4-дәріс. Жердің құрылысы. Жер қабықтарының өзара байланыстары тақырыбын оқыту әдістері
4.1. Жердің ішкі құрылысы
4.2.Жердің қасиеті және оның салдары
4.3. Жер қабықтарының өзара әрекеттесуі
4.4.Жердегі тіршіліктің пайда болуы туралы гипотезалар
5-6 сынып оқушылары үшін Жердің ішкі құрылысы, оның құрамдас бөліктері арасындағы зат пен энергия айналымы, жерсілкіну, жанартау атқылау сияқты күрделі үрдістерді түсіндіру үшін сызба нұсқалар, суреттер, оқу бейне фильмдер көрсетіп оны сабақ барысында өзекті жағдайлар тудырып біртіндеп шешу арқылы түсіндірудің танымдық маңызы зор.
Біздің плане тамыз ортасындағы ядросынан бастап, атмосфераның жоғарғы бөлігіне дейін бірне ше қабаттардан тұрады. Литосфераның жоғарғы қабаты (жер қыртысы) жер бе тіндегі барлық сулар – гидросфера, жерден 20 шақырым биіктікке дейінгі атмосфераныңтөмен гі қабатын және бүкіл тірі организмдердің өмір сүру аймағын қосып – географиялық қабық дейміз
Же рдің ішкі құрылымы жер қыртысы, мантия және ядро деген қабықтардан тұрады. Солардың арасында ең жұқасы жердің үстіңгі қабығы – жер қыртысы. Ол арқылы өзендер ағып, ормандар өсіп, таулар көтеріліп, елді мекендер салынуда.
Жер қыртысы Мохорович бөлімі арқылы мантиядан ажыратылған. Мохорови-чич бөлімі биіктаулардың астында 80 км тереңдікке түседі, жазықтықтар астында 30—40_км тереңде салыстырмалы бірыңғай орналасады, мұхит түбінде 10 км-ге дейін көтеріледі. Орташа жер қыртысының қалыңдығы континенттермен салыстырғанда мүхит астында бес есе аз. Мұхиттың және континенттік қыртыстың айырмашылығы бір ғана қалыңдықта емес.Мұхит қыртысы екі.қабатты: құрамы базальтқа жақын (орташа тығыздығы 2,85 г/см3 жуық)тау жынысы қабаты, оның бүкіл дерлік беті шөгінді жыныстармен жамылған. Континенттік қыртыста базальтты қабат пен шөгінді жыныстар арасында гранитті. қабат бар, яғни ол үш қабатты.
Мантия — Мохоровичич бөлімінен темейдеу 2900 км тереңдікке дейін орналасқан. Ғалымдар мантияның температурасы бетінде 100—-150° С-тан ядроның шекарасында 3800° С-қа, дейін деп болжайды. Заттың тығыздығы тереңдеген сайын үздіксіз еседі: 3,5 г/см3-ден 5,2 г/см3-ке дейін. Жоғарғы мантияда континеиттің астындағы 100;—200 км, мұхиттың астындағы 50—60 км терендікте астеносфера (әлсіз сфера) жатыр.
Астеносферада температура балқу температурасына жақын, бірақ үлкен қысым заттың балқуына мүмкіндік бермейді. Бұл зат өте тұтқырлы болғандықтан қысымның салдарынан баяу ағуы да мүмкін. Астеносферадан жоғары жатқан қабаттар: мантияның кристалды жыныстардан түзілген ң жоғарғы бөлігі мен жер қыртысы қосылып литосфера (тасты сфера) деп іаталады. Жарылулар арқылы плиталарға бөлінген литосфера «аққан» астеносферамен бірге жылжуы мүмкін. Жарықтар бойымен плиталарды жылжыта отырып, астеносфера заттары кейбір жерлерде жер бетіне көтеріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |