Білім беру бағдарламасы 6В017 «Қазақ тілі мен әдебиеті», В37 «Филология:қазақ тілі»



бет9/46
Дата10.12.2021
өлшемі0,56 Mb.
#78947
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   46
Байланысты:
Адебиеттануга кириспе 2020
2-лекция, 2-лекция
Дәрістің мақсаты: Әдебиеттің бейнелеу қызметінің өрістеуі ол живопись, мүсін, сахналық және экрандық өнер түрлеріне қарағанда, заттық емес түрде болды, яғи тура мәніндегі көрнекі бейнелеуді көрсетпейді. Осы ерекшелік әдеби шығармалардың бейнелеу түрлілігін әр қилы ете бастауын қарастыру.

Образдың жасалу тәсілдеріне лайық оның түрлері туады. Образдың жасалу тәсілдерінің әр алуандығы сияқты, оның түрлері де әр алуан.

Образдың түрлерін белгілеудің бірнеше (әдістік, тәсілдік, текттік) факторлары бар. Көркемдік әдіс тұрғысынан келгенде, образ екі түрлі романтикалық образ, реалистік образ. Әдеби тек тарапынан келгенде, образ үш түрлі: эпикалық, лирикалық, драмалық образ. Ал жалпы жасалу тәсіліне қарай образ юморлық, сатиралық, фантастикалық, трагедиялық, геройлық образ т.б. бөлінеді.

Романтикалық образ - әдебиеттегі адам бейнесінің байырғы түрлерінің бірі. Бұл образдың алғашқы үлгілері баяғы көне дүние әдебиетінде, мифте, қала берсе, қай қай халықтың болса да, ауыз әдебиетінде жатыр

Реалистік образ - әдебиетегі адам бейнесінің ең шынайы түрі. Бұл – кәдімгі өмірде болған бар және бола беретін, бірақ қайталанбайтын, әрқашан бұрын-соңды белгісіз тың қырынан көрініп, ылғи жаңарып отыратын тип. Реалистік образ – нанымды образ. Өйткені суреткер шыншыл образ жасау үстінде өзін шындық шеңберінен шығармайды.

Реалистік образ – типтік образ. Өйткені, өнердегі шыншыл образ өмірдегі бір адамнан ғана көшірілген жоқ, бірнеше адамнан жинақталып және творчестволық қиялға суырылып шығарылған.

Әдеби тектер (эпос, лирика, драма) тұрғысынан үш түрге бөлінеді.

Эпикалық образ – кескін кейпі, мінез-құлқы, іс-әрекетімен тұтас көрінген әрі толық жинақталған, әрі әбден дараланған тип. Мүсіндеу мен мінездеу, диалог пен монолог, түрліше сезімдер мен харекеттерді суреттеу секілді көркем бейне жасаудың көп-көп амал-тәсілдері әсіресе эпикалық образ үшін керек.

Лирикалық образ – сыршыл, өлең-жырлардағы ақынның өз бейнесі, оның ішкі бітімі; ақынның мың иірім көңіл күйінен нәзік сыры мен сылқым сезімінен өріліп жасалған өзгеше кейіпкер.

Драмалық образ – эпикалық не лирикалық образдар секілді қағаз бетінде емес, тура өмірдің өз аясында – сахынада көзбе-көз, қолма-қол жасалатын көркем бейне. Бір кемшілігі эпикалық, лирикалық образдар сияқты ұзақ өмір сүре алмайды, көрген адам санасында тек әсері мен елесі ғана қалады.

Образдың жасалу тәсіліне қарай геройлық, трагедиялық, фантастикалық образдар, тюморлық және сатиралық түрлері жасалады.

Юморлық образ – күлкілі кейіпкер; юмор өмірдегі кісі күлерлік құбылыстардың өнердегі сәулесі. Юморда күлкілі құбылыстардың ең бір майда, зиянсыз түрлері алынады. Юмордағы күлкі - әзіл; ал әзіл келемежге айналса – ирония, келемеж ащы мысқылға айналып, сын үдей түссе – сарказм болғаны.

Сатиралық образ – ұнамсыз тип. Сатира өмірдегі кеселді, келеңсіздікті, кері кеткендікті қаза қопарып, көптің көз алдына-көрініске шығарады, қағып-сілкілейді, мысқылмен түйрейді. Сықақ етеді, көпті одан түңілтеді.

Сатираның юмормен бірлігі – мұнда юмордағы кеселді күлкі болады, бірақ бұл күлкі жай әзіл, ажуа емес, ызалы күлкі мазақ, сықақ, мысқыл, кескін, мұндағы күлкі кекті күлкі.

Геройлық образ – ұнамды кейіпкер; адамға тән небір тамаша сипаттардың жинағы секілді сом тұлға, өз дәуіріңнің ең аяулы, асыл мұратынан туған тарихи тип.

Типтендіру деген суреткердің іс жүзінде өмір шындығын өз дүниетанымы тұрғысынан белгілі бір уақыт пен кеңістікке, әлеуметтік орта дәуірге сай талғап-тануы, таңдап іріктеуі және жинақтауы, сол арқылы өзі жасап отырған көркем бейнені сомдауы, тұлғаландыруы, даралауы болып табылады.

Жазушыға тип жасау әрекетінің үстінде керегі – типтілік туралы қисын емес, тірі мүсін прототип.Әр жазушының твочестволық лабороториясына үңілген адам оның өмір шындығын көркем жинақтау; яғни әдеби бейнелерді типтендіру әрекеті, көбіне, әр типке прототив табудан басталғанын байқауға болады. М.Әуезовтың әр типінің өмірде прототипі болған. С.Мұқановтың Амантайының төркіні Амангелді т.б.

Шындық құбылыстарды типтендіре жинақтау арқылы суреткер болашақ образдың немесе типтің жалпы бітім, тұлғасын қалыптастырумен бірге оның ішкі мінезін даралайды. Әрбір әдеби тұлға тек өзіне ғана тән, өзгелерде жоқ психикалық ерекшеліктері болуы шарт. Мінез адамның ішкі болмысы, белгілі қоғамдық жағдай қалыптастырған мінез-құлқы, барлық психологиялық ерекшеліктерінің жиынтығы.

Бейнелеу – образдылық болса, бейне образ. Образ – эстетикалық мәні бар, ойдан шығару арқылы әрі нақты, әрі жинақты жасалған адам өмірінің әсем суреті. «Талантты жазушының әр образы тип» дейді Белинский.

Көркем әдебиеттегі жинақтау – типке әкелсе, даралау – мінезге әкеледі. Образ осылай туады.

Мінездеу тура және жанама мінездеу. Жанама мінездеуде төтесінен сипаттамайды, жазушы суреттегісі келген кейіпкерінің мінез-құлқын әдет-ғұрпын анықтағысы келген кейіпкердің өзін емес, соның қатысы барөзге заттарды суреттеу арқылы әлгінің өз құлқын не ғұрпын айқындайды.

Әдебиеттегі Адам образын жасаудың жолдары мен тәсілдері көп және әр алуан. Әдебиеттегі адамның ішкі бітімімен қатар сырт келбетіде (портретін) көрсетіледі. Сөз өнеріндегі портрет, ол – бір қалыпты қатып тұрып қалмайтын, өзгеретін, қозғалатын жанды келбет, тірі кескін. Адамның сырт пішінімен бірге ішкі мінезін аңғаруға болады.


№5. Тақырыбы: Көркем шығарманың тілі

1. Ауызекі тіл мен әдеби тіл.

2. Көркем әдебиет тілі, яғни поэтикалық тілдің ерекшеліктері оған қойылатын талаптар. (Л.Толстой, М.Шолохов, Ғ.Мүсірепов т.б жазушы тілі туралы).

3. Шығарманың жанрлық ерекшелігі және тілі.

4. Тілдің тура және ауыспалы мағынада қолданылуы.

5. Троптар. Оның эпитет, теңеу, метафора, символ т.б. түрлері. Олардың жасалу жолдары мен көркемдік қызметі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   46




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет