Байланысты: Жаратылыстануды оқытудың теориялық негіздері
2.4 Жаратылыстану бағытындағы ғылыми зерттеулерде қолданылатын өлшем бірліктер Метрикалық өлшем жүйесінің қалыптасу тарихы мен дамуы. Ұзақ уақыт бойы көптеген елдердің өздеріне тән өлшем бірлігі бол- ды. Бұл өлшем бірлігі басқа елдермен сауда-саттық жасау кезінде әртүрлі қиындықтар туғызды. Бір өлшем бірлігінен екінші өлшем бірлігіне есептеуді қажет етті. Бұл үдеріс XVIII ғасырдың аяғына дейін созылды. Осы кездері Франция мемлекеті сауданы дамы- ту үшін, әртүрлі өлшем бірліктерін бір жүйеге келтіруді қолға алды. Бірліктер табиғи эталондардың негізінде алынған болатын. Мысалға алатын болсақ, бір метр – париждік меридианның 1/40 000 бөлігі, килограмм – 1 куб дециметр судың салмағы және т.б. Эталондар Францияның Севре қаласындағы Халықаралық өлшем және салмақ бюросында сақтаулы тұр. Килограмның эталоны – платина мен иридий қоспасынан жасалған цилиндр.
Эталоннан дайындалған көшірмесін дүниежүзінің елдері пайдаланады. Кейіннен басқа да эталондар қабылданды.
Метрикалық өлшем жүйесі дүниежүзі бойынша бірліктерді сәйкестендіру базасына айналды(2-кесте).