Білім беру бағдарламасы 6В01510 «География-Тарих»


Ғылыми зерттеу жүргізуді жоспарлау және ұйымдастыру



бет19/60
Дата14.09.2022
өлшемі0,55 Mb.
#149557
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   60
Байланысты:
Жаратылыстануды оқытудың теориялық негіздері

2.2 Ғылыми зерттеу жүргізуді жоспарлау және ұйымдастыру
Зерттеудің мақсаты және міндеті. Зерттеудің мақсаты жұмыс аяқталғанша міндетті түрде шешімі шығарылуы қажет соңғы нәтиже. Алға қойған зерттеудің мақсаттары: ... анықтау,
Зерттеу нысаны және пәні арқылы зерттеудің мақсаты анықталынады.
Алға қойған мақсатқа жету үшін, келесі кезеңде зерттеудің міндеттері айқындалуы тиіс. Міндетті дұрыс және нақты қоя білу керек. Сол арқылы зерттеудің нақты және дұрыс жоспары пайда болады.
Зерттеудің креативті әдісі және мәселені шешу. Зерттеу практикасы алға қойған міндеттерді шешу үшін шығармашылық тәсілді талап етеді. Зерттеудегі шығармашылық сұрақтар антик дәуірдің өзінде қолға алынған болатын. Оратор өнерінің римдік теоретигі Квинтилиан кез келген міндетті шешуге болатын жеті сұрақтың сызбасын ұсынды.

1

Кім?

Субъект

1–2

1–3

1–4

1–5

1–6

1–7

2

Не?

Нысан

2–3

2–4

2–5

2–6

2–7




3

Қайда?

Орны

3–4

3–5

3–6

3–7




4

Қашан?

Уақыты

4–5

4–6

4–7




5

Немен?

Құралы

5–6

5–7




6

Қалай?

Әдісі

6–7




7

Неге?

Себебі (мақсаты)




Осы сұрақтарды байланыстыра отырып, зерттеуші мәселені нақты анықтап, алға қойған міндеттерді шешуге толық кірісуіне болады Зерттеудің нақты жоспарын құру нәтижесінде, табиғатты зерттеудің ғылыми әдістерін іс жүзінде қолданып үйренеміз. Нақтылап айтатын болсақ: табиғи нысандармен жұмыс жасай білу, ақпаратты, әдебиеттерді таңдай білу, әртүрлі сандық құрал- жабдықтарды пайдалана білу, орындалған жобаға тұжырымдама және қорытынды шығара білу, жұмыс барысына бақылау жасай алу.


2.3 Бақылау және зерттеу нәтижелерін өңдеу, сараптау
Бақылау және зерттеу нәтижелерін - бұл зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында алған нәтижелерін талдап,жинақтап, қолытындыларын белгілі бір формада ұсынуы.

Географиялық зерттеу нәтижелерін ұсыну формалары
Ғылыми-зерттеу нәтижелерді үш формада: 1)ауызша түсіндіру (вербальды); 2) басылымдарда жариялау; 3) электронды нұсқада ұсынылады. Олардың барлығы мәтіндік, символды-белгілі, графиктік, зат тәрізді ақпараттар нұсқаларына жатады. Сондықтан зерттеу нәтижелерін рәсімдеу мен ұсынуды мәліметтерді сипаттау әдісінен бастайды..


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   60




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет