздың жүруін күтеміз. Терезеден қатар тұрған жолдағы электричканы бақылаймыз. Пойыз немесе электричканың қайсысы жүріп бара жатқанын бірден анықтай ал- май қаламыз. Оны көзге көрініп тұрған, қозғалмайтын бір дене арқылы анықтаймыз. Яғни вагонның қандай жағдайда екенін әртүрлі санақ денесі арқылы анықтаймыз
11.2 Салыстырмалы қозғалыс
Салыстырмалы қозғалыс. Кез келген дененің кеңістіктегі орналасқан жері салыстырмалы түрде келесі дененің орналасқан жеріне байланысты анықталады. Дене бір мезетте, бір денеге бай- ланысты қозғалуы және қозғалыссыз тұруы мүмкін. Мысалы, алыстан велосипедшіні көріп тұрмыз.
Бірақ ол жүріп келе жатыр ма немесе тоқтап тұр ма, бірден анықтау қиын. Оның жүріп келе жатқанын білу үшін, оны айналасындағы басқа дене- мен салыстыру керек (ағаш, ағаш өсіп тұрған төбе және т.б.). Егер де велосипедші салыстырмалы түрде аталған денелерге қарағанда орнын ауыстырса, салыстырмалы түрде басқа денеге қарағанда жүріп келе жатыр дейміз.
Ұшақпен ұшып келе жатқан адам, ұшақпен салыстырғанда креслода тыныш күйде отыр, бірақ жерге қарағанда қозғалып келе жатыр (120-сурет). Бұл жерде әртүрлі санақ жүйесі қолданылған. Салыстырмалы қозғалыстың негізі де осында.
Дененің қозғалысын сипаттайтын, физикалық өлшемдер (жылдамдық, үдеу, орнын ауыстыру), сонымен бірге траектория- сы, бір жүйеден екінші жүйеге ауысқан кезде санақ денесінің таңдалуына байланысты өзгеруі мүмкін. Салыстырмалы қозға- лысты анықтау осыған байланысты.
Салыстырмалы қозғалыс дегеніміз – санақ басымен салыстырғандағы дене орнының өзгеруі. Мысалы жылдымдық, жол, траектория және басқаларының барлығы бақылаушыға байланысты салыстырмалы түрде айтылады. Әртүрлі санақ жүйесінде олардың сипаты әртүрлі болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   60




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет